Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Жұрт алдында сөйлеу әдебі
Сабақтың мақсаты : а) Білімділік: қазақ тілі пәнінен алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.
ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.
б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, газет-журналдар
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Ауызша сөйлеу тілі әдеби тілде және ауызекі тілде сөйлеу болып бөлінеді. Ауызша сөйлеу тілі күнделікті қарым-қатынаста жүретінін айтып өттік. Ал әдеби тілде ауызша сөйлеудің де бірнеше түрі бар. Оны жұрт алдында сөйлеу тілі деп те атайды. Жұрт алдында сөйлеу:
— баяндамашы, лекторлар;
— түрлі орындарда айтылар тілек, мадақ;
— құттықтау, көңіл айту, көңіл аулауға қатысты сөздерден құралады.
Жұрт алдында сөйлеу кезінде ең бастысы — тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Сөйлеуші айтар ойын, сезімін, көзқарасын дауыс ырғағы, дауыс күші, ым-ишара, әр қимыл-қозғалысы арқылы да жеткізеді. Сөйлеуші сөзінің тыңдаушы көңіліне қонуы таңдап алған сөздерін дұрыс қолдану, әрі оларды дұрыс байланыстыру-мен бірге сөзді құлақпен естіп, қимылын көзбен көруінің де ықпалды екенінде.
Сөйлеушінің ым-ишара, қимыл-қозғалысының екі жақты қызметі бар. Ойды дәл, нақты жеткізудің көмекші құралы болса, екіншіден, орынсыз, артық, жөнсіз қолданылса, тыңдаушыларына кері әсер етеді.
Қандай жағдайда болсын ым-ишара, сезім, қимыл-қозғалыстың көмекші құрал екенін ескеріп, айтылатын тақырып, ой, мазмұнын ашатындай болуына назар аударылуы керек.
Қорыта келгенде жұрт алдында сөйлеуде:
— дауыс ырғағына, интонациясына, дауысты сан түрлі құбылтуға;
— сөйлемнің эмоционалды бояуына;
— сөйлеу темпіне;
— дауыс күшіне;
— сөздерді орфоэпия нормасына сай қоюға;
— қимыл-қозғалыс, ым-ишараны орнымен қоя білуге назар аударылуы керек.
Жаттығумен жұмыс: 28-жаттығу. Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстырып оқыңдар.
Шығармашылық жұмыс: Төмендегі сөздерді тұрақты тіркестермен ауыстырып жазыңдар.
Белгілі, үндемеу, ұйықтамау, тез, ұялу, балағаттау, әдемі, ойламау, қорқу, алыс, жақын, сөзшең, таза, жас, өтірік, шын, мейірімді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 29-жаттығу.