СЫРЫМ ДАТҰЛЫ

1783–1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс патшалығы отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі. Қолбасшы батыр шешендігімен де кең танылған. Өз ортасында «Бала би» атанған Сырым батыр көп ойланып, қиналмай-ақ қажетті сөзін халықтың бай шешендік қорынан ойып алып, ойын өрнекті тілмен айта білген. Кейін халықтың шешендік қорына үлкен үлес қосқан.

Азамат жетім болмайды — халықтан болса панасы,
Халық жетім болмайды — басшы болса данасы.
***
Ел жеңілмес ері бар.
***
Арадан хан болсам,
Халқым қалаған болар.
Айырдан нар болсам,
Атам үлектей жараған болар.
Жоқтан бар болсам,
Құдайым қараған болар.
***
Көнеден дəурен озса,
Жасы жеткен болар.
Көндей қамқа тозса,
Күтімі кеткен болар.
Атадан ұл озса,
Еркіндігі болар.
Анадан қыз озса,
Еркелігі болар.
***
Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар.
***
Мен ағайынды екеумін: біреуі — өзім, екіншісі — халқым.
***
Халық — көл,
Хан — құс.
***
Адамзатта не тəтті?
Аста — тұз тəтті,
Адамда — дос тəтті.
***
Даланың оты — олжа, суы — нұрлық,
Біреудің малы мен ақысын жеу — ұрлық.
***
Бөлінгенді бөрі алар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *