Ақыл иесі, сөз иесі мен болдым» деп ашығын айтқан Түрік қағанаты тарихындағы бірегей тұлға Тоныкөк (Тоңыұқық) тапқыр да шешен сөзімен, ер жүрек батырлығымен белгілі болған. Оғыз тайпасынан шыққан кемеңгер тұлға Екінші Шығыс Түркі Қағанатының шаңырағын көтеруге ат салысқан. Түркі жұртының ерлігі мен елдігін тасқа қашап, ұрпағына өшпес мұра қалдырған Тоныкөк: «Бүкіл түркі жұртына қарулы жау келтірмедім, атты əскер жолатпадым. Ел төресі жауламаса, оған еріп мен жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының нəтижесінде, менің шабуылымның нəтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған мен Білге Тоныкөкпін» деп қолтаңба қалдырған.
Қағаны — батыр, ақылгөйі — кемеңгер елдің бағы жанады.
* * *
Жауыңды — басындырма, халқыңды — ашыңдырма.
* * *
Күші толып, кемеліне келмесе ел,
Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмес ер.
* * *
Қағансыз ел — кіріптар.
* * *
Пəтуасыз ер — елге сор.
* * *
Ел қамын жеген ер — басшы.
* * *
Түнде — ұйқы көрмедім, күндіз — күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып — бəрі елім үшін!
* * *
Пəтуасыз табылса, ол халықтың қанша соры бар десеңізші!