СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ

ХX ғ. басында өмір кешкен көрнекті ақын, прозашы, публицист. Көкшетау облысының Қызылтау ауданында дүниеге келген. Сұлтанмахмұттың жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа əдет-ғұрып салтын қатты сынға алған. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған лирикалық өлеңдерінде жан сезімін қоғамдық көзқараспен, əлеуметтік өмірмен ұштастыруға талпыныс жасайды. Өмір шындығын көркем бейнелей келе, Сұлтанмахмұт қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтіп, ұрпағына сырға толы лирикалық жыр туындыларын мұра етіп қалдырды.

Ел түзелсін десең, əуелі өзіңді түзе.
***
Лайық ел болуға ісің бар ма,
Намыс, ғылым, ынтымақ, күшің бар ма.
***
Сүйемін туған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім!
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
***
Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дəм де, мəн де болу керек.
***
Бірінші: ел болуға намыс керек,
Мал-жанды намыс үшін салыс керек.
***
Өнерлі ел бар мұқтажын жерден емеді,
Бар қиынды тек қана ғылым жеңеді.
***
Ел үшін еңбек етсең, халқыңа сүйкімді боласың.
***
Ер өлсе де, елге еткен еңбегі өлмейді.
***
Ел болудың бірінші тірегі — білім.
***
Бақытқа жетудің ең «жеңіл» жолы — ел үстінен күн көру.
***
Біздің қазақ — əнқұмар халық.
***
Бір халықтың əні кетсе — сəні кетеді; сəні кетсе — жаны кетеді; қазақты жансыз ағаш қылып отқа жаққыларың келмесе, əнді сақтаудың қамын қылыңдар.
***
Ер еңбегі — елге ортақ.
***
Елге пайда — ерге абырой.
***
Ердің еңбегін ел білерлік заман бізге де туар ма екен.
***
Ер бар ма елі үшін жан қиятын,
Басшы бар ма етегіне ел сиятын.
***
Қайдан табам халықтың шын баласын…
***
Оқу-білім көркеймек елге егіп пайдасын,
Ел жетіліп көркеймек өнер қанат жайғасын.
***
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *