«Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебі»КММ
Тақырыбы: Эскиз, костюм композициясы,силуэт, түсі, пропорция туралы түсінік.
Сыныбы:10
Өткізген: Қызырханова Аяулы Бақытбекқызы
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Байтоғас ауылы.
«Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебі» КММ-нің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі
ҚЫЗЫРХАНОВА АЯУЛЫ БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ
Тақырыбы: Эскиз, костюм композициясы,силуэт, түсі, пропорция туралы түсінік.
Мақсаты:
1) Оқушыларға эскиз, костюм композициясы,силуэт, түсі, пропорция туралы түсінік беру.
2) Қажетсіз материалдардан,қандайда бір бұйым жасауға дағдыландыру.
3) Оқушылардың бойына эстетикалық талғам қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,әңгімелесу, сарамандық жұмыс.
Көрнекілігі: Слайд, үлгі плакаттар, буклеттер, әшекей заттар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу;
Кезекші тағайындау;
Түгендеу;
Үй тапсырмасын сұрау «Шашу» әдісі арқылы.
Балалар шашу дәстүрін білеміз бе? Шашу қай кезде шашылады. Ия тек бақытта, қуанышта шашылады. Қазір мен сендерге сұрақтардан шашу шашамын. Ондай болса табақтағы кампиттерді алыңдар. Оның артында сұрақтар жасырынған. Сол сұрақтарға жауап беріп, оны тақтадағы тәрелкеге толтырамыз.
Жаңа сабақ: Балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын «алуан жіптер» сынынан өтейік. Бұл бізге бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуға мүмкіндік береді. Қазір әр түрлі жіптердің ішінен түсіне қарай таңдаймыз. Сол таңдалған жіптің астынан сұрақтар шығады. Соған жауап берейік.
Сонымен бүгінгі сабағымыз не туралы екен? Ия киім туралы . киім дегеніміз не? Ол бізге қандай қызмет атқарады. Онсыз өмірді елестетуге болама? Бұл адам денесінің жамылғысы. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерінен қорғайды. Киімді қайдан аламыз
Костьюм (франц.Costume-киім, кешек). Костюм белгілі бір ұлттың дәуірдің, әр түрлі қоғамдық топтардың киім үлгісі.
Ұлттық киімдерінің түрлер:Пайдалану ерекшеліктеріне қарай. Жыл
мезгіліне байланысты. Жас және жыныс ерекшеліктеріне қарай .
Силуэт дегеніміз ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің прапорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың пішіні.
Ең алғаш қазақстандық сән өнері шетелге 1972 жылы паш еттік. Сонымен қатар “Сымбат” журналы ең алғаш 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш мода театры 1978жылы ашылды. Қазіргі таңда қазақстандық дизайнерлер өте көп. Олардың көптеген жұмыстары әлемдік аренада жоғарғы орындардан көрінуде.
Стиль дегенміз не? Ол қандай түрлерге бөлінеді. Ол классикалық, спорттық, романтикалық, ұлттық болып қолданысына байланысты бөлінеді?
Енді қазір сергіту сәтін жасап жіберейік. Сергіту сәтінде жылдам жылдам сөмке жасалады.
«Сен білесіңбе?» айдары. Кармен Делль- 03/06/1931 жылы дүниеге келген. Ол әлемдегі ең кәрі модель. Оның жасы 84-те. Ол кедей отбасыдан шыққан. Оның анасы балерина , ал әкесі музыкант болған. Ол рекордттық гинес кітабына енген.
Айре Браун-13/06/2013 жылы дүниеге келген. Оның жасы не бәрі екіде. Ол әлемдегі ең кішкентай модель болып табылады. “Қуыршақ қыз” есіміне ие болды.
Әлемдегі ең үлкен койлек ол “қызыл көйлек” деп аталады. Ол оның түсіне байланысты. Ол өзінің ұзындығымен әлемді дүр сілкіндірді. Оған барлығы 550 метр жібек мата кеткен. Оның қалталарына 283 адам сияды екен. Оның авторы Ааму Сонг. Корея
Машықтық кезең: Үлгі бойынша кардиган тігу.
Қорытынды: Балалар мен сендерге әр стильге байланысты киімдер киіп келіңдер дегенмін. Қазір сол киімдеріңмен киініп, таныстырып өтіңдер.
Келесі кезең бағалау кезеңі. Оны «СЭНДГВИЧ»ә дісімен бағалаймыз. Яғни ол тағам бірнеше қабаттан тұрады. Соған орай өздеріңнің сабаққа қатысқандарыңа қарай бағалау критерилерін қоямыз. Сабаққа жақсы қатыссақ, оның нанын аламыз. Сабақта жасаған зат эстетикалық талапқа сай болса аскөкті таңдаймыз. Уй жұмысын орындап келсен шұжықты таңдаймыз. Егерде қойылған сұрақтың барлығына дұрыс жауап берсек онда сүзбені таңдаймыз. Барлық ингриденттер толық жиналса «5» деген баға.
Үшеуі жиналса «4»
Екеуі жиналса «3» деп бағалаймыз.
Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар.