Асанәлі Әшімов

Асанәлі Әшімов

Асанәлі Әшімов (08.05.1937 жылы туған) – актер, Қазақстанның және КСРО халық артисі. 1961 жылы Алматы өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.
Студент кезінде-ақ «Ботагөз» фильмінде Кенжетай ролін ойнады. 1961-1963 жж. «Қазақфильм» студиясында киноактер болып, Жанай («Асау Ертіс жағасында»), Бектасов («Бір ауданда»), Болат («Ұшы қиырсыз жол»), Мұрат («Менің ұлым»), Ескендір («Торапта») секілді әр алуан мінездегі кейіпкерлерді ойнады.
1964 ж. Қазақ академия драма театрының құрамына қабылданды. Театр сахнасында ойнаған алғашқы ролі – М. Әуезовтің «Абай» спектакліндегі Айдар. Сондай-ақ театрда Кебек, Шуақ (Әуезовтің «Еңлік-Кебек» және «Қара қыпшақ Қобыландысында»), Қозы, Қодар, Сырым Датов, (Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Болашаққа аманатында»), Дон Жуан (М. Фриштің «Дон Жуанның думанында»), Виктор (Л.Г. Зориннің «Варшава сазында»), Еламан (Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде») рольдерін ойнап, кейіпкерлерінің ішкі жан-дүниесін терең аша білді.
Әшімовтің актерлік өнер шығармалары жоғары сахналық мәдениетімен, психологиялық тұрғыда айқын кескіндеуімен, қызу қандылығымен әрі әсерлі пластикалық қимыл-әрекетімен ерекшеленеді. Кинода Бекежан («Қыз Жібек»), Шадияров («Атаманның ақыры»), Қасымханов («Транссібір экспресі»), Кемел («Нан дәмі») т.б. рольдерді ойнады.
Әшімов режиссер ретінде де кең танымал. Ол сахналаған Н.В. Гогольдің «Ревизор», Мүсіреповтің «Амангелді», И. Оразбаевтің «Мен ішпеген у бар ма?», спектакльдері мен ол түсірген «Жылан жылы», «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» фильмдер Әшімовтің режиссерлік шығармалығының да кең ауқымын көрсетеді.
Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері (2000), «Парасат» орденімен марапатталған.
Сөздік

кезінде- ақ – во время
секілді – подобный
әр алуан мінездері – разного характера
кейіпкер – персонаж, герой
қабылдау –принимать
сахна – сцена
сондай-ақ – также
ішкі – внутренний
жан дүние – мир
терең – глубокий, содержательный
аша білді – раскрыл, открыл
сахналық мәдениет – сценическая культура
айқын – явно, очевидно
кескіндеу – изображать
қызу қандылығымен – горячий
әсерлі – впечатляющий
қимыл-әрекет – побуждение к действию
ерекшелену – выделяться
ретінде – в качестве
кең танымал – широко известный
иегер – обладатель

Тапсырмалар

Мәтін бойынша диаграмманы толықтырыңыздар:
Асанәлі Әшімов
Қашан туған?

 

Қай институтты бітірген?

 

Студенттік кезінде кімнің ролін ойнады?

 

Қай жылы Қазақ академия драма театрының құрамына қабылданды?

 

Театр сахнасындағы ойнаған алғашқы ролі?

 

Қандай рольдер ойнап, кейіпкерлерінің ішкі жан-дүниесін терең аша білді?

 

Режиссер ретінде қандай спектакль мен фильмдерді қойды?

 

Қандай сыйлықтармен марапатталды?

 

Мәтіннен еңбек құралдарын білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын жоспар бойынша айтып беріңіздер.
Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
«Сын есім + зат есім», «үстеу + етістік», «зат есім + зат есім» сөз тіркестерін құрыңыздар. Сөз тіркесінің 1- інші сөзі мәтіннен болуы тиіс.
Асты сызылған сөздерді формалдық белгілері арқылы қай сөз табына жататынын анықтаңыздар.
Сөздерді оқып, олардың қай сөздерден жасалатынын көрсетіңіздер: қазіргі, ұлттық, бітірген, ойнау, ойлаған, актерлік, шығармалар, сахналық, қандылығымен, әсерлік, сахналаған, марапатталған.
Мәтін бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.
Сөйлемдегі етістіктердің түрлерін белгілеңіздер: негізгі- туынды, негізгі- көмекші, сабақты- салт, болымды -болымсыз, дара -күрделі.
Мәтіннен біріккен және қосарлы сөздерді қатысты сөздермен бірге теріп жазыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *