МАХМҰД ҚАШҚАРИ
(1029–1101 жж.)

Толық аты-жөні Махмұд ибн Əл-Құсайын ибн Мұхаммед. Қарахандардың ақсүйектерінен шыққан. Қазіргі Қазақстан жерінде болған Барысқан қаласында туып, Қашқарда қызмет еткен.
Махмұд Қашқари түркі халықтарының тұңғыш филологы. Ауыз əдебиеті үлгілерін жинап, зерттеген ұлы ғалым. Əйгілі «Диуани луғат-ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») еңбегінің авторы. 8 кітаптан тұратын осынау еңбекте 6800-дей түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген. «Диуани луғат-ат-түрік» ерте орта ғасырдағы түркі халқының энциклопедиясы іспетті. Данышпан ғалымның, сондай-ақ ең ежелгі түркі картасы деп танылған Дөңгелек картасы да белгілі. Онда түркі халықтарының таралым аймағы көрсетілген.
ЮНЕСКО ұйымының ұйғарымымен 2008 жыл «Махмұд Қашқари жылы» деп жарияланған болатын.

Ел — қалар, əдет — қалмас.
***
Жер бастырығы — тау, ел бастырығы — бек.
***
Бақыттың белгісі — білім.
***
Ер жігітті қорлама.
***
Үлкенмен керіспес болар.
***
Əдептің басы — тіл.
***
Ақылды сөз — алтын табаққа жеткізер.
***
Сөз ұғындырылса — ой білінер.
***
Бар — бақыр, жоқ — алтын.
***
Ауыр күн де өтеді — оған сабыр-шыдам қыл.
***
Ұран көтерілсе — ру жиылар,
Жау келсе — жамағат жиылар.
***
Дос адам маңайыңды жұмақ етер.
***
Күндестердің күлі де — күндес.
***
Жақсы адамның сүйегі қурағанмен — аты қалар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *