Сауысқанның белгісі

Сауысқанның белгісі
Орман ішімен түлкі келе жатыр. Ашық жерлермен жүгіріп өтеді. Ағаштардың арасынан сыбдырлатпай ептеп жүреді. Ол кенет жер бауырлап жата кетті. Әлденені аңди қалды. Бөдене балапандарының иісін сезді. Түлкінің дәл төбесінде сауысқан шықылдады. Ол сауысқанға тісін ақсита қарады. Түлкінің арам ниеті белгілі болды. Бөдене балапандары ұша жөнелді. Сауысқанның белгісін ормандағылар түгел түсінді. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: сыбдырлатпай, ормандағылар.
Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
Қатаң дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *