Аристотельден кейін əлем бойынша білім мен мəдениеттің Екінші ұстазы атанған ұлы данышпан, ғұлама ғалым, энциклопедист Əбу Насыр əл-Фараби жалпы түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мəшһүрі. Мұсылманша толық аты-жөні Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани. Ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар қаласында, Сыр бойында дүниеге келген (арабтар Отырарды «Фараб» деп атаған).
Əлемге əйгілі ойшыл, философ, математик, физик, астроном, лингвист, музыка зерттеушісі əл-Фараби 150-ден астам трактат жазып қалдырған. Тарихи деректердің айтуынша, жетпіске жуық тіл білген.
Əл-Фарабидің философиялық ұстанымдары мен көзқарастарынан басты үш бағытты анық аңғаруға болады. Ғұлама ғалым дүниенің мəңгілігін мойындап, танымның болмысқа тəуелділігін растаған, ақыл-парасат туралы ілімге талдау жасап, сарапқа салған.
Егер бізге қайта туу нəсіп болса — мен екінші рет те Сығанақта дүниеге келуді қалаған болар едім!
***
Білім жəне атамұраны жақсы тəрбиеменен безеу керек.
***
Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
***
Білімді болу деген — жаңалық ашуға қабілетті болу.
***
Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.
***
Шын білім — ақиқат, анық білім.
***
Адам мақсатын өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
***
Мінез бен ақыл жарасса — адамгершілік ұтады.
***
Тəрбиелеу дегеніміз — адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
***
Өз ісіңнің білгір һəм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек.
***
Ғақлия көзбен қарасаң,
Дүние — ғажап, сен — есік.
Жаһалы көзбен қарасаң,
Дүние — қоқыс, сен — меншік.
***
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
***
Даналар талай нысан тапқанымен,
Тапқан жоқ тектің тегін əлі бірі.
***
Ең тамаша əрекет — бақытқа қол жеткізетін еркіндік!
***
Барлық қалалары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық — қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын болса, бүкіл жер жүзі осылайша қайырымды болады.