Бөгенбай батыр (1690-1775 жж.)

Бөгенбай батыр (1690-1775 жж.)

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында  дүниеге келіпті. Оның атасы — Әлдекүн, әкесі – Ақша, анасы – Баяу деген кісілер. Бөгенбайдың екі ұлы болған: Тұраналы,Тұрымбет. Тұраналыдан – Бапан би, Тұрымбеттен – Саққұлақ би туған.
Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын қорғауда Бөгенбай батыр қамал бұзар қайратымен көзге түсті. Олжабай, Қабанбай, Малайсары секілді дарабоздармен қоян-қолтық Көксерке атын борбайлап, қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы талай қанды айқастарға қатысты. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай әскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кезеңдегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.
1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген онсан қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын. 1756-1758 жылдары Бөгенбай батыр Талқы түбінде Шығыс Түркістанға алғаш рет аяқ басқан қытай әскерімен қиян-кескі шайқасқа қатысты. Бұл ұрыста ол қытайларды қыра талқандап, Үрімшіге дейін қуып барды. Бөгенбай батырдың ең ірі жорықтарының бірі 1750 жылы Аягөз өңірінде жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін екі жақ мәмілеге келіп, достық келісім жасады. Бөгенбай батыр дана және аса зерделі адам болған. Ол 1761 жылы елшілік миссиямен Абылай ханның ұлы Әділді алып Қытайға барды.
Бөгенбай батыр Торғай өзенінің жағасында қаза болған.

Сөздік

тұс – сторона, направление
жауынгер – воин
зор беделге ие болу – иметь большой авторитет
қолбасшылық дарыны арқасында – благодаря таланту полководца
құрметке бөлену – быть в почете, стать уважаемым
ел аузында – в устах народа
аңызға айналу – стать легендой
қамал – крепость
бұзар қайраты – разрушительная мощь
көзге түсті – бросаться в глаза
секілді – как
қамал – крепость, вал, укрепление
дарабоз – уст. высшее военное звание
қоян-қолтық – рука об руку
борбайлау – возвышать
талай – несколько, довольно, много
қанды айқастарға қатысу – участвовать в кровопролитных боях
қиян-кескі – беспощадный
шайқас – сражение, битва
көрсеткен қайраты – мужество, которое он показал
жырау – певец, сказитель
толғау – стихотворение-размышление
мәңгі өшпес – никогда не забудется
өрнектеу – украсить
қолын басқарып – руководить войском
ұрыс нәтижесінде – в результате битвы
ойсырай – с большим поражением
арғы жақ – дальний, противоположный
алғаш рет аяқ басқан – впервые ступивший на землю
қыра талқандап – беспощадно разгромив
қуып бару – преследовать
ірі жорық – крупный поход
ұшыру – веять, заставить лететь
жеңіліске ұшыру – разгромлен
мәмілеге келу – прийти к соглашению
достық келісім – дружеское соглашение
дана – мудрый
аса зерделі – умный, способный
елшілік миссия – с миссией посла

Тапсырмалар

1. Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын жоспар бойынша айтып беріңіздер.
2. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.
3. Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
4. Етістіктен сөз тудырушы жұрнақтар арқылы зат есім тудыратын сөздерді теріп жазыңыздар.
5. Асырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімдерді көрсетіңіздер.
6. Мәтіннен күрделі етістіктерді теріп жазып, аудармасын беріңіздер.
7. Мәтіндегі келесі сын есімдерге зат есімдерді табыңыздар: ірі, зор, зерделі, үлкен, қиян- кескі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *