МҰХТАР ƏУЕЗОВ

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ əдебиетінің классигі, ғұлама ғалым, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде дүниеге келген. Ауыз əдебиеті мен классикалық əдебиеттің, батыс пен шығыстың көркем сөз мұрасының озық дəстүрін жете меңгеріп, қазіргі дəуірдегі қазақ əдебиетінің сапасын арттыруға, əдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңірген.
Мұхтар Əуезовтің əлемге əйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясы қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейге көтеріп, əлем əдебиеті мұрасына енгізген үздік туынды. «XX ғасырдағы ең үздік шығармаларының бірі» (Луи Арагон) деп бағалаған аталған роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі əлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танымал. Қазақ халқының мəдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы əрі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Əуезовтың алатын орны ерекше.

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нəрсе — білім.
***
Азамат сыны — ерлік, ерлік сыны — елдік.
***
Алтын анам Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ деп, ер қайратына мін дағы, өрге бас.
***
Ел болам десең, бесігіңді түзе.
***
Бұл дəуірде өз тілін, əдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мəнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тəрбиесінде сыңар жақ азамат болады.
***
Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен, өзінің ана тілін, əдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.
***
Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, рухы, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?
***
Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бəйтерекше, тұл болады да қалады.
***
Адам көркі — ақыл.
***
Жауға жалынба,
Досқа тарылма.
***
Дос таппаған ер азар,
Басшы бақпаған ел азар.
***
Іздесең — табарсың, алыссаң — аларсың.
***
Арқада жыл жақсы болса —
Арқар ауып несі бар?
***
Жүрген жақсы, көп дүниені көрген жақсы. Бірақ соның бəрінен де тағы бір жақсы бар: көре біліп, жүре-жүре келіп, Отаныңа қайтқан сəт бəрінен де жақсы.
***
Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда, оқыған азаматтарының артынан ерген күндері аз да болса мағыналырақ, тəуір күндердің бірі деп саналады.
***
Халық бойындағы қасиет, заман өгей болғанда кейде жер астында жатқан алтын-гауһар есепті. Алтын қазына жер бетіне шықпағанымен, қазыналық қасиетін жоя ма! Кезі жеткен сəт күнінде жарқырай шығып жалт етеді. Тарих телегейі толқығанда да сол сияқты: ел тамырындағы қасиет жамырай шығып, шарқ ұрады.
***
Абай атамыз: «Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын» деп бекер айтпаған шығар, өмірдегі қай-қай ситуацияны болсын, сөз білген қазақ мөлдіретіп, төгілдіріп, кестелі сөзбен бейнелеп бере білген ғой…
***
Дүниеде, тарихтарда ер елден артық ел бар ма?! Ер жолымен өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма?! Елін «ел екен!» дегізіп өткен ұлдарға өлім бар ма, сірə да?! Елдің белін көтеретін ер ұл туған аталық пен аналық қандай бақытты! Ер серігі болған жар жарастық қандай сұлу! Қорлық өмірге көнгенше, қадірлі өлім таңдармын дейтін жас жалын қандай биік мағыналы!
***
Ең əуелі «ер» атану, «ерлік» атанудың өзі адамның жалғыз аяқ жеке жолынан ұшыраспайды. Үйелменді елінің өзегін жарған мұрат-мүддесінің жолында ғана ұшырасады. Жəне, сол ерліктің егізінің сыңарындай, алып ұшар қос қанатындай асыл тірек діңгегі бар. Ол — өзгеше бір сүю сезімі. Жай сүю емес, жар сүю емес, жанынан артық көріп жұртын сүю, халқын сүю сезімі. Бұл сүюден қасиетті сезім жоқ. Ол сана, ол сезімнің алдында барлық басқа тірлік, бөгде тілек бас иеді.
***
Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болған жақсы.
***
…Көрген көз қазағыма қаратып, мінбе құрып, сол мінбеге шығарып: «Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!» — десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *