Шəмші Қалдаяқов (1930-1992 жж.)

Шəмші Қалдаяқов (1930-1992 жж.)

Ш.Қалдаяқов – ұлы қазақ совет композиторы. Ш.Қалдаяқов Шымкент облысы Отырар ауданында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан. Ол 1956-1962 жж. Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында оқыды.
Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш. Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Өзінің қарапайымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды.
40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқов 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Ш.Қалдаяқовтың қолтаңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Оның ғажап шығармашылығы ұлттық мәдениеттің тамаша көрінісінің бірі.
Халықтың сүйікті композиторы Ш.Қалдаяқовтың жарқын бейне тыңдаушылар жүрегінде әрдайым сақталады. Шәмші Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосып жіберген композитор. Әлемдік музыкада Штраус, Шопеннің вальстері қандай орын алса, Шәмшінің вальс ырғақтары да сондай әсем. Содан оны қазақ халқы аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» — деп орынды мақтан етеді.
Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан ЛКСМ атындағы сыйлықтың лауреаты болды. Шәмшінің әндері ерекше жұмсақ, жылы сазымен ел назарын бірден аударды. Оның әндері қазақ эстрада музыкасын байытты. 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі құрметті атағы берілді.
1992 жылы 29 ақпанда жасы 62-ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан көрнекті халық әртісі Ш. Қалдаяқов көз жұмды.
Шәмші әндері ойлылығымен, тазалығымен адам жүрегіне қуаныш, өмірге құштарлық, махаббат пен мейірім, туған елін, туған жерін шексіз сүю сезімдерін ұялатады. Шәмші Қалдаяқовтың өзі өмірден өтсе де, әні ешқашан да қазақ халқының жадында сақталады.

Сөздік
шығармашылық жұмыс – творческая работа
жарық жұлдыздай – как яркая звезда
сәуле шашу – осветить
айырықша із қалдыру – оставить особый след
күллі – весь
мақтаныш – гордость
қарапайымдылық – скромность, простота
ізгілігі мол адам ретінде – как человек, оставивший большой след
жүрегінен мәңгі орын алу – навсегда остаться в сердцах
музыкалық туынды – музыкальное произведение
қолтаңба – подпись, автограф
бояу – краски
қанық – насыщенный
белеске көтеру – поднять на высоту
ғажап шығармашылығы – удивительное творчество
көрінісінің бірі – один из этюдов
сүйікті – любимый
жарқын бейне – яркий образ
тыңдаушылар жүрегінде – в сердцах слушателей
сақталу – сохраниться
қазақ топырағына – на казахскую землю
жақындату – приблизить
төл өнері санатына – исконное искусство
қосу – присоединить
қандай орын алса – какое место они получили
ырғақ – ритм
орынды – зд: заслуженно
мақтан ету – гордиться
танымал әндер – известные песни
табыс – успех
ерекше жұмсақ – особенно мягки
жылы сазы – теплая мелодия
ел назары бірден аудару – внимание народа ?????
байыту – обогатить
ұзаққа созылған – продолжительная
ауыр науқас – тяжелая болезнь
көз жұму – скончаться
құштарлық – увлеченность
шексіз сүю – любить безгранично
ұялату – вселять
жадында сақталу –сохраниться в ????


Тапсырмалар
Мәтінді оқып, «шын» немесе «жалған» екенін анықтаңыз (дұрыс сөйлем- бұрыс сөйлем).
40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқов 300-ге жуық музыкалық туынды жазды.
1995 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі құрметті атағы берілді.
Ол 1950-1961 жж. Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында оқыды.
Ш. Қалдаяқов Алматы облысы Отырар ауданында дүниеге келген.
Оның әндері қазақ эстрада музыкасын байытты.
Ш. Қалдаяқовты қазақ халқы аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» — деп атаған.

Тыңдалым. Есіңізде қандай сөздер мен сөз тіркестері қалғанын жазыңыздар. Осы сөздердің негізінде мәтін құраңыз.
Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыз.
Мәтін бойынша тест құрастырыңыздар.
Мәтіннен бағытты білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.
Мәтіннен берілген келесі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар: табиғат, ұлт, қосу, танымал, орынды, құштарлық, табыс, мақтан ету.
Мәтіннен келесі сөз тудырушы жұрнақтармен сөздерді теріп жазыңыздар: -лық, -лік,-дық, -дік, -тық, -тік; -ма, -ме; -ғы, -гі, -қы, -кі; -шы, -ші; -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті; -ыш, -іш.
Мәтіннен етістіктерді, етістік формаларын жазып алып, құрамын көрсетіп, түсіндіріңіздер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *