Майра Шамсутдинова (1896-1929 жж.)

Майра Шамсутдинова (1896-1929 жж.)

Майра Уәлиқызы Шамсутдинова 1896 жылы қазіргі Павлодар қаласында туды. Ол – халық әншісі, композитор.
Әншілік өнерге 13 жасынын бастап ден қойған. Қазан төңкерісінен кейін Майра шығармашылығының дамуына кең жол ашылды. Баянауыл, Кереку, Семей, Коянды жәрмеңкелерінде ән салған; әнші ақын Иса Байзаковпен бірге ән шырқап, өз өнерін шыңдай түсті.
1926 жылы белгілі музыка этнографы, фольклоршы А.В. Затаевичпен жолығып, ән жаздырады. Ол «Майра» («Үбайра», «Райра», «Хара-раку-райра» деп те айтылады), «Ертіс», «Қызыл гүл» т.б. халық арасына кең тараған әндердің авторы. Оның орындаушылық және композиторлық шығармалары Арқаның әншілік дәстүрлерін ілгері дамытты.
Майра ескілік әдет-ғұрыптан кол үзіп, өз өнерін кәсіби дәрежеде меңгерген қазақ әйелдерінің бірі. Ол әнді сырнаймен айтқан. Көптеген қазақтың халық әндеріне интонациялық, ритмикалық, динамикалық өзгерістер енгізген. Әнші қазақ әндерімен қатар татар, орыс әндерін де нақышына келтіре орындаған.
Майраның әндерін композиторлар Е.Г. Брусиловский «Қыз Жібекте», А.А. Зильбер «Қайта туған Қазақстан» симфониясында, Б. Байқадамов «Майра» хор капелласында пайдаланды. Ә.Тәжібаев «Майра» атты пьеса, поэма жазды. Бүгінде оның 20-ға тарта әні белгілі.
Майра Уәлиқызы атындағы әншілер байқауы өткізіліп тұрады. Майра 1929 жылы қайтыс болды.


Сөздік
ден қою – начать
қазан төңкерісінен кейін – после октябрькой революции
даму – развитие
кең жол ашылды – открылась широкая дорога
жәрмеңке – ярмарка
ән шырқау – исполнять песни
шыңдай түсу – закалять
жолығу – встретиться
кең – широко
тарау – распространиться
орындаушылық – исполнительское
ілгері дымыту – развивать вперед
әдет- ғұрып – традиции и обычаи
қол үзу – потерять связь
кәсіби дәреже – профессиональный уровень
меңгеру – усвоить
сырнай – дудка
өзгеріс – изменение
енгізу – вводить
нақыш – ритм
келтіру – приводить
пайдалану – использовать
тарта – около
байқау – конкурс
өткізу – проводить

Тапсырмалар
Мәтінді оқып, «шын» немесе «жалған» екенін анықтаңыздар (дұрыс сөйлем- бұрыс сөйлем).
Майра Шамсутдинова 1896 жылы қазіргі Павлодар қаласында туды.
Бүгінде оның 10-ға тарта әні белгілі.
— 1925 ж. фольклоршы А.В. Затаевичпен жолығып, ән жаздырады.
Ол «Майра», «Ертіс», «Қызыл гүл» т.б. халық арасына кең тараған әндердің авторы.
Әншілік өнерге 15 жасынан бастап ден қойған.
Әнші ақын Иса Байзаковпен бірге ән шырқады.
Майра Шамсутдинова әнді сырнаймен айтқан.
Майра Уәлиқызы атындағы әншілер байқауы өткізіліп тұрады.
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.
Алдыңғы мәтінмен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыздар.
Мәтіннен бірлескен іс- әрекетті және құралды білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
Мәтіннен берілген келесі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар: әншілік, ашылу, өзгеріс, өткізу, кең, енгізу, пайдалану, кәсіби.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *