Қазіргі кезде ғылым мен білім беру саласындағы жаңа инновациялық технологияның даму сатысы кез келген пәнді жаңаша оқытудың әдіс- тәсілдерін меңгеруді алға тартады.Осы тұрғыдан алғанда, физиологиялық үдерістер негізінде пайда болған биофизика пәні де жаңаша ойлауды жетілдіріп, алға қойған талаптарды қанағаттандыру қажет еді.
Биофизиканың оқытатын нысаны— физикалық және физикахимиялық үдерістерді оқып, үйрену болып табылады.Биофизиканың бұдан да кеңірек ұғымды білдіретін анықтамалары бар.Мысалға Нобель сйлығының лауреаты А.Сент-Дьердьи «биофизика- өмірдегі қызықтың бәрі»,- деп тұжырымдаса, 1892 жылы Карл Пирсон өзінің «Ғылым практикасы» атты еңбегінде «…биология- морфологияның, эмбриология мен физиологияның фактілері, жалпы физикалық заңдардың белгілі бір формадағы дербес жағдайлары болып табылады және ол этиология деген атқа ие болды…Одан да оны биофизика деп атаған өте дұрыс болар еді», — деп өз пікірін білдірді.Осыдан кейін А.Фик және ілі шала басқа неміс ғалымдары білімнің бұл саласын медициналық физика деп атады, алайда француз физиологы Ж.А.Д Арсонваль К.Пирсонның ұсынысында дейін –ақ «медициналық физика» терминін «биологиялық физика» деп өзгертуді жөн көрді. Заманауи биофизика биологиялық жүйелердегі физикалқы және физика- химиялық үдерістер механизмін, субмолекулалық, молекулалық, молеккуладан жоғары, жасушалық, ұлпалық ағза мүшелері мен ағзалық деңгейде қарастырады.Зерттеу нысандарының табиғаты жағыныан, биофизика- кәдімгі биологиялық ғылым.Биологиялық нысандарды оқып-үйрену әдістері мен зерттеулер нәтижелерін талдау бойынша биофизиканың өзіндік бөлімі болып табылады.Ол биология ғылымының алдыңғы шебінде адамзат білімінің ескі гуманистік қағидаларын нақты ғылымға айналдырды.Биологиялық құбылыстардың талдауына физикалық принциптерді енгізу медицинада оның тек пән ретінде ғана емес, ғылым ретінде қалыптасуына ықпал етті.
Биофизика туралы, оның жаңа, жас ғылым саласы екендігі туралы жиі айтады.Орыстың ұлы физиктерінің бірі П.Л.Капица былай деп ажзды: «Биофизика- нағыз жаңа сала, ол биохимиямен бірге ескі классикалық физиологияны алмастыруға келді.Физиологиялық үдерістерді жалпылама оқытудың орнына, биофизика мен биохимия тіршілік иесі ағза мүшелерінің жеке мүшелерін бөліп қарастырады және оларды физика мен химияның негізгі заңдары арқылы тікелей түсіндіруге тырысады». Шындығында биофизика жеке ғылым ретінде салыстырмалы түрде әріде жатыр. Мысалы, Г.Галлилейдің кейбір ізденістерін (дене температурасын өлшеу, адамның атқарған жұмысын анықтау және т.б) биофизикалық зерттеулерге жатқызуға болады.
Медицина саласында биофизиканы оқытудың ең бірінші қажеттілігі мынада:біздерге физиканы оқытудың мектеп курсынан белгілісі, «физика» гректің «фьюзис», яғни табиғат деген сөзінен шыққан ғылым.Ал адам осы табиғаттың аса маңызы да, бірегей мүшесі.Олай болса, адам ағзасындағы барлық физиологиялық үдерістер физика заңдары арқылы түсіндірілуі тиіс.Сөзіміз дәлелді болу үшін солардың бірнешеуіне тоқталып кетейік. Адам қатынасының басты құралы ретінде қолданып жүрен сөйлесу үдерісінің өзі физиканың акустика бөліміндегі дыбыстың белгілі бір ортадығы таралу заңдарымен түсіндеріледі.Яғни адам құлағының қабылдау үрдісі кеңістікте таралатын дыбыс тербелістерінің құлақ жарғақтарын тербелімке келтіру арқылы жүзеге асатындығын, оның қаттылығы мен жоғарылығының дыбыстың қарқындылығы мен жиілігіне тәуелді болатынын, сайып келгенде физиологиялық үдерістердің физика заңдарымен тікелей байланыса бар екендігін түсіндіруге болады.
Өзін- өзі тексеру сұрақтары:
- Биофизиканың оқытатын нысаны?
- «Биофизика- өмірдегі қызықтың бәрі»,- деп тұжырымдаған кім?
- «Медициналық физика» терминін «биологиялық физика» деп өзгерткен кім?
- Адам қатынасының басты құралы ретінде қолданып жүрен сөйлесу үдерісі физиканың қай бөліміне жатады?