Батырдың ата-тегі
Жасыбай батырдың ата-тегі туралы қалыптасқан негізгі пікір бойынша ол — Бәсентиін. Атап айтқанда, Қазақ ССР Ғылым Академиясы М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты жарыққа шығарған «Қазақ тарихи жырларының маселелері» («Ғылым», Алматы, 1979 ж.) атты кітаптың 145 бетінде: «Халық аныз-әңгімелерінің қайсысына назар аудар-сақ та Бәсентиін Жасыбай батыр (астын сызған — Ж- М.). Баянауыл мен Жасыбай көлі маңында болған кырғын соғыста өлгең және содан былай бұл көлді батырдың құрметіне Жасыбай атап кеткен» деген сөздер осының айғағы. Академик Әлкей Марғұланның еңбектерінде де басқа пікір кездеспейді. Сайып келгенде ҚСЭ-нің дерегіне, білгір ғалымдардың жоғарыда келтірген мағлұматына күмән келтірер негіз жоқ.
Оның үстіне қолдағы бар шежірелерді қарап, Жасыбай атты ұрпақты Бәсентиін шежіресінен басқадан таба алмадық. Жасыбайдай батырдың есімі өз руының шежіресіне кірмей қалуы мүмкін емес.