БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ

Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан даңқты жа-
уынгер қолбасшы, белгілі жазушы, стратег жəне тактик, Кеңес одағының батыры. Əскери академияларда дəріс берген. Сұрапыл соғыс кезінде қаһармандық ерлігімен, ұрыс жүргізудегі əскери шеберлігімен ерекше көзге түсіп, аты аңызға айналған тұлға. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Бауыржан Момышұлының Мəскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі жайлы орыстың белгілі жазушысы А. Бек
«Арпалыс» атты повесін жазған. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылған.

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындық.
***
Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік — жігіттің қасиеті.
***
Ата-ана қадірін біле алмаған — халық қадірін біле алмас,
Халық қадірін білмеген — ата-ана қадірін біле алмас.
***
Отбасының өнегесі — Отан өнегесі.
***
Халықтық дəстүр — асыл мұра.
***
Халықтық тəжірибе — бүгінге ғана емес, ертеңге де керек қазына.
***
Тəрбиелі — тəртіптің құлы,
Тəртіпті — елдің құлы.
***
Тəртіпсіз ел болмайды, тəртіпке бас иген ел — құл болмайды.
***
Отан үшін отқа түс — күймейсің.
***
Бізде ер атасы — махаббат, өмір атасы — халық, ел намысы — ер қолында, ер намысы — ел қолында.
***
Біз — намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес күшіміз сонда.
***
Ер істеді дегенше — ел істеді десеңші.
***
Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден тайсалма!
***
Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін.
***
Опасызда Отан жоқ.
***
Отан от басынан басталады, демек, өз бесігің, өз үйің.
***
Ел үшін аянба — ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба — жігіттігіңе сын.
***
Ел бақыты ер қолында.
***
Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді.
***
Елсіз ер болмайды, жұртсыз жұрт болмайды.
***
Ежелден ел тілегі — ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса — ел тілегі.
***
Парыз сезімі, адамгершілік — жеке басының, ұлттың, Отанның мақтанышы.
***
Атамекен жері үшін,
Қасиетті ел үшін
Болмай қалар кім батыр!
***
Отан — адамның туып-өскен жері, атамекені, ел-жұрты, табиғат байлықтары, халқы, қоғамдық жəне мемлекеттік құрылысы, тіл, мəдениет, тұрмыс-салт, əдет-ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ.
***
Біз де сүйектен, еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегіміздегі қауіп-қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарақ — ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *