Нәруыздың химиялық қасиеті

Нәруыздың химиялық қасиеті

Жұмыстың мақсаты: Нәруыздың химиялық қасиетін білу.

Қышқылмен сілтілерге нәруыздың қатынасы.Концентірленген сірке қышқылын шайкай отырып ,2-3 мл нәруыз ерітіндісін қосады.Барлық ерітінділерде бұлыңғырлық түрінде тұнбаға нәруыздың түсуі байқалады.Ары қарай қышқылдың қосылуымен нәруыз тұңбасы қайтадан ерітіледі.
Алынған қышқылды ерітіндіні 2 бөлікке бөледі.Бір бөлігін қайнағанға дейін қыздырады.Бастапқы ерітіндіге қарағанда нәруыздың ұюы айқалмайды.1-2 тамшы аммони күкірт қышқылының ерітіндісін ыстық қышқылды сұйықтыққа қосқанда байқалады.
Нәруыз ерітіндісінің басқа бөлігінне ,сұйытылған сілті ерітіндісін шайқай отырып ,абайлап тамшылытып қосады.Қышқылдарадың біртінден бейтараптануы, артық мөлшердегі сілтілі қайта ерітілген тұнба ерітіндісі пайда болады.Сілті ерітіндісінің 1-2 мл қосып,алынған сілтілі сұйықтықтықты қайнағанға шейін қыздырады.Бұл жағдайдав нәруыз ұйымайды.
Егер нәруыз ерітіндісі өте қатты ерітілменген болса ,онда артық мөлшердегі сілтіні қыздырғанда ,аммиак және күкірт қышқылының айырылуы байқалады.

Қыздырған кездегі нәруыздың ұюы.
Нәруыздың ұюы – нәруыз молекуласы өзінің құрылысын өзгертуіне байланысты ,кері айналмайтын тұңбалы процесс.Бейтарап тұздардың қосылуы (аммони сульфаты,натрий хлориді) нәруыздың ұюын жеңілдетеді.
Сынамаға нәруыз ерітіндісінің 4 тамшычын құйып, қайнағанша қыздырады.Нәруыз осы жағдайда бұлыңғыр немесе түйіршік турунде көрінеді.Құрайтын сынамаларды аздап суытады, аммони сульфатының ерітіндісінің тамшысын қосады және бастапқы қайнағанға дейін қыздырады.Нәруыздың ұюы осы екзде көрінеді.

Ерітіндіден нәруыздың қайта оралуы .
Сулы ерітіндегі нәруызға концентірлі минералды тұздың қосылуынан нәруыз тұнады.Тұңбаға түскенде олар өзінің құрама\ын өзгертпейді.
Сынамаға екі тамшы нәруыз ерітіндісін ,2 тамшы қаныққан аммоний ерітіндісін қосып, шайқайды.Нәруыз тұңбасында бұлыңғырлық пайда болады.Бір тамшы бұлыңғыр ерітіндіні ,сумен бірге басқа сынамаға құяды.Тұңба ерітіледі.

Ауыр металлдармен тұзды нәруыздың тұнуы.
Ауыр металлдардың тұзы өте аз концентрацияда ерімейтін тұз түзетін қосылыс түзе отырып, нәруызды ерітіндіден тұндырады.Сондықтан ауыр металлдардың тұзымен нәруыз улануға қарсы зат болып табылады.
Екі сынамаға 3 тамшы нәруыз ерітіндісін енгізеді. Сынамалардың біреуіне 1 тамшы мыс сульфат ерітіндісін, екінші сынамаға 1 тамшы сірке қышқылды қорғасын ерітіндісін қосады. Үлпілдек тәрізді тұнба немесе бұлдыр пайда болады.Мыс тұзымен – көк түсті тұнба, қорғасын тұзымен – ақ тұнба түзеді.

Ксантопротеинді реакция. Ксантопротеинді реакция нәруыздағы аминоқышқылдың құрамында ароматты ядроның (жалғызды немесе конденсирленген), мысалы тирозинді, триптофанды, фенилаланиннің бар болуын анықтайды.Осындай аминоқышқылдың азоты қышқылмен әсері кезінде Сары түске боялған нитроқосылыстар түзеді. Сілтілік ортада сары түс қызыл сары түске ауысады. Бұл қарқынды аниондардың бояуының түзілуіне негізделген.
1 мл нәруыз ерітіндісіне ақ тұнба пайда болғанша немесе 5 – 6 тамшы концентрленген HNO3 қосады. Реакциялық қосапны тұнбаның түсі сары болғанша қыздырыңыз. Гидролиз процесі кезінде тұнбаның ерітілуі жүреді. Қоспаны суытыңыз және оған абайлап тамшымен артық концентрлі аммиак ерітіндісін қосыңыз. Түсі қызыл сары түске ауысады.

Биуретті реакция. Биурет реакциясы көмегімен нәруыз молекуласындағы пептидті тобының болуын анықтайды. Нәруыз түсуінің өнімдері – полипептидтер сонымен қатар, биуретті реакцияны береді, түзілетін мыс комплексінің түсі аминоқышқыл санымен анықталады, олар бір – бірімен пептидті байланыспен анықталады. Дипептидтер көк түс береді, үшпептидтер – күлгін түсті,тетрапептидтер және одан да күрделі пептидтер – қызыл түс береді.
Сынамаға 1 – 2 мл 20 % күйдіргіш натрийдің немесе күйдіргіш калийдің нәруыз ерітіндісін қосады. Кейін оған 3 – 4 тамшы ерітілген, түссіз мыс купоросын енгізіп, пайда болған ерітіндіні жақсы араластырыңыз. Құрамында аз нәруыз болса және жеткіліксіз ашық түс болса және алынатын түстің дәлділігін нәруыз және сілті ерітіндісін таза сынамада сынаманы төмен қаратып қайта араластырады және абайлап пипеткамен 0,5 – 1 мл мыс күкірт қышқыл ерітіндісін сынамада жоғарғы қабат түзіп басқа сұйықпен араласпайтындай етіп қосады. Осы жағдайда қабат шекараларында анық күлгін мөлдір, сақина түзеді.

Нәруыздағы күкірттің ашылуы. Сынамағы 0,5 мл 10% қорғасын ацетат ерітіндісін және 2 мл күйдіргіш натрийді түзілген қорғасын гидроқышқыл тұнбасы ерітілгенге дейін қосады. Басқа сынамаға 2 – 3 мл нәруызды және сондай көлемде алынған плюмбит натриін құйыңыз. Қоспаны қайнағанша қыздырыңыз. Қыздырған кезде нәруыз гидролизденеді және H2S түзеді. Ерітінді қара – қоңыр түске боялады.

Бақылау сұрақтары
1) Нәруыздардың түсті реакцияларын ата
2) Нәруыздың екіншілік құрылымын қалай түсінесің ?
3) Нәруыздың үшіншілік құрылымын қалай түсінесің ?
4) Нәруыздағы үшіншілік құрылымындағ өзара әсерлесудің қандай типтері бар?
5) Нәруыз молекуласында аминоқышқыл қалдықтары бір – бірімен қалай байланысқан ?
6) Қандай органикалық қосылыстар аминоқышқылды деп аталады?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *