ХХ ғ. басындағы Қазақстан.

ХХ ғ. басындағы Қазақстан.
Ресейдегі 1905-1907 жылдар аралығында болған бірінші буржуазиялық-демократиялық революция Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, ұлт-азаттық қозғалыстың дамуына әсер етті.1905 жылғы Петербургте болған қанды жексенбі оқиғасы Қазақстанға да тарады. Соған байланысты Түркістан, Шалқар, Перовск, Жосалы темір жолшылары ереуілге шықты.Сонымен бірге бұл революция қазақ зиялыларының саяси көзқарасының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына ықпал жасады. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Бақытжан Қаратаев, Міржақып Дулатов бұл революцияға белсене қатысты.Олар 1905 жылы қазанда Оралда бес облыстағы қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, қазақтардың ұлттық мүдделерін қорғауға тиісті өздерінің партиясын құруға әрекет жасады. Олар өздерінің алдына орыс шаруаларының Қазақстанға жер беру, мектептер ашу, дін тұту ерекшелігін алу, ұлттық мәдениетті дамыту, қазақ тілін басқа тілдермен теңестіруін қойды.1905-1907 жылдар Қазақстанның саяси өмірі мен ұлттық интеллигенциясы тарихында І және ІІ мемлекеттік Думаға сайлау ерекше маңызды болып табылады. Бұл науқанға ұлтық интеллигенцияның белгілі өкілдері белсенді түрде қатысты. І мемлекеттік Думаға қазақ өлкесінен сайланғандар қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Алпысбай Қалменовтер болды.Ал ІІ мемлекеттік Думаның қатарына Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан Тынышпаев, Әлихан Бөкейхановтар болды. Бақытжан Қаратаев Думаның 1907 жылғы мәжілісіне сөйлеген сөзінде Столыпинның Қазақстандағы аграрлық саясатын қатты сынға алды. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аударуды тоқтатуға шақырды. Бірінші дүние жүзілік соғысқа Ресей империясының қатысуына байланысты, Қазақстан ол кезде Ресей империясының отары болғандықтан соғыстың бар ауыртпалығы қазақ халқының басына түсті.Қазақ халқының жерлерін тартып алу, соғыс қажеті үшін киімдерін, малын және азық-түлік өнімдерін мемлекет есебіне деп еріксіз алды. Соғыс салығы түріндегі барлығы 10-ға жуық әр түрлі салықтар салынды. Бір ғана Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе тасып әкетілді.Қазақстанда жалпы ұлттық дағдарыс пісіп-жетілді. Осы кездегі қазақ халқының хал-жағдайын суреттеген А.Байтұрсынов: “Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды,” – деп жазды. Осы қазақ халқының ауыр тұрмысы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себебі болды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *