Юрий Мельниченко
Юрий Мельниченко – 1972 жылы Қырғызстанда дүниеге келген, балуан. Грек-рим күресінен Атланта Олимпиадасының чемпионы, Әлем және Азия чемпионаттарының сондай-ақ, Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, әрі жаттықтырушы даңқты балуан. 1996 жылы Атлантада жалауын жаққан 26-жазғы олимпиада ойындарына Қазақстан Ұлттық Құрамасы тұңғыш рет Тәуелсіз ел ретінде қатысты. 24 жасар Юрий Мельниченко үшінде аталған Олимпиада оның бұған дейінгі сынға түскен боз кілем бәсекелерінің ішіндегі ең шоқтығы биігі болатын. Дәл Атланта боз кілемінде қапы қалдырып, есесін қайырған Юрий Мельниченко тарихи жеңіске жетеді.
Барселона Олимпиадасынан кейін бұрынғы Одақты құраған республикалардың барлығы халықаралық жарыстарға өз алдына тәуелсіз мемлекет ретінде қатыса бастады. 1994 жылы Әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанады.
Сөздік
1. балуан – борец
2. бірнеше дүркін – неоднократный
3. жаттықтырушы – победитель
4. даңқты – знаменитый
5. жағу – зажечь
6. сынға түсу – участвовавший в борьбе
8. бәсекелер – соперники
9. шоқтығы биігі – самый лучший
10. дәл – как раз
11. қапы қалдыру – победить
12. есесін қайыру – ответить
13. жету – достичь
14. жеңімпаз – победитель
Тапсырмалар
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.
Мәтіннен мекенжайды, бағытты, анықтағышты, субъектіні білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
Мәтін бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.
Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.
Мәтіннен алынған келесі сөздердің синонимдерін келтіріңіздер: жаттықтырушы, дүниеге келу, тұңғыш, жеңіске жету.