Сөз әсерлілігі

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Сөз әсерлілігі
Сабақтың мақсаты : а) білімін жинақтау,құзыретті тұлға қалыптастыру;
ә) оқушының өзіндік іс әрекетін дамыту;
б) сөйлеу мәдениетіне,шешендікке баулу,сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : тірек сызбалар, деңгейлік тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлеу мен жазудағы басты назарда ұстар қағидалардың бірі — сөздің әсерлі жетуі. Сөздің әсерлілігі сөйлеушінің дауысына, сөйлеу мәнеріне, сөздерді дұрыс таңдап ала білуіне байланысты.
Дауыстың түрлі болуына қарай біз көңіл-күй жағдайын, сөйлеушінің ойға, іске қатынасын анықтай аламыз. Көптеген мамандық иелері үшін дауыс үлкен рөль атқарады. Сөздің дәл, орнымен қолданылуымен қоса, көркем де әдемі сөздерді таңдап алғанымен, орынсыз дыбысты, сөзді көтеру, созу немесе ақырын айту сөздің, ойдың әсерін төмендетіп қана қоймай, тыңдаушыны жалықтырып та жібереді. Екпіні, кідірісі дұрыс қойылған, жағдайға лайық сөздер дұрыс таңдап алынған әңгіме, сұхбат, кез келген жазбаша үлгідегі мәтін тыңдаушы үшін де, оқушы үшін де әсерлі болатыны сөзсіз.
Сөздің әсерлілігінің екінші жағы — сөздің тура мағынасында қолданумен бірге оны суреттеп, бейнелеп, ауыстырып айту.
Мысалы: қуанды дегеннен де «көзі жайнап, жүзі бал-бұл жанды» деген әсерлі болары сөзсіз.
Сөз мағынасының басқа мағынаға ауысуы
Метафора тәсілі ~ сөз мағынасын салыстыру, жақындату негізінде астарлы тың мағына жасау. Мысалы: «Өзім -Күнмін, өзім — от» (Мағжан). Осындағы «Күнмін», «от» метафора тәсілі арқылы ауыспалы мағынаға ие болған.
Метонимия — зат, құбылыс атауларының екінші бір зат құбылысқа шектестігі, ұласпалылығы негізінде жұмсалуы. Мысалы: Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер, Құйма құлаққа айтсаң, құйып алар (Мақал). Ақпа құлақ «ұғымсыз» мағынасын, құйма құлақ «ұғымтал», «зерек» мағынасын ауыстырып тұр.
Синекдоха — жалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек немесе керісінше қолданылатын мағына. Мысалы: Көп қорқытады, терең батырады. Мақалда көп «халық», «ел» мағынасын береді.
Ауыспалы мағына метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, теңеу т.б. бейнелеу тәсілдері арқылы беріледі. Ойды неғұрлым кең берем деп тыңдаушы, оқушыға тегеурінді әсер беретін ауыспалы мағынадағы сөздерді тым қоюлатып, сурет-сөзге әсіре еліктеп кетуге де болмайды.
Қорыта келсек, сөздің әсерлі жетуі сөзді мәнерлеп айтуға қажет: екпін, дауыс кідірісі, дауыс күші, дыбыстың айтылу ерекшелігіне, тілде бейнелеу құралдарын: метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, теңеуді орнымен қолдану, жағдайға қарай сөздерді дәл тауып, қолдануға байланысты.
Жаттығумен жұмыс: 56-жаттығу Әр сөйлемді бірнеше түрде жазыңдар.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 55-жаттығу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *