Жеке адамға қатысты іс қағаздар

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Жеке адамға қатысты іс қағаздар
Сабақтың мақсаты : білімділік – Жеке адамға қатысты іс қағазды жаза білуге үйрету;
дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;
тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Жеке адамға қатысты іс қағаздар
Іс қағаздарын қалыптасқан үлгіде сауатты жаза білу талабы — жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының да шарты. Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының не-гізгілері төменде көрсетілген.
1. Өмірбаян (аннотациялық парақ)
2. Өтініш
3. Жеке іс парағы
4. Анықтама
5. Мінездеме
Өтініш — ресми іс қағазы. Оған қойылатын талап нақтылық, дәлдік, ойды, тілекті ашып, анықтап көрсету.
№ 7 жалпы білім беретін
мектептің директоры
Р. Балғымбаеваеа
биология пәнінің мұғалімі
Ж. Асановадан
өтініш
19.02.05. — 25.02.05 аралығында биология пәні апталығының өтуіне дайындық жүргізу үшін №27 кабинетті босатуға рұқсат етуіңізді сұраймын.
17.02.05 қолы
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын
Үйге тапсырма: қайталау

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *