Александр Винокуров

Александр Винокуров

Александр Николаевич Винокуров (1973 қыркүйектің 16 Бескөл, Солтүстік Қазақстан облысы) – Қазақстанның атақты велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы.
2003 жылы отандасы әрі досы Кивилев қайтыс болғаннан кейін Винокуров Париж-Ницца жарысында алғашқы орын алады, бұл жарысын ол марқұм досына арнайды.
Александр 2006 жылғы атақты испандық Вуэлта жарысында бірінші орын алған. Бүгінгі күні Әлемдегі ең мықты клуб «Астананың» негізін қалаушы. 2007 жылы Астана клубының капитаны Александрды велоспорт әлемінде Тур де Франс жарысынын жеңуге ең ықтимал фаворит ретінде есептейді. Бірақ Винокуров ол жарыста қатты жарақат алады, дегенмен оған қарамастан аяқ қолын дәкемен орап алып қанын сорғалатқан Александр келесі бір кезеңде алғашқы орынды жеңіп, әлемді таң тамашаға бөлейді. Алайда сөйтіп ықтимал жеңімпаздар қатарына қайта енген Виноны француздар допиң тексерушілері қан ауыстырды деп айыптап, команданы түгелдей жарыстан қуып, Виноны екі жылға жарыстардан аластайды. Бірақ еш жасымайтын Александр 2009 жылы үлкен спортқа қайта оралып қыркүйек айында Астана құрамына қайта енеді.
2010 жылы Александр Винокуров «Джиро де Трентино» (сәуірдің 20-23-і) веложарысының алғашқы кезеңін жеңіп алып, екінші кезеңінде 2- болып келіп, ақыры жалпы есепте де бірінші болып жеңіске жетеді.
Сөздік
велошабандозы – велогонщик
біріншілік – первенство
көпкүндік – многодневка
отандас – соотечественник
қайтыс болғаннан кейін – после смерти
марқұм досы – покойный друг
арнау – посвятить
негізін қалаушы – основатель
ең ықтимал – зд: самый основной претендент
есептелу – считаться
жарақат алу – получить рану
дегенмен оған қарамастан – несмотря на это
дәкемен орап алу – перевязать бинтом
қан сорғалату – истекать кровью
таң тамашаға бөлеу – удивить
алайда сөйтіп – тем не менее
қайта ену – вновь войти
қан ауыстыру – зд: переливание крови
айыптау – обвинить
түгелдей жарыстан қуу – удалить со всех соревнований
жарыстардан аластау – зд: дисквалифицировать
қайта оралу – вернуться вновь
кезең – этап
ақыры жалпы есепте – зд. по общей классификации

Тапсырмалар
Мәтін бойынша диаграмманы толықтырыңыздар:
Александр Винокуров
Ол кім?

 

Қашан және қайда туған?

 

Қандай жетістіктері бар?

 

2003 жылы Париж-Ницца жарысында алғашқы орын алып, бұл жарысын ол кімге арнайды?

 

Тағы қандай спорт жетістіктері бар?

 

Сөйлесім. Тақырып бойынша сұхбаттасыңыздар.
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.
Мәтіннен мекенжайды, мезгілді, бағытты, анықтағышты, толықтауышты, субъектіні, шығу мекенін, бірлескен іс- әрекетті білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
Мәтіннен берілген келесі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар: есептелу, қайта ену, жеңімпаз, ықтиамл, кезең, алғашқы, жеңіс, тексеруші.
Мәтіннен ауыспалы осы шақтағы етістіктіктерді теріп жазыңыздар, жағын және жекеше немесе көпше түрін көрсетіңіздер.
Мүмкін сөйлемдерде зат есімдерді есімдіктермен ауыстырыңыздар. Есімдіктердің түрлерін анықтаңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *