Биологиялық мембраананың түрлері мен олардың қызметтері.

Клеткалық мембраналар атқаратын қызметтерді былайша топтауға болады:

  1. Тосқауылдық қызмет. Мұның мәнісі – мембрана арнайы меха­низмдердің  көмегімен  еркін диффузияға кедергі келтіре отырып, концентрациялық градиенттер тудыруға қатысады. Ал бұл электрогенезде – электр тогын тудыруда (тыныштық  потенциалы, әрекет потенциалы, биоэлектрлік толқындарды тартату механизм­дерінде) үлкен роль атқарады.
  2. Реттеуші қызмет. Клетка сыртындағы биологиялық белсенді заттар әсерін сезу арқылы клетка ішіндегі орта  құрамы мен  ондағы реакцияларды нәзік реттеуді іске асыру. Бұдан мембранадағы ферменттік жүйелер белсенділігі өзгереді және соңғы аралық заттар механизмі  іске қосылады.
  3. Мембранадағы рецепторлар табиғаты электрлік емес сыртқы әсерлерді электр сигналдарына (қозу толқын­дарына) айналдырады.
  4. Синапстық соңғы тармақтар ұшындағы нейромедиатор­лар­­ды  босатады (өткізеді).

Мембраналар клеткалардың өте маңызды барлық  функцияларына  қатысады. Мембраналар заттарды белсенді тасымалдауды қамтамасыз етеді. Мебранада негізгі биоэнергетикалық процесстер тотығып фосфорилдену және синтездеу жинақталған. АТФ митохондрия мембранасында, жасыл өсімдік хлоропласттың  мембранасында синтезделеді. ДНК-ның және хромосоманың репликациясы мембрананың  қатысында жүреді.

Биоэнергетикалы маңызды процестерге биоэлектрлі биопотенциалдың генерация құбылысы жатады. Нерв импульснің таралуы мембраналық процесс. Механикалық, акустикалық, иіс сезу, дәм тату, көру рецепциялары міндетті түрде мембрананың қатысында жүреді.

Осы айтылғандардан мембрана биофизисының негізінің бірі болып табылады. Мембрана физикасы және биология теориялық ғылымдар үшін, және оның медицинада және фармакология үшін іргелі (фундаменталды) маңызды мәнге ие болады.

Мембрана физикасының негізгі мәселелері:

  1. Мембрананың құрылысы, оның функционалдығын анықтайтын мембрана құрылысының динамикалық қасиеті.
  2. Пассивті және активті мембраналық транспорт (тасу).
  3. Қоздырылған (возбудимых) мембрананың қасиеті.
  4. Мембрананың биоэнергетикасы.
  5. Рецепция процестерінің физикасы.
  6. Кестелерді толтыру:

 

Жасушалық органелінің өмір сүруінің басты шарттары

           

Анықтамасы

Біріншіден

 

 

 

Екіншіден

 

 

 

Үшіншіден

 

 

 

 

 

Кім және қай жылы?

Биологиялық мембрана құрылысының алғашқы моделін ұсынды

 

 

Мембрананың электрлік параметрлік зерттеген ғалым

 

 

Б.М.сұйықтық-мозаикалық моделін ұсынды

 

 

 

Эритроциттер мембранасынан алынған липидтердің бир қабатының ауданы эритроциттердің аудандарының қосындысынан екі есеге жуық үлкен болатынын дәлелдеген

 

 

 

Тест

1.Өздігінен өмір сүретін дамитын және көбейетін элементар тірі жүйе?

     А.тірі жасуша  Б.жануарлар мен өсімдіктер   В.қоршаған орта  Г.ядро

2.Жасуша биофизикасының маңызды бөлігі?

     А.адам ағзасы  Б.патологиялық себеп В.мембрана биофизика                                                                                                                                                                                                   Г.функциясы

3.Б.М. негізгі қанша қызметі бар?

      А.3             Б.4                В.  6                 Г.5

4.Көпшілік аурулар мембрана қызметінің қалыпты күйден қандай күйге ауысуынан болады?

  А.физиология   Б.патологиялық   В.химиялық  Г.биологиялық

5.Молекулалық топта жұпсыз электрондар болама?

  А.жоқ   Б.мүмкин  В.мүлдем болмайды  Г.иа

6.Фосфолипид молекулаларының флип-флопта өту мөлшері қанша сағат?

  А.3                Б.4                 В.2               Г.1

7.Жасушалық органельнің басты шарттары қанша?

  А.2             Б.1              В.3            Г.4 

8.Жасуша басқа тілде ?

  А. Клетка   Б.барьерлік   В.концентрация  Г.селектив

9.Мембрананың электрлік параметрлік зерттеген ғалым?

    А.Коул       Б.Кертис      В. Отвертон        Г. Гортер

10.Биологиялық мембрананың сұйықтық мозоикалық моделлін ұсынды?

  А.Коул мен Кертис   Б.Грендель  В.Сингер мен Никольсон Г.Коул

11.және қай жылы?

   А. 1902            Б.1935            В.1925           Г.1972

12.Флюоресценттік жарықты шығаратын молекулаларды қалай зерттейміз?

   А.микроскоп    Б.тонометр  В.лупа   Г.барометр

13.Мембраналық фосфолипидтер молекулаларының мембранаға көлденең диффузия?

   А.флюоресцент  Б.ЭПР  В.флип-флоп  Г.Б.М.

14.Молекулалық топта қандай электрондар бар?

      А.жұп           Б.тақ                В.оң              Г.жұпсыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *