Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Тамыры терең, тарихы бай тіл
Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілі тамыры терең, тарихы бай тіл екендігі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық ,жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;
б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру,талдау
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т.б
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Қазақ тілі тілдерінің қыпшақ –ноғай (Н.А. Баскаковтың топтастыруы бойынша) тобынан тарайды. Түркі тілдеріне қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар, құмық, башқұрт т.б. тілдері жатады. Түркі тілдеріне ортақ әдеби, мәдени мұра – қазіргі қазақ халқының да рухани құндылықтары.
Көне жазба мұралар (ХІV-ХV ғ.ғ. дейінгі)
1. Көне түркі кезеңі ҮІ-ІХ ғ.ғ. Орхон-Енисей, Талас ес-керткіштері, «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама» т.б.
2. Ислам дәуірі Х-ХІІ ғ.ғ. Әл-Фараби («Музыканың ұлы кітабы», «Аргонон», «Логика» т.б.), М. Қаш-қари («Түркі сөздерінің жинағы»), Ж. Баласағұ-ни («Құтты білік»), А. Иассауи («Даналық кітабы»), А. Иүгінеки («Ақиқат сыйы») т.б.
3. Алтын Ор-да — Қып-шаң дәуірі ХІП-ХІУ ғ.ғ «Кодекс куманикус», Рабғузи («Рабғузи қис-салары»), Құтып («Хұс-рау-Шырын»), Хорезми («Махаббатнама») т.б.
Жаттығумен жұмыс: 4-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.аудармасын түпнұсқасымен салыстырыңдар.
Топпен жұмыс: 1-топ: Мына сөздерден сөз тіркестерін жасаңдар.
Шегір,оқалы, лауазым,лебіз,манат,ойпаң,өктем,перне,рухани. Сонар,сәйгүлік, сүліктей, сүрме, сырғауыл, доғал,дода,ғибрат.
2-топ: Сол сөз тіркестерінен сөйлем құрастырады.
Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 7-жаттығу.