Қазіргі Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген. Арғы атасы Байтілеу ауқатты болса да, өз əкесі шағын дəулетті, еті тірі ел ағасы болған. Шернияз ақын жас шағынан ел өмірін, халық тұрмысын жақсы біліп, олардың мұң-мұқтажын жете түсінген. Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлаған.
Ханның көркі — ел.
***
Ел үстіне жау келсе,
Көк бөрідей ер керек;
Ер астына мінетін
Бəйге бермес сұр керек.
***
Ерден ердің несі кем,
Айтқан сөзіне берік болса?
Хандардан ханның несі кем,
Халыққа əділ ерік болса?
***
Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса — түртіп оны көре алмас, басқа қиын іс түссе — ел қыдырып таба алмас.
***
Жалғыздың ісі оңалмас, көптің ісі жоғалмас.
***
Жақсы болса — іні ортақ.
***
Жұрт теңгеріп тұруға — əділ төре хан керек.