Туып-өскен жері Алматы облысының Ақсу ауданы. Қазақ əдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген дарынды ақын. Өлеңдері күллі қазақ əдебиетінің мақтанышына айналған. Ілияс Жансүгіровтің шығармалары қазақтың асыл қазынасы — ауыз əдебиетінен нəрленіп, бастау алады. Ол, сондай-ақ əлемдік əдебиетке тиесілі бірқатар танымал шығармаларды қазақ тіліне аударған.
Ағынды менің Ақсуым
Арқырап əлі ағасың…
Жалғыз жазғы бір кеште,
Жағаладым жағасын.
***
Тарт күйіңді, домбыра!
Төгіл, төгіл тəтті күй,
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр!
***
Өлкем өсіп ел кенелді,
Көгім жайнап жер гүлденді.
***
Ауылдың алды асқар тау,
Асқар таудан асармыз.
Асып жайлы жасармыз,
Ел ер жетіп есен-сау.
***
Елім жаңа жұртқа қонды,
Жұрт жұмысқа қойды қолды.
***
Тасқында, тау суындай көңіл жыры,
Қазақтың сусындасын ойы-қыры.
***
Елдің өмірі жырдай болып,
Сұмның күні қуғын болды.
***
Өнерге ұмтыл, өнерді біл, замандас,
Қамдан, жатпа, заманыңнан хабарлас!
Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң,
Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас!
***
Əйел-еркек, жалпы жас,
Көтеріл, көрін, көзіңді аш!..
Топтал, тұтас, туғандас!
Жасасын еркің! Жоғалмас.
Жамырас, үлес, жалпы жас,
Қосыл, қозғал, қоғамдас!
***
Бүгін, бүгін, бүгін дала!
Мұндай ма еді бұрын дала?
Көктен күні сəуле шашып,
Көкке шарпып нұрын дала.
Өлкем өсіп ел кенелді,
Көгім жайнап жер гүлденді.
Тауым ашып қазынасын,
Жомарт жерім шашты кенді.
Елім жаңа жұртқа қонды,
Жұрт жұмысқа қойды қолды.
Білім бұлақ сусын болды,
Елдің өмірі жырдай болып,
Сұмның күні қуғын болды…
***
Ел үшін еңбек қыл
Көркейер біздің ел…
***
Асылын арманынан аршып алдым
Қашаннан қазынаға халқымыз бай.
***
Ежелден ескеруші ем елдің сөзін,
Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін.
***
Халқымның қуанышты бұлбұлымын,
Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін.