БҰҚАР ҚАЛҚАМАНҰЛЫ

Атақты Абылай ханның ақылшысы Бұқар жыраудың есімі қазақ еліне ертеден мəлім. Замандастары «Көмекей əулие» атап кеткен ұлы жырау XVIII ғ. əдебиетіміздің көрнекті өкілдерінің бірі. Əкесі Қалқаман белгілі батыр болған. Əйгілі жыраудың бізге жеткен арнау, терме, толғаулары негізінен əлеуметтік, қоғамдық мəселелерді көтерді. Бұқар жырау, сондай-ақ азаттық жолында өлімге бас байлап, ерлік жасаған халық батырларын жырға қосып, олардың өшпес əдеби бейнелерін де жасаған.

Ежелгі дұшпан — ел болмас, етектен кескен — жең болмас.
***
Екі жақсы дос болмас — сірне үстінде хаты бар,
Ежелгі дұшпан ел болмас — көңілінде кір, даты бар.
***
Ауылда адам бар болса — ауыл ада болмайды,
Ел иесі бар болса — елі ала алмайды.
***
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
***
Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар
Халқыңа тиген пайдасы.
***
Жақын жерден шөп жесе
Жердің сəнін кетірер.
Ағайынның аразы
Елдің сəнін кетірер.
Абысынның аразы
Ауыл сəнін кетірер.
***
Бағаналы орда, басты орда.
***
Ежелгі дос жау болмас.
***
Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес…
***
Еліңнің қамын же — сана,
Есіліп кеңес айт — сана.
***
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
***
Ер жігітке жарасар,
Қолына алған найзасы.
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы.
***
Адамзаттың баласы
Атадан алтау тумас па,
Оның ішінде біреуі
Арыстан болмас па!
Алдына келген жақсының
Қадірін оның біле алмай,
Қадір-құрмет қыла алмай
Артында қалған жамандар
Бас-басыңа тозбас па!
***
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
***
Əлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
Қызыққа тоймас адамзат!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *