Анатолий Храпатый (1963 — 2008 жж.)

Анатолий Храпатый (1963 — 2008 жж.)

Храпатый Анатолий Михайлович – қазақстандық ауыр атлетші, 1963 жылдың 20 қазанында Целиноград облысының Атбасар қаласында туылған. Қазақтың дене шынықтыру институтын бітірген, жаттықтырушы. «Спорт» клубының директоры.
Сеулде (1988) алтын медальді ауыр атлетші Анатолий Храпатый ауыр салмақ санатында жеңіп алды. Сол жылдары оған теңесер ешкім болмады. Ол бірінің артынан бірі өз рекордын жаңартып отырды. Сеул алаңында жұлқып көтеруден ол 187,5 килограммды, ал итеріп көтеруден өзінің бәсекелесі Наиль Мухамедьяровты 10 килограммен асып түсіп, 225 килограммды көрсетті. Храпатый осы алуларымен тоқтап қалмады. Сол жылы жұлқып көтеруден 228 килограмм салмақты алып, жаңа рекорд жасады.
Сегіз жылдан кейін тәуелсіз Қазақстан құрамасының құрамында жүре отырып, Атланта Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды. А.М. Храпатый әлемнің бес дүркін чемпионы, 1988 ж. Олимпиада чемпионы, 1996 ж. Атланта Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азия ойындарының көп дүркін чемпионы, ауыр атлетикадан Еуропа және әлем чемпионаттарының, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы.
2008 жылғы тамыздың 11-інде Анатолий Михайлович Храпатый жол апатына ұшырап қайтыс болды.

Сөздік
ауыр атлетші – тяжелоатлет
салмақ – тяжесть
дене шынықтыру – физкультура
жаттықтырушы – тренер
ауыр салмақ санаты – тяжелая весовая категория
теңесер ешкім болмады – не было равных
бірінің артынан бірі – один за другим
рекордын жаңартып отыру – зд: бить рекорд
жұлқып көтеру – в рывке
итеріп көтеру – в толчке ?????
бәсекелес – соперник
жол апаты – дорожная авария

Тапсырмалар
Сөйлесім. Тақырып бойынша сұхбаттасыңыздар.
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.
Берілген сөз тіркестерін сәйкестендіріңіздер:
Анатолий Храпатый ————————— күміс медалі
жаңа рекорд ————————————- жеңіп алды
Атланта Олимпиадасының————————— тоқтап қалмады
оған теңесер————————— жасады
қазақстандық ————————————- көп дүркін чемпионы
күміс медалін———————————— ешкім болмады
осы алуларымен ———————————— қазақстандық ауыр атлетші
Азия ойындарының————————————ауыр атлетші
Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер
Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.
Асты сызылған сөздерді формалдық белгілері арқылы қай сөз табына жататынын анықтаңыздар.
Мәтіннен етістіктерді, етістік формаларын жазып алып, құрамын көрсетіп, түсіндіріңіздер.
Есімдіктерді жазып алып, олардың мағынасына қарай түрлерін белгілеңіздер.
Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *