СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ

Сыни тұрғыдан ойлау
Сыни тұрғыдан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:
• Айтқандарын негіздеуге және өзіміздің өмірлік тәжірибемізге қарай оны тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік;
• Күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау;
• Басқалардың өзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және өз пікіріңнің қате болуына ашық болу;
• Идеяларды сынау және «шындықты» іздеу.

Балаларға негізделген, әділ сыни тұрғыдан ойлауды қалай дамыту керектігін көрсету қажет. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен үлгілеу дағдыларын жаттықтыру қажет. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту мыналар туралы негізді бағалауға үйрету дегенді білдіреді:
• Қалай, қашан және қандай сұрақтарды қою қажет.
• Қалай, қашан және қандай негіздеу әдістерін пайдалану керек.
Бенджамин Блумның және басқалардың жұмысының шеңберінде сыни тұрғыдан ойлау оның жіктеуіндегі ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.

1. Алты ойлау қалпағы
Алты ойлау қалпағын Эдвард де Боно әзірлеген, ол әртүрлі шешімдердің ішінен шоғырландырылған ойды жеделдететін қосарлас ойлау үдерісін көрсетеді.

Ақ қалпақ белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.

Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақпен сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.
Қара қалпақ бұл – «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейді.

Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.

Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.

Көк қалпақ ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді.

2. Ойшылдардың шартты белгілері
Тони Райан жасаған ойшылдардың шартты белгілері бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекет кешені болып табылады.
Бастапқы бірқатар сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдамалық, сыни және креативтік ойлау қабілетін ашу үшін шартты белгілер ретінде ұсынылған.
• Кері өзгеріс – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдаланыңыз, мысалы, «Сіз Лондонда ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз».
• Егер де – «егер де» деген сұрақты қойыңыз және олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.
• Әліпби – берілген тапсырмаға қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.
• АҚА – аббревиатура А=артық, Қ=қосу, А=алып тастау, тиісті сабақты жоспарлайды.
• Құрылым – шектеулі мөлшерді креативтілікпен пайдалануды талап ететін проблемаларды шешу жөніндегі тапсырма.
• Кемшіліктер – нақты бір пән немесе практикалық сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.
• Әртүрлі пайдалану – күнделікті объектілерді әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.
• Қиыстыру – үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.
• Жөнсіздік – ауани орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.

3. Сананың әдеттері
Сана әдеттерін әзірлеген Арт Коста былай деген екен: «Сана әдеттері» — шешімдері бірден туындамайтын проблемаларға тап болғанда ақылды адам жасайтын іс-әрекеттердің сипаттамалары болып табылады.
Олар көптеген дағдылардан, қарым-қатынас пен бейімділіктерден тұрады, солардың ішінде:
• Құндылық: Өнімділігі шамалы үлгілерге қарағанда, зияткерлік мінез-құлық үлгісін қолдану.
• Ауытқу: Зияткерлік мінез-құлық үлгісін пайдалану үдерісін сезіну арқылы.
• Сезімталдық: Мінез-құлық үлгісін пайдалану мүмкіндіктерін және оның орындылығын қабылдау
• Мүмкіншілік: Мінез-құлықты жүзеге асыру үшін негізгі дағдылар мен мүмкіншіліктерді меңгеру.
• Жағдаят: Зияткерлік мінез-құлық үлгісінің өнімділігін ойластыруға және жақсартуға ұдайы ұмтылу арқылы.

Сананың 16 әдеті бар:
1. Табандылық
2. Басқарушы албырттық
3. Басқаларды тыңдау – түсіністікпен және тілектестікпен
4. Ойлау икемділігі
5. Ойлау үдерісіміз туралы ойлау – метатанымдылық
6. Дәлдік пен шынайылыққа ұмтылу
7. Проблемаларды пайымдау және тұжырымдау
8. Бар білімін жаңа жағдайға қолдану
9. Анықтықпен және дәл ойлау және өзара іс-қимыл жасау
10. Барлық сезіммен ақпарат жинау
11. Құру, ұсыну және оңтайландыру
12. Таң қалып, ілтипат білдіру
13. Тәуекелдер үшін өзіне жауапкершілік алу
14. Әзіл-оспақ іздестіру
15. Өзара байланыстырып ойлау
16. Үздіксіз оқу.

4. Жазбаларға назар аудару
Жазбаларға назар аударуды Аризона Университетінің профессоры доктор Марилис Витт жасады деген пікір бар. Ол студенттерінің аурулар туралы беймәлім мәліметтердің белгілі мәліметтерден көп екендігін білгендігін қалады. Нәтижесінде студенттер білу үшін қандай әрекет жасағаны туралы сұрақтар жазды.
Бұл техника ойластырылған, пайдалы ойлау құралына айналды. Жазбаларды пайдалану тәсілдерінің бірі төмендегі кестеде көрсетілген. Бұл серпінді тапсырма болуға тиіс, яғни жаңа ақпараттың пайда болуына қарай оған үнемі толықтыру, оны түзету немесе жаңа сұрақтармен толықтыру қажет.

БКТЗО кестесі

Б
Ол туралы мен не білемін? К
Нені білгім келеді?
Т
Көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын? З
Мен нені зерделеуім керек? О
Одан әрі не істеу керек?

 

 


5. Ойлау карталары
Әмбебап ойлау үдерісін оқытуға арналған сегіз көрнекі құралдан тұратын кешен:
• МӘНМӘТІНДЕ АЙҚЫНДАУ
• СИПАТТАУ
• САЛЫСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРАМА-ҚАРСЫ ҚОЮ
• ЖІКТЕУ
• БӨЛІК/ТҰТАС
• ТІЗБЕКТІЛІК
• СЕБЕП ПЕН САЛДАР
• ҰҚСАСТЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Ойлау карталарын доктор Дэвид Айрль әзірлеген. Олар ойлаудың жалпы көрнекі тілін көрсетеді және танымдық дағдыларды егжей-тегжейлі үйрену үшін пайдаланылады, ойлау карталарын барлық оқу салаларына және бүкіл жастағы топтарға қолдануға болады.

Ойлау карталары сынақтан өткізіліп, жастарға әртүрлі ойлау үдерістерін қалай дамыту және оларды пайдалану жолдарын оқытуда тиімді болып шықты. Олар ойлау сапасын кеңейтеді және жетістікке жеткен оқушыларды қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұдан басқа олар оқыту мен оқудың көптеген аспектілеріне елеулі әсер етеді, соның ішінде жазбалардың сапасына да ықпал етеді.

 

 

6. Блум таксономиясы

Блум танымдық салада алты деңгейді бөлді, атап айтқанда ол ең төменгі деңгей ретінде фактілерді қарапайым қабылдау мен танудан бастап анағұрлым күрделі және абстрактілі психикалық деңгейлерге қарай жылжып отырып, ең күрделісі бағалау деп жіктеді.

7. ТНАОҚ
Тікелей назар аударуға арналған ойлау құралы –Эдвард де Боно ойлап шығарған.
• С&Ж – Салдарлар және Жалғастыру
Кейбір іс-қимылдардың, шешімдер мен ережелердің салдарларын көру үшін болашаққа көз жүгірту.
• ҚАҚ – Қосу, Алу, Қызықты
Шешімдерді немесе міндеттерді қабылдағанға дейін сұрақтардың жан-жақты қаралғанына көз жеткізіңіз.
• ТТБ — Тану, Талдау, Бөлісу.
Тұжырымдаманы басқаруға ыңғайлы, неғұрлым кішірек бөліктерге бөліңіз.
• БФЕ – Барлық факторларды ескеріңіз
Іс-қимылдарға, шешімдер мен жоспарларға байланысты барлық факторларды зерделеңіз.
• ЦЗП – Мақсаттар, Міндеттер, Заттар
Іс-қимылдарды қозғайтын ниеттерге тікелей және саналы түрде көңіл аударыңыз.
• БМТ – Баламалар, мүмкіндіктер, таңдаулар
Баламаларды саналы түрде пайдаланыңыз.
• БАП – Басқа адамдардың пікірі
Басқа адамдардың пікірлеріне қараңыз.
• БҚҚ – Басқа да қатысы бар құндылықтар
Ойымыздың құндылықтарымызға қызмет ететініне көз жеткізіңіз.
• БМБ – Бірінші маңызды басымдықтар
Ең маңызды идеяларды, факторларды, заттарды таңдаңыз.
• ЖШТӘІ – Жоба, Шешім, Тұжырым, Әдіс-тәсіл, Іс-қимыл
Ой тұжырымдарына және кейінгі іс-қимылдарға тікелей көңіл бөлу.

8. Ойлау бутерброды
Бұл – ойды басқару стратегиясы.
Бастау алдында алдымен тоқтап, ойланып алыңыз!
1-қадам
Дайындалыңыз.
Мыналарға уақыт бөліңіз:
• Ақыл-ойыңызды таза ұстаңыз.
• Соңғы рет не істегеніңізді еске түсіріңіз.
• Осы жолы не істейтіңізді көз алдыңызға келтіріңіз.
Енді жаңа тапсырмаға кірісіңіз.
2-қадам
Мыналармен байланыс іздестіріңіз:
• Өзіңіз білетін басқа заттармен;
• Өзіңіз жасап отырған басқа заттармен;
• Өзіңіз зерделеп отырған басқа заттармен.
3-қадам
Өзіңізден сұраңыз:
• Не жақсы шықты?
• Не қиындықпен жасалды?
• Нені жақсартуға болады?

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *