Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәні

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінің зерттеу нысаны. Өзге пндермен байланысы. Түркологияда, қазақ тілі білімінде зерттелуі, зерттеу тәсілдері.
1. Сөзжасамның зерттелуі. Сөзжасам – дербес сала болып қалыптасуы.
2 Сөзжасамның тіл білімінің негізгі салаларының байланысы. Сөзжасамның морфологиямен байланысы. Сөзжасамның синтаксиспен байланысы. Сөзжасамның лексикологиямен байланысы. 3 Сөзжасамның дамуы, баюы, екшеліп бір қалыпқа түсуінің нәтижесінде өзіндік сөзжасамдық бірліктері бар, тәсілдері бар, орныққан, қалыптасқан заңдылықтары бар тілде сөзжасамдық жүйенің бары туралы. 4 Сөзжасамдық жүйесінің қызмет ететіні туралы ғалымдардың ой-пікірлері.
Қарастырылатын сұрақтар: Сөзжасамның жеке сала деп танылу себебін талдаңыз. Сөзжасамды жеке сала деп тануды ұсынған ғалым кім? Түркітанушы ғалымдардың сөзжасамды жеке сала деп дәлелдеулері туралы не білесіз? Сөзжасам мәселелері 1990 жылдарға дейін тіл білімінің қай саласында қарастырылып келді? Қазақ тілі білімінде сөзжасам мәселелерін зерттеу неден басталды? Морфологияның мен сөзжасамның қандай ұқсастықтары бар? Лексикологиямен сөзжасам қай тұрғыда байланысады?
Тапсырма Қазақ тіл білімінде сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деп дәлелдеген ғалымдарды көрсетіңіз.
2- тақырып. Сөзжасамның негізгі ұғымдары
Сөзжасамның жүйесінің негізгі ұғымдары. Сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық қалып, тәсіл, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамның негізділігі, сөзжасамның жүйелілік сипаты. Сөзжасамдық мағына мен оның семантикалық құрылымы. Сөзжасамдық ұя және оның семантикалық құрылымы. Сөзжамдық тізбек, оның мәні.
Сөзжасам мен атау теориясы. Ұғым мен ой, атау, таңба арасындағы байланыс. Сөзжасамның объективтілігі мен субъективтіліг туралы. Әлемдік тіл біліміндегі негізгі көзқарастарға шолу.
Бір негізгі сөзден тараған бір топ туынды сөздердің сөзжасамдық ұяға жататыны, бір сөзжасамдық ұядағы туынды сөз атауларының түбірлес сөздер деп танылатыны, олардың мағыналық байланысы, ол мағыналық байланыстың ұяның түп негіз сөзінен басталатыны. 3 Сөзжасамдық ұяның көлемінің түрлілігі. Сөзжасамдық ұяның құрамы күрделі құбылыс саналатыны. Сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық саты. Сөзжасамдық тарам (парадигма). Сөзжасамдық жұп. Сөзжасамдық жұп та сөзжасамдық ұяның мүшесі бола тұра, оның тікелей сөзжасамдық тізбек құрамына кіретіні.
Тапсырма: 4 сөзжасамдық типке мысал келтіріңіз. Сөзжасамдық тізбектің белгілерін көрсетіңіз. Көр етістігі негізінде сөзжасамдық ұя жасаңыз.
Жаттығу жұмысы
1. Мына туындылардан сөзжасамдық бір тізбек сөздерін теріп, ретімен жазыңыз, онда неше саты барын табыңыз.
Түсік, тартын, ұшыр, тартыншақ, ықта, тартыншақта, қашақ, тартыншақтат, қайтым, тартыншақтатқыз, кріс.
2. Мына туындылардан сөзжасамдық жұптарды теріп жазыңыз.
Көшкін, көшір, кіргіз, көшкіенде, кетір, көшіріс, кіргіздір, кетіргіз, келіс, келтір, жүздір, келтіргіз, жүздіргіз.
3 . Сөзжасамдық талдау жасаңыз. Қолда, аяқ, қон, түс, жүр, өс.
3- тақырып. Сөзжасам және уәждеме теориясы (мотивация).
Сөзжасам және уәждеме. Сөзжасау процесінің негзгі ерекшелігі, жалпы мен жеке, алғашқы ұғым мен түсініктің негізінде жасалатын екіншілк мағына. Оның көрінісі мен мағынасы.Туынды сөздің анықтамасы, термин ретінде қолданылуы, туынды сөздің ерекше белгілері, семантикалық сипаттамасы. Туынды сөздің уәждемелік негізділігі мен номинативтік ерекшелігі.
Қарастырылатын сұрақтар: Туынды мағынаның негізділігі. Туынды мағынаның түрлендірілген түрі. Көшірілген туынды мағына. Туынды мағынаның теңбе-теңдік түрі. Сөзжасамдық әрекеттің негізінде тілге қосылған сөздердің туынды сөз аталатыны. Яғни туынды сөздер тек сөзжасамға қатысты қолданылатыны. Туынды сөздердің тілде пайда болуы қоғамдағы жаңалықтарға байланыстылығы. Туынды сөздер сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалатынд-тан, сөзжасамдық тәсілдердің түрлілігіне қарай туынды сөздердің де түрлі болатыны: туынды түбірлер, күрделі сөздер (біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер) туынды түбірлер. Туынды сөз бен туынды түбір дегеннің айырмасы мен олардың бір-біріне қатысы. 4 Күрделі сөздер. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі күрделі сөздерге жататыны, олардың бәрі екі мағыналы лексемадан жасалып, бір мағыналы сөз жасайтын, оның күрделі сөз деп аталуы, күрделі сөздің анықтамасы мен түрлері. Біріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз.
Жаттығу жұмысы. 153-жаттығу («Қазіргі қазақ тілі» жаттығулар жинағы. –А: Ана тілі. 1997. Б-117.
Талдау үлгісі: көрікті – көр- негізгі түбір, көр+ік –туынды түбір, -ік – етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ, көрік+ті, көрік –туынды түбір, -ті – зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ, омоним қосымша (-ті — табыс септік жалғауы; -ті- жіктік жалғауының 3 жағы; -ті- жедел өткен шақ жұрнағы), синтетикалық тәсіл.
Жаттығу жұмысы. Төмендегі сөздерді сызбадағы үлгімен талдаңыз. Парыз, қазына, мұра, қызметкер, қоғамдық, елбасы, көзқарас, дағды-дәстүр
Негізгі түбір сөздерді сатылай кешенді талдау
— Бұл сөз бір құрамнан тұр: адам.
— Тұлғасына қарай – адам – негізгі түбір. Себебі, сөздің ары қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.
— Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.
Синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен жасалған туынды сөздерді сатылай кешенді талдау
— Бұл сөз екі құрамнан тұр: ұлт+ттық.
— Тұлғасына қарай:
а) Ұлт – негізгі түбір (Себебі, сөздің ары қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі).
ә) Ұлттық –туынды түбір(Себебі, синетикалық немесе морфологиялық тәсілмен негізгі түбір зат есімге сөз тудырушы өнімді (-тық) жұранғының жалғануы арқылы жасалған туынды сөз.
— Құрылысына қарай –дара. Себебі, бір ған негізгі түбірен тұр.
— Бұл сөз үш құрамнан тұр: қайрат+ кер+ лік.
— Тұлғасына қарай:
а) Қайрат – негізгі түбі;
ә) Қайраткер – туынды түбі;
б) Қайраткерлік – туынды түбір (себебі, синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен сөз тудырушы жұрнақ арқылы негізгі түбірден туынды түбір; туынды түбірден туынды түбір жасалып тұр).
— Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.
Аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен жасалған туынды сөздерді сатылай кешенді талдау (біріккен, кіріккен сөздерді сатылай кешенді талдау)
-Бұл сөз: әлеумет және таны+у+шы болып төрт құрамнан тұр.
-Тұлғасына қарай: әлеуметтанушы – туынды түбір. Себебі: а) аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің бірігуінен (әлеуметтаны);
— синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен сөз тудырушы –у; -шы жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалған туынды сөз.
— Құрылысына қарай – күрделі, біріккен сөз.
— Бұл сөз жаз+дың күн+і болып төрт құрамнан тұр.
— Тұлғасына қарай –жаздыгүні – туынды түбір. Себебі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің дыбыстық өзгерістерге ұшырап, кірігуінен жасалған туынды сөз.
— Құрылысына қарай – күрделі, кіріккен сөз. Себебі, ритм-ырғағы жағынан бірұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып, кірігіп, тұрақталған құрама сөз.
Қос сөздерді сатылай кешенді талдау
-Бұл сөз екі құрамнан тұр: тау-тау.
-Тұлғасына қарай –тау-тау — туынды түбір. Себебі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің қосарлануынан жасалған — туынды сөз.
-Құрылысына қарай –күрделі. Себебі, ритм-ырғағы жағынан бірұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып, қосарланып, тұрақталған құрама сөз.
-Қайталама қос сөз. Себебі, бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған.
Тіркесті сөздерді сатылай кешенді талдау
— Бұл сөз төрт құрамнан тұр: сөз+тап+тар+ы.
— Тұлғасына қарай-сөз таптры –туынды түбір. Себебі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдең тіркесінен жасалған туынды сөз.
4-тақырып. Сөзжасамның тәсілдері
Сөзжасам тәсілдері, олардың түрі, ерекшеліктері.
Қарастырылатын сұрақтар: Жаңа сөздердің жасалуының тілде қалыптасқан жолдары бар ма? Синтетикалық тәсіл арқылы жаңа сөз қандай сөзжасамдық бірліктер арқылы жасалады? Аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасауға қандай тілдік бірліктер қатысады? Лексика-семантикалық тәсілдің басқа тәсілдерден айырмасы қандай? Лексика-семантикалық тәсіл арқылы тіл білімінде жасалған терминдерді атаңыз. Сөзжасамдық жұрнақтардың туынды мағына жасаудағы қызметі қандай? Көшірілген туынды мағына деген не? Туынды түбірдің құрамы қандай? Туынды түбірлердің негізгі белгілері қандай? Күрделі сөздер туралы пікір алалығы немен байланысты? Күрделі сөзді жай сөз тіркесінен қалай ажыратасыз? Біріккен, кіріккен сөздер неге күрдеі сөздер тобына жатады? Қос сөздердің жасалуындағы 1,2,3,4,5 заңдылық қандай? Сөздерді қысқартудың себебі қандай?
5- тақырып. Фонетикалық сөзжасам
Фонетикалық сөзжасам. Оның негізгі сөзжасамдық қалыптары.
Қарастырылатын сұрақтар: 1 Фонетикалық сөзжасам тәсілі туралы ғылыми ой-тұжырымдарды келтіріңіз. 2 Фонетикалық сөзжасам тәсілінің пайда болу жолдарын айқындаңыз. 3 Дауысты және дауыссыз дыбыстар сәйкестігі туралы ғылыми тұжырымдар мен олардың сөзжасамдық қызметін анықтаңыз. Оның негізгі сөзжасамдық қалыптары. 4 Дауысты және дауыссыз дыбыстардың сөзжасамдық қалыптарына мысалдар келтіріңіз. 5 Фонетикалық сөзжасам негізінде пайда болған туынды сөздердің мағыналық құрылым. Ортақ мағына арқылы қалыптасқан ерекше мағыналар (семалар).
6- тақырып. Синтетикалық сөзжасам.
Синтетикалық сөзжасам. Зат есім сөздердің синтетикалық сөзжасамына толық талдау жасау. Олардың семантикалық қырын ашу. Синтетикалық сөзжасамды уәждемелік, номинациялық аспектіден талдау.
Сын есім, сан есімнің, есімдіктің синтетикалық сөзжасам. Олардың семантикалық қырын ашу. Синтетикалық сөзжасамды уәждемелік, номинациялық аспектіден талдау. Етістіктің синтетикалық сөзасамы. Түбір мен жұрнақтардың сөзжасамдық мағына жасаудағы ролі. Уәждемелік қалыптасу жүйесі. Үстеудің, еліктеу сөздердің синтетикалық сөзжасамы туралы.
Қарастырылатын сұрақтар: Зат есім сөзжасамының зерттелуі. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнің синтетикалық сөзжасамы екі морфеманың қатысы арқылы жүзеге асуы, олар: негіз сөз бен жұрнақ. Сын есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы. Сын есім жасауға негіз болатын сөз таптары, сөз тұлғалары. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары. Есімдерден сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар. Етістіктен сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар, етістіктерден сын есім жасайтын өнімсіз жұрнақтар. Синтетикалық тәсілдің де сан есім жасауға қатысатыны, оның өзіндік ерекшелігі, бұл туралы түрлі көзқарастар. Синтетикалық тәсілдің есімдік жасауға қатысы. Үстеу сөзжасамға кедей сөз табы. Үстеудің жасалуының өзіндік ерекшелігі. Үстеудің сөзжасамдық түрлері: аналитикалық, синтетикалық тәсілдер, көнеру арқылы үстеуге көшудің белгілі орын алатындығы.
Тапсырма: Зат атауларының синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы деген не? Көп мағыналы және бір мағыналы жұрнақтар? Синоним жұрнақтар деген не? Кіріккен атауларға А.Ысқақов қандай анықтама берген?
Жаттығу жұмысы: 191-жаттығу. Зат есімдерді теріп алып жасалу жолына, тұлғасына қарай кесте бойынша топтап жазыңыздар («Қазіргі қазақ тілі» жаттығулар жинағы. –А.,1997). 237-жаттығу («Қазіргі қазақ тілі» жаттығулар жинағы. –А.,1997). Есімдіктің жасалу жолын түсіндіріңіз. Талдау үлгісі: әлдеқандай-бірігу тәсілі арқылы жасалған, аналитикалық тәсіл. 312 –жаттығу («Қазіргі қазақ тілі» жаттығулар жинағы. –А.,1997). Негізгі, туынды үстеуді ажыратып, туынды үстеудің қалай жасалғанын талдаңыздар; үстеудің аналитикалық, не синтетикалық тәсіл арқылы жасалғанын ажыратыңыздар; көнеру арқылы жасалған үстеуді тауып, оның себебін түсіндіріңіздер. Талдау үлгісі: таңертеңнен қара кешке- тіркестіру арқылы жасалған үстеу, аналитикалық тәсіл, үш мүшелі тіркесті үстеулер.
7- тақырып. Семантикалық сөзжасам.
Семантикалық сөзжасам. Тіл біліміндегі транспозиция туралы ілімдерге шолу. Транспозиция түрлері. Конверсия құбылысы туралы.
Сөздің антонимдік, синонимдік, көпмағыналылығының даму сипаты. Көпмағыналылық пен омонимия құбылысының арақатынасы. Оның номинация теориясы негізінде түсіндірілуі.
8-тақырып. Аналитикалық сөзжасам
Синтаксистік сөзжасам тәсілі. Синтетикалық сөзжасамның қалыптары, ол туралы көзқарастарға шолу. Есім сөздердің синтаксистік сөзжасамы. Есім сөздер негізінде жасалған біріккен сөздер мен қос сөздер. Есім негізді күрделі сөздер. Олардың зерттелуі, орфограммасы туралы көзқарастар. Күрделі сөздердің атау теориясы арқылы зерделенуі. Етістік негізді сөздердің синтаксистік сөзжасамы. Күрделі етістіктер – сөзжасамдық аспектіде, зерттелуі, ғылыми пікірлерге шолу. Күрделі етістіктің сыңарларының мағынасы мен олардың сөзжасамдық мағыналары, сөзжасамдық тізбек жасау қасиетінің молдығы. Етіс тұлғалы туынды етістіктер. Олардың семантикалық сыры мен сипаты, ғылыми көзқарастар. Сөзжасамның үлгілерінің өнімділік, құнарлылылқ сипаттары, тіл дамуындағы маңызы.
Қарастырылатын сұрақтар: Зат есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнің сөзжасамына аналитикалық тәсілдің барлық түрлері қатысатыны, олардың күрделі зат есімдер жасайтыны. Зат есімнің қосарлану тәсілі арқылы жасалуы, бұл тәсіл арқылы зат есімнің сөз тұлғасы жағынан қос сөздер аталатын түрі жасалатыны. Зат есімнің тіркестіру тәсілі арқылы жасалуы. Зат есімнің қысқару арқылы жасалуы. Зат есімнің лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнен басқа сөз таптарының сөз құрамын өзгертпей, заттанып, зат есімге көшуі де зат есімнің семантикалық тәсіл арқылы жасалуына жататыны (жетісін беру, ыстығы үлкен, ыстық (тамақ мағынасында), ақ молайды, туысы көп, шығысы артық, айтысқа түсті). Контекстік заттанудың сөзжасамға жатпайтыны (үлкенді сыйла). Сын есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқы-лы жасалған сын есімдердің күрделі сын есім жасайтыны. Күрделі сын есімнің жасалуының жолдары, оларға қатысатын негізі, туынды сын есімдер, есім сөздер. Сан есім сөзжасамының өзіндік жүйесі бар, сан есім сөзжасамына қатысатын тілдік тұлғалар, олардың негізгілері. Сан есімнің сөзжасамдық тәсілдері. Аналитикалық тәсілдің сан есім сөзжасамында негізгі орын алатыны, аналитикалық тәсіл арқылы сан есімнің жасалу үлгілері, жолдары.Етістік сөзжасамының зерттелуі. Етістік құрамын әр кезеңде де сөзжасам арқылы толықтырып отыратыны. Етістіктің сөзжасам арқылы құрамын толықтыруға басқа сөз таптарының да, етістіктің өзінің де негіз болатыны. Етістіктің семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Есім негізді туынды түбір етістіктер, олардың негіз сөздері, есім негізді туынды түбір жасайтын жұрнақтар, олардың беретін мағыналары. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқы-лы жасалуына қатысатын тілдік тұлғалар, олардың қызметі, мағына жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалатын күрделі етістіктер. Күрделі етістіктердің құрамы, олардың орны, қызметі, сөзжасамдық қабілеті, күрделі етістік жасауда тірек сыңар болатын етістіктер. Аналитикалық тәсіл арқылы құранды етістіктің жасалуы, оның құрамы, құранды етістіктің тірек сыңары, құранды етістікке тірек сыңар болатын етістіктер. Құранды етістік-тің құрамындағы сыңарларының беретін мағынасы. Сөздік құрамнан құранды етістіктің алатын орны. Құранды етістіктің зерттелуі. Құранды етістік туралы ғалымдардығ көзқарастары..
Тапсырма: Етістік сөзжасамына қандай сөз таптарының сөздері негіз сөз ретінде қатысады? Синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбір жасауға негіз болатын түбірлер қандай? Ауыспалы сыңар деген не? Тірек сыңар деген не?
Жаттығу жұмысы: 270-жаттығу. Синтетикалық, аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктерді анықтаңыз. («Қазіргі қазақ тілі» жаттығулар жинағы. –А.,1997).

Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:
1 Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –А., 2002
2 Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект. А., Қазақ университеті, 1999
3 Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. –А., Қазақ университеті, 2003
4 Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту. –А., Рауан, 2000
5 Қазіргі қазақ тілінң сөзжасам жүйесі. –А., 1989
6 Қалиев Ғ. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру. –А., Ғылым, 1985
7 Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер. Уәждеме және аталым. –А., Ғылым, 2001
8 Ибатов Ә. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. –А., Ғылым, 1988
9 Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. –А., Рауан, 1998
Қосымша:
10 Байтұрсынов А.Тіл тағылымы. А., 1994
11 Ганиев Ф.А. Образование сложных слов в татарском языке. –М., 1982
12 Жұбанов Қ. Қазақ тлі жөніндегі зерттеулер. –А., Ғылым, 1999
13 Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. –М., Наука, 1962
14 Есімсейітов Б. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбек. АКД, -А., 2002
15 Земская Е.А. Словообразования как деятельность. –М., 1992
16 Кубрякова Е.С. Теория номинация и словообразования. / Языковая номинация. –М., 1977
17 Құрманалиев К. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя проблемаларының ғылыми-теориялық негіздері. –А., 2002
18 Қазақ тілі сөздігі. –А., Ғылым, 2000
19 Қазақ тілі. –А., 2000
20 Қазақ тілінің грамматикасы. 1-том. Морфология.-А., 1967
21 Қасым Б. Күрделі зат есімдер сөздігі. –А., 1999
22 Манкеева Ж.А. Реконструкция первичных корней глагольных основ казахского языка. –А., 1991
23 Оразов М. Етістік. –А., Санат, 1994
24 Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. –А., Санат, 1994
25 Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. –А., Сөздік, 1998
26 Тихонов А.Н. Словобазовательный словарь русского языка. –М., 1990
27 Томанов М.Т. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. –А., 1987
28 Томанов М.Т. Тіл тарихы туралы зерттеулер. –А., 2002
29 Тоққожаева О. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұялар сөздігі. –А., 1996
30 Улуханов И.С. Словообразовательная семантика в русском языке.-М., 1977
31 Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюрских языков. Глагол. –Л., 1981
32 Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюрских языков. Имя. –Л., 1977
33 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –А., Ғылым, 1974

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *