Қоғамдық қатынастағы ұлттық тілдің мәні

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Қоғамдық қатынастағы ұлттық тілдің мәні
Сабақтың мақсаты : а)Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Қазақтың рулық, халықтық дәстүр, әдетті берік ұстанған ортасы тілді де әр сөйлеуші, тұтынушының қоғамдағы орнына қарай ыңғайлай, орнымен қолдануын талап еткен.
Жас ерекшелігіне қарай, ел-жұрт алдындағы беделі мен қызметіне, сіңірген еңбегіне қарай әркімнің айтар сөзі, сөз қолданар орны болады. Топ алдында елге арнала айтылар сөзді жасы үлкен аңсақал, қариялар, ел сыйлайтын азаматтар бастаған. Жасы кіші солардың рұқсатымен немесе сұрауымен ғана сөйлеген. Бұның бір жағы ортаны сыйлау, елді, үлкенді, дәстүрді құрметтеу болса, екінші жағы — тілдің тәрбиелеуші қоғамдық қызметінің көрінісі.
Қоғамдық қатынастағы тілді іскерлік қатынаста және әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөздер деп бөлуге болады. Тарихи қалыпта алар болсақ, билер сөз жарысы, ел мен жер дауына қатысты сөз қағыстары, пікірлесу, сұхбаттасу, мәміле, келісім сияқты сөз қолданыстарын қазіргі қазақ тіліндегі іскерлік қатынастағы сөздердің бастауы деуге негіз береді.
Жаттығумен жұмыс: 12-жаттығу. Амандасудың әр түрі кімге қатысты екенін айтыңдар.
Топпен жұмыс: 1-топ: Бірнеше мақал-мәтелдер айтады.
2-топ: Мақал-мәтелдердің қандай мінездерді бейнелегенін айтады.
Мысалы: Сөйлегенді үндемеген жеңеді (шыдамдылық,сабыр.)
Сұрақ-жауап: «Сәлем бере білесің бе?»
1. «Сөз анасы-сәлем» дегенді қалай түсінесің?
2. Сәлем беру деген не?
3. Екі адам кездессе, кім бірінші сәлем береді?
4. топқа қарсы келгенде кім бұрын сәлем беру керек?
5. Сәлемдесу әдебін қалай жасаған жөн?
6. Сәлемді қалай алған,қабылдаған дұрыс?
7. Өзің сәлем бере білесің бе?

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 14-жаттығу.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *