ХІХ соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам жəне мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше
тұлға. Қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның шөпшегі. Көрнекті қоғам жəне мемлекет қайраткері, қазақтың ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы əрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы жəне ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым — ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, əдебиеттанушы, аудармашы, əрі дарынды публицист.
Жұрт əділ болмай — жұрт ісі оңға баспайды.
***
Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу — мақсат.
***
Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден.
***
Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса — жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.
***
Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы соңынан ерер еді.
***
Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.
***
Əкім халықтың көбіне сүйенсе, күшті болады.
***
Ел берекесінің кетуінің түпкі себебі — қазақта бірліктің жоқтығы.
***
Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса — халықтық мақсат сонда орындалады.
***
Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық саяси ісін ұғынбаса, тезек теріп, тарих жолында артта қалады. Бақыт, махаббаттан тысқары болады. Бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?!
***
Халық ісін орнына салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген əдіс керек.
***
Бөтен кісі қазаққа ешқайдан ештеңе жақсылық əкеп бермейді.
***
Қазақ жері — мал кіндігі: мұнда бұрын-соңды қай жұрт жүрсе де мал баққан.
***
Қазаққа əкеп мұжық қамытын кигізе салса — бұл бір түске кірмеген қиыншылық: бұдан қазақ безуі керек.
***
Мансапқұмар ел — кемелдікке жетпеген ел.
***
Қазақ-ау! Оян! Мұжық көші жүріп кеткенде жұртта қалып жүрме!