Сыныптан тыс сабақ
Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды сайыс
Мақсаты:
1) Білімділік. Оқушылардың І тоқсан бойынша білімін бекіту, топ бойынша жарысу, әр түрлі пәнаралық тапсырмаларды орындау.
2)Дамытушылық. Оқушылардың логикалық ойлауын, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту, шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, зейінін дамыту. Топта жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік. Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, білімқұмарлыққа баулу, ұлттық сана сезім тәрбиелеу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу.
Түрі: жарыс
Әдіс –тәсілдері:халықтық педагогика құралдары: ұлттық ойындар, мақал-мәтел, жұмбақтар, талдау, сұрақ-жауап, ішінара-ізденушілік, өз бетінше жұмыс, т.б.
Көрнекілігі: логикалық тапсырмалар түрлері, слайд тақта, эмблема мен ұрандар, ойындар, әуен, асықтар, сигналдық карталар.
Сабақтың барысы:
— Армысыздар құрметті ұстаздар, көрермендер және қатысушылар!
-Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім, тәрбие табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда, — дегендей, сайысымыздың бүгінгі қатысушыларын ортаға шақырайық!
Жарысқа 3 команда қатысады «Ойшылдар», «Зеректер» және «Тапқырлар» командасы.
Шығу: Озат оқушымын музыкасымен
Әділқазы береді
Өздеріне билікті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты –
деп ең алдымен сіздерді әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
(Әділ – қазылармен таныстыру
1.________________________________________________
2.________________________________________________
3._______________________________________________-
Ендеше сайыс ержелерімен таныстыра өтейін:
Сайыстың мақсаты: сыныптың ең білімді де білікті, тапқыр әрі ақылды жүйрік әрі епті тобын анықтау;
Сайысымыз келесі кезеңдерден тұрады:
1-сайыс «Ертегілер әлемінде»
2-сайыс «Дыбыстар әлеміне»
3- сайыс «Теңге алу»
4-сайыс «Кім жылдам?»
5- сайыс «Ханталапай»
6-сайыс «Кім көп біледі?»
7- сайыс «Жұмбақ жарыс»
Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы топтармен танысып алайық:
«ОЙШЫЛДАР»
Ұраны: Білегіңе сенбе, біліміңе сен
«ЗЕРЕКТЕР»
Ұраны: Оқу инемен құдық қазғандай.
«ТАПҚЫРЛАР»
Ұраны: Күш білімде, білім кітапта
Жарысымызды 1-кезең үй тапсырмасы «Ертегілер әлеміне саяхат» сайысымен бастайық.Әр топ үйге берілген ертегіні сахнада ойнайды. Мақсаты актерлік шеберліктері мен ертегіден негізгі ойды ашу
Ойшылдар: «Үндемес ит»
Зеректер: «Қыт –қыттың сыры»
Тапқырлар: «Түлкі»
Жарысымыздың 2-кезеңі
Шопан, биші, ұстазда
Ғарышкерде, аспазда.
Барлық, барлық жақсыда
Әріптерден басталған, — дей отырып келесі кезекті «Дыбыстар әлеміне» береміз. Әр топтың алдына кеспе әріптер беріледі. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып тиісті үйшікке салу керек. Қай топ бірінші тапсырманы орындап болса, сол топ тақтаға шығып әріптерден сөз құрайды және дыбыстық талдау жасайды.
Жарысымыздың 3-кезеңі « теңге алу» деп аталады.
Теңге дегенде ойларына не келеді?
Қайда қолданамыз?
ТЕҢГЕ АЛУ — қазақ ұлттық ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Бұл ойын ат спортына жатады. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам иеленеді.
Ендеше мұқият мына теңгелерге қараймыз. Балалар неше теңгеліктерді көріп тұрсыңдар, Яғни әр теңгеге берілген сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, сонша ұпай санын иеленесіңдер!
1-топ
2-топ
3-топ
1-топ
5 теңге Бауырсақ сөзінде қанша буын бар?
20 теңге көру мүшесін ата
50 теңге 4 бен 2 нің айырмасы
2-топ
5 теңге Қосудың компоненттерін ата
10 теңге Дыбыс нешеге бөлінеді?
50 теңге Тірі табиғатқа нелер жатады?
3-топ
5 теңге Кесінді дегеніміз не?
10 теңге Ауа температурасын өлшейтән құрал?
50 теңге Сөйлем неден құралады?
4-сайыс «Кім жылдам» топ басшылар сайысы
Қайсысы білгір, білімді,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам
Таланттарын табайық.
1-топ
1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Жыл мезгілдерін ата.
4. Сөйлем неден құралады?
5. Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні ….
6. Көру мүшесін ата.
7. Тірі табиғат денелерін ата.
8. Балапан сөзінде неше буын бар?
9. Есту мүшесін ата.
10. Екі таңбалы санды ата.
11. Біздің Еліміз қалай аталады?
12. ҚР Мемлекеттік рәміздерін ата.
13. Еліміздің астанасы қай қала?
14. Тұңғыш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан адам?
15. ҚР Президентінің аты-жөнін толық айт.
2-топ
16. ҚР Мемлекеттік тілі қай тіл?
17. Өзіңнің мекенжайыңды толық айт.
18. «Ғылым таппай мақтаңба» өлеңінің авторы.
19. ҚР Мемлекеттік Туында нелер бейнеленген?
20. Тәуелсіздік күні қай күн?
21. Әкеңнің әкесі саған кім?
22. Ән айтатын адам.
23. Қой бағатын адам.
24. Әкеңнің анасы саған кім болады?
25. Күйді орындаушы кім?
26. Ең алғашқы кітабың.
27. Сенің інің әкеңе кім болады?
28. Бүгін аптаның нешінші күні?
29. Анаңның әке-шешесі саған кім болады?
30. Бүгінгі күнді, айды ата.
3-топ
1. Жыл мезгілдерін ата
2. Табиғаттағы денелер қалай бөлінеді
3. Әріп дегеніміз не?
4. Кітап сөзінде неше буын бар?
5. Қосылғыштардың орны ауысқанымен қосыныдының мәні ……….
6. Теңге күні
7. Дәм сезу мүшесі
8. Азайтудың компоненттерін ата
9. Өлі табиғатқа нелер жатады?
10. Иіс сезу мүшесі
11. Сен нешедесің
Сергіту сәті Қаражорға биі
Сайысымыздың 4-кезеңі « Ханталапай» деп аталады.
Балалар «Ханталапай» туралы естігендерің бар ма?
Ендеше ханталапайды топ командирлері ойнайды.
Берілген асықтардың ішінен мәні тек 5 тең 1 оқушы, екінші оқушы мәні 4-ке тең асықты жинастырады.
Талапай-ау талапай,
Табылдыойыналақай!
Асықтыалғашашамыз,
Талапайғабасамыз, — депасықтышашыпжіберемін. Оқушыларшашылғанасықтыжинапалады да әроқушыөзініңқолындағыасығынтоппенқосыласанапшығады.
Жанарың ойлы болсын
Білімің молдау болсын,
Ортадан қолдау көрсін
Еліңнің көңілі толсын, — деп кезекті «Кім көп біледі?» кезеңіне береміз. Бұл кезеңде дүниетану пәнінен құралған «Сөзжұмбақ» шешуді ұсынып отырмыз.(Сөзжұмбақ әр топтың алдына беріледі)
Ал , балалар сайысқа қалайсыңдар,
Сіз өтер әлі де талай сын бар
«Зерделінің ойы озық»деген сөз бар
Жұмбақтардың жауабын тапсаңыздар, сіздер жарайсыздар! – деп сайысымыздың үшінші 7- сайыс «Жұмбақ жарыс»
1. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, )
2. Үйіңді қорғайды, Үйшікте тоңбайды. (ит, собака, )
3. Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (аю, медведь, )
4. Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар. (бор, мел, )
5. Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? ( екі, два , )
6. Алмаға кеп күнара,
Қонушы еді бір ара.
Бүгін алты туысын
Алып кепті бұл ара.
Сонда бүгін алмаға
Келіп қонды қанша ара? (7, семь, )
7. Бұрап қойған сағаттай,
Оятады таң атпай. ( Әтеш, петух, )
8. Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (күн, солнце, )
9. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қалам, ручка, )
Бағалау
Сөз беру