Сабақ
Менің Марат дейтін танысым бар. Ол өте мақтаншақ болатын. Күрескенде баланың бәрін жығатындығын айтып мақтанады. Арада біраз күн өтті. Марат және оның ағасы Қанат үшеуміз мектепке бара жатқанбыз. Кенет бір кішкентай күшік шәу ете қалды. Марат пен Қанат екеуі қаша жөнелді. Мен асықпай жүре бердім. Күшік шәуілдеп артта қалды. Содан бері Марат мақтанбайтын болды. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: жығатындығын, мақтанбайтын.
Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар.
Күшік деген сөзді септеңдер.