Қазақ əдебиетінің алып бəйтерегі, көрнекті суреткер ақын-жазушысы. Туып-өскен жері қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бүгінгі қазақ əдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Өз шығармаларында сауатсыздықпен күресті алға тартқан. Бейімбет Майлин проза, поэзия, драматургия салaларында бірдей еңбек етіп, қазақ əдебиетінде сатира жанрын қалыптастыруға да зор үлес қосты. Қазақ прозасындағы əңгіме жанрына ерекше реңк берген оның туындыларының тақырыбы сан алуан, оның ішінде отбасы, əйел теңсіздігі тақырыптары да қамтылған.
Барлық қазақ иемденіп жұмақты,
Басқаларға орын қалмай жүрмесін.
***
Жан біткендер іздеп жатыр керегін,
Тұр, қалғыма, көтер басты, əй, қазақ!
***
Құтты болсын, Алаш ұлы, тілегің!
Көп жыл жүріп қолға түскен теңдігің.
***
Жарық сəуле өндіретін қазаққа,
Мəңгі жылдар жасасын Алаш ордасы!
***
Келді кеңдік, туды теңдік басыңа,
Қатын, еркек, кəрі менен жасыңа.
Туысқанды, құрдастықты асыра,
Адалдықты араңдағы жой, қазақ!..
***
Оқу — білім бұлағы,
Оқыса елдің ұланы, —
Тірілтіп, елге жан бітіп,
Елі үшін жұмақ қылады.
***
Бəрін айтпа, бірін айт,
Коллективтің жырын айт.
***
Ай, штат, не қылмадың қазағыма,
Салдың ғой момындарды азабыңа.
Байларға мыңды айдаған күлгірленіп,
Алдаумен іліктірдің тұзағыңа.
***
Қазақ боп іс қыл,
Бірлікпен күш қыл.
***
Сен үшін туып,
Белімді буып,
Кірістім қызмет қылмаққа.
***
Жұртты сүйер ерлер шығып қолбасы,
Саф азамат бағылан болып жолдасы.
Жарық сəуле өндіретін қазаққа,
Мəңгі жылдар жасасын Алаш ордасы!