1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске патшаның 19 жастан 43 жас аралығында еңбекке жарамды халықты майданның қара жұмысына алу туралы 25 маусымдағы жарлығы сылтау болды. Бұл қара жұмысқа Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам алу жоспарланды. 1916 жылы шілде айының басында Қазақстанның барлық аймақтарында қарулы көтеріліс басталды. 1916 жылы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттыққа жету болды. Торғай облысы 1916 жылғы көтерілістің ірі орталықтарының бірі болды. Мұнда қазақтардың күресі ұзаққа созылды. Торғай даласындағы көтерілісшілердің саны 50 мыңға дейін жеткен. 1916 ж. қазан айында Амангелді бастаған көтерілісшілер Торғай қаласын қоршады. Көтерілісті талқандау үшін патша үкіметі генерал Лаврентьев басқарған тоғыз мың адамдық жазалаушы корпус жіберді. Патшаның жазалаушы әскерлері қазақ ауылдарын шауып өртеп, халықты қырғынға ұшыратты. Көтерілісшілер Торғайды ала алмағаннан кейін партизандық күреске көшіп, жазалаушы әскерлерге елеулі соққы беріп отырды. Торғай көтерілісі 1917 жылы Ақпан революциясына дейін созылды.Сонымен қатар көтерілістің ірі орталықтарының бірі Жетісу жері болды. Қазақстанның оңтүстігінде Қарқара аймағы халықтық революцияның ірі ошағы болды. 1916 жылы 11 тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін қоршап алды. Көтерілісшілер Кравченконың жазалау отрядын талқандап, жәрмеңкені басып алды. Лепсі уезінде, Меркеде, Әулиеатада, Мойынқұмда көтерілісшілер патшаның жазалаушы отрядтарына қарсы табанды шайқас жүргізді. Жетісудағы халық көтерілісін басып-жаншу үшін патша үкіметі құрамында 14 батальон, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы бар тұтас жазалау экспедициясын жіберді. Нашар қаруланған көтерілісшілер жеңілуге мәжбүр болды. Көтерілісшілердің көпшілігі Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Патшаның жазалаушы отрядтары қазақ ауылдарын шауып, өртеп халықты қырғынға ұшыратты.Көтерілістің жеңіліс табуының ең басты себептері оның бытыраңқылығы, жеткілікті түрде ұйымдаспағаны болды. Сонымен бірге ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады. Біреулері әскери қызметке баруға шақырды, екіншілері патша үкіметімен келіссөз жүргізді.1916 жылы көтеріліс қазақ халқының ұлттық сана – сезімінің өсуіне үлкен әсер етті. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінің 19-43 жас аралығынағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы » жарлығының шығуы.
Қазақ даласында патша жарлығыны көзқарас әртүрлі болды:
— Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады.
— Революцияшыл топ өкілдері ( Ә Жангелдин, А. Иманов, Т. Бокин, Б.Әшекеев, Ж. Мәмбетов ) қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.
— Либералды-демократиялық зиялылар (Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов,
М. Дулатов) патша үкіметінен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.
Олардың мақсаттары қазақтардың тыл жұмысына дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асырып, уақыт ұту, қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу және ұлттық автономия құру болды.
Көтерілістің сипаты, жеңілу себептері және тарихи маңызы. 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс имперализмге, отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Ол шығыстағы қамтыған революциялық дағдарыстың маңызды элементтерінің бірі болған еді.
Қазақтардың ата қоныстарына Ресей мұжықтарын қоныстандыру арқылы жүргізген отарлау саясаты қарқын алған сайын көптеген орыс- украин поселкелері мен қазақ станциялары пайда болған аймақтардағы көтеріліс қарсы айқын аңғарылғансипат алды. Атап айтқанда, Жетісу облысында осылай болды, онда қоныстанушылардың 94 селосы көтерісшілердің шабуылына ұшырады. Ұлтаралық қақтығыстардың салдарынан орыстар мен украиндардан 1905 адам өліп, 684 адам жараланды. Жазалау отрядтары небәрі 171 адамын жоғалтты. Отаршылдық психологиямен уланып, патшалық генералист пен отаршыл әкімшілік айдап салған патша шенеуліктері, қоныстанушы шаруалар, казактар империялық саясат айдап салған патша шенеуліктері, қоныстанушы шаруалар, казактар империялық саясат жүргізді.Олар жауынгерлік жасақтарға, жазалауотрядтарына, қазақ ауылдары мен қырғыз ауылдарын ойрандауға қатысты. Осындай жағдайда 4 Мемлекеттік думанның кадет әне әсер фракциясы көтерісшілерді жақтап, орыс демократиясының ар- намысын қорғады.
4-Мемлекеттік дума 1916 жылғы 1-3 желтоқсанда А.Ф.Керенскийдің көтеріліс қанға тұншықтырылып басылғаннан кейін Түркістанға барған сапары туралы баяндамасын талқылады. А.Ф. Керенский жазалаушыларды әшкерлеп өткір сөз сөйлеп, патша үкіметін және Түркістан мен Дала өлкесінің отаршыл әкімшілігін қатты сынға алды.
Патша үкіметінің саясатын Ресей социал-демократтары да айыптады. Қостанай социал-демократиялық ұйымын құрушылардың бірі, публицист С. Ужгин «Қарабалдақтағы оқиғалар туралы сөз» деген прокламауия шығарды: «Қаруды тастамандар! Оны көбірек құя беріндер! Бір адым да шегінбеңдер! Өздерің оңайырақ төтеп беретін алыс далада күш жинаңдар! Сендерге орыс жұмысшыларынан көмек келетінін есте сақтаңдар!».
Орыс шаруаларының демократияшыл бөлігі көтерісшілерге жанашырлықпен қарады. «Казанск – Богородское селосында, — деп хабарлады Верный полицмейстері әскери губернатор М.А. Фольбаумға, — шаруалар Иван Долматов пен Дермидон Федосов …. қырғыздар тобырын олардан шақыратын бұратаналардың тізімін жасауға жол бермеуге шақырды ». Бүрген (Жетісу ) селосында Демко деген кедей ағайынды үш Қанаевтар мен Айдосовты үйіне жасырған. Павел Аркадьев жазалаушылардан Д. Жайнақовты жасырып қалған. Басқа орыс кедейлері де көтеріліске қатысушыларды жасырған. Ал Торғайда Никита Кротов көтерісшілерді соғыс ісі шеберлігіне үйретіп, оның өзі жазалаушыларға қарсы шайқастардың бірінде қаза тапты. Көтерілістің Қарқара ошағын көрнекті ұйымдастырушылардың бірі Е.Е. Курьев болды. Кәсіпкердің қызы Софья Алексеевна Вербицкая көтерілісшілер жағында шайқасты.
Ұлт- азаттық көтерілісті басып- жаныштау барысында патша өкіметі өртке оранған жер стратегиясын жүзеге асырды, Түркістан өлкесі генерал-губернаторының айтуы бойынша, ол Қазақстан мен Қырғызстанның отарлауға мейлінше қолайлы аудандарын « тазалау » болатын.
Көтерілістің жеңіліс табуының ең батсы себептері оның бытыраңқылығы, аймақ ауқымында ұйымшылдықтың жеткілікті болмауы еді. Патша үкіметі қалыптасқан жағдайды бағалап, халық қозғалысынан шұғыл шаралар қолданды. Оның үстіне күш те соның жағында болды. Ол қоныстандыру қозғалысын жеделдете жүргізіліп жатқан аймақтарда орыс, украин шаруалары, казактар және қазақ, қырғыз шаруалары, дүнген, ұйғыр, өзбек диқандары арасындағы қайшылықтарды пайдалана білді.
Ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады. Біреулері әскери қызметке баруға шақырды, екіншілері патша үкіметінен келіссөз жүргізді. Даланың бетке ұстарлары ( батырлар, хандар, қазылар ) көптеген реттерде қозғалыс басына келгеннен кейін дәйектілік, батылдық көрсетпеді. Бірқатар жағдайларда кейбір бай-феодалдар, хандар көтерілісшілердің мүдделерін сатып кетіп отырды. Патша үкіметі қозғалысты тез арада басшыларынан айыра білді. Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Бекболат Әшекеев Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылды. Қарқарадағы көтерілістің ең басында көтерісшілер қозғалысы жетекшілерінің бірі Жәменке Мәмбетов түрмеге қамалды, басқа 12 басшы азаптап өлтірілді.