Ерте ортағасырлық Қазақстан территориясындағы мемлекеттер. (ҮІ — Х ғғ.).

Ерте ортағасырлық Қазақстан территориясындағы мемлекеттер. (ҮІ — Х ғғ.).

Түрік қағанаты (552-603 жж). Қазақстан жерлері ҮІ ғасырда құдіретті держава – билеушілері түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік энтонимі ең алғаш аталуы қытай жылнамаларында кездеседі. Шежірелерде түріктер Қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік бөліктеріне жыл сайын шапқыншылық жасап тұрғандығы айтылады. 546 жылы тирек тайпалары қазіргі Моңғолияның оңтүстігі мен орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген тиректер армиясының сан жағынан көп болғаны белгісіз, бірақ олардың нөпірі сұсты болған деп топшаланады, өйткені тиректердің құрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың қуатты аварларға аз күштермен қарсы тұра алуы екіталай еді. Түрік қағаны Бумын тирек армиясына шабуыл жасап күйрете жеңіске жетеді. Осы мемлекеттің ойрандалған орнында олар Түрік қағанатын құрады. Бұл этникалық — әлеуметтік бірлестіктің атасы Бумын қаған болады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңіп, билеушілері Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Сөйтіп аварлардың күш қуатына да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырады. 553 жылы Бумын қаған қаза табады, оның орнына таққа інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескінің мұрагері Мұқан қаған, оның лақап аты Нанту болады. Мұқан қаған (552-554 жж.) билік құрған уақытта Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Бұл жылдары түріктердің батысқа жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды, кейін оны батыс түріктердің түпкі атасы Батыс түрік қағанатының негізін салушы деп атайды. 552-553 жылдары түріктер «Батыста идті (эфтал) бағындырады». Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы одан арғы саясаттың негізі болады. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иелігі Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан болатын. Түрік қағанатындағы әлеуметтік қайшылықтар және мал індеттерінің күшейіп ашаршылықпен ушыға түсуі, Сүй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581-618 жж.) Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуіне әкеліп соғады.Батыс түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелді болды. Билік түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болған еді. Батыс қағанатының орталығы Суяб (Жетісу) болды. Аумағы Қаратаудың Шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқант, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Айдхой) отырықшы егіншілік мұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы – қаған жоғарғы билеушісі әскербасы болды. Алғашқы кезде қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатына шұмұқ (ашна) фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп өзара күрес тудырып бұзылып отырды. Қаған мемлекетінің ішкі және сыртқы істеріне басшылық етіп, дәулеттік шонжарларға сүйеніп ру басшыларын сайлады. Қағанатта қоғамдық экономикалық қатынастардың дамуы Евразияның басқа аудандарындағы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығуы арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды. Мемлекетте қағаннан кейінгі адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар – ябғу, шад және елтебер — қаған руының өкілдеріне тиесілі еді. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тарқандар атқарды. Бектер – тайпа бастықтары мен өкілдері – жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болған. Мал өсіретін ерікті қауым мүшелері қағанаттың қарауында болған. Бағыныштылық әрқашан алым-салым төлеумен қатар жүріп отырған. Бағындырылған тайпалардан құлдар тобы қалыптасқан. Түріктердің көрші тайпаларға шапқыншылық жасауының себебінің бірі құлдар алу болған. Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан, Батыс түрік қағанатында топтардың құрылуы және ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.). Батыс түрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери әрекеттері қаған билігінің әлсіреуіне алып келді. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, қытай әскеріне қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісуда Нарзұқ-Иркин, Тургеш Чиқан және ұлық-оқ тайпасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған. Түрік Хусэлонның бастауымен армия құрылады. Бұл армия халқын тыныштандыру үшін ұйымдастырылған еді. Қағанатта үлкен күш пайда болып, мұның қуаттылығы соншалық, Хусэло жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады. Түргештің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға еместі – қағанаттың сол жақ құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер ҮІ ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісу керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болған делінеді. Олардың билеуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол ордасының Шу бойындағы Суябқа орналастырып, ал екінші ордасы Хунгіт қаласы болды. Үш-Елік қалған елді 20 түтіктікке (елшілікке) бөлді, оның әрқайсысында 7 мыңнан әскері бар еді. Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып баласы Сақал қаған (706-711 жж.) таққа отырған. Түргеш қағанатында талас-тартыс туып ішкі бірлік болмайды. Мемлекеттің сыртқы жағдайына мәз еместі. Сол уақытта зор қауіп төндіріп тұрған Таң әулеті, Орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктері Қапаған қаған бастаған әскери одағы, 711 жылы Болучу өзені бойында түргештерді ойсырата жеңеді. Бұл жеңілістен кейін түргештер өз ордасын Таласқа көшіреді. Қаған тағына Шапыш тайпасының өкілі Сұлықты отырғызады. Түргеш қағанатының ішкі саяси жағдайы бірнеше жылдар бойы құбылып отырады. Бірақ Сұлық қаған (715-738 жж.) таққа отырғаннан кейін қағанаттың жағдайы қайта күшейе түседі. Сұлық қаған айлакер қолбасшысы екі майданда күрес жүргізеді. Ол олжаларды бөліске салмай өз қолында ұстады. Дау–жанжалдар қара және сары түргештер арасында күреске ұласты. Сұлық қаған өлген соң күрес шиеленісе түсті. 756 жылы қағанат түрік тілді қарлық тайпасының тегеурініне шыдамай құлады.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқтар туралы алғашқы деректер (759-940 жж.) «бұлақ» деген атпен мәлім болған. Көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерінің деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағынан қоныс тепкен «үш қарлұқ» тайпалық бірлестігі ретінде мәлім. Қарлұқ тайпаларының көсемі Елтебер деген атпен аталған. Монғолияда Шығыс түрік қағанаты құрылғаннан кейін қарлұқтар оған тәуелді болып жүрді. Орхон жазуларында айтылғандай Қарлұқтар түрік қағанаттарына қарсы бірнеше рет қарсы соғыс жорықтарын ұйымдастырып отырған. 742 жылы Монғолия даласындағы саяси жетекшілік Шығыс түріктерінің өкіметін қиратқан үш тайпаның қарлұқтардың ұйғырлар мен басмылдардың одағына көшеді. Аз уақыт басмылдардың бағы жанып, олардың көсемі қаған болады.ХІІ-Х ғғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең көсіліп жатқан акумақты қоныс еткен. Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік тайпалық жүйенің дамыған түрлерінің болуымен сиппатталады. Қарлұқтардың жабғуының билігі сөз жүзінде ғана болды. Жікіл, Тухси және Ягма сияқты ірі тайпаларды басқарып отырған үлестік билеушілер өздерінің жартылай дербес және іс жүзінде тәуелсіз иеліктерін нығайтуда ұмтылды. Қарлұқ қағанатының үлестік тайпалық одағы, бір орталықты мойындамай, билік жолындағы күрестің күшеюіне себепші болды. Х ғасырдың алғашқы жартысында қарлұқ бірлестігінің ұлан-байтақ аумағында батыраңқылық күшейеді. Қашқардың түрік билеушілері пайдаланып, 940 жылы Баласағұнды басып алады да содан кейін Қарлұқ мемлекеті құлайды.
Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғғ.). ҮІІІ ғасырдың бас кезінде Сырдария алқабында жартылай көшпелі печенег-кангар тайпаларының жалпы басшылығымен біріккен біртұтас саяси конфедерация пайда болады. Саяси орталығы Отырар болған еді. Кангар-печенег тайпалары Жетісудан кете бастаған оғыз тайпаларының бірлестігіне табанды күрес жүргізеді. Түргештердің мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, тау баурайларына Шу алқабына кетіп қалған болатын. ІХ ғасырдың орта шенінде қарлұқтар мен кимектер одақтасып кангар-печенег тайпаларын талқандайды. ІХ ғасырдың соңында Арал өңірінің солтүстік жағындағы саяси үстемдікті қолына алады. Хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал-Еділ арасын қол астына қаратады. ХІ-Х ғасырда Сырдарияның орта ағысында Оғыз мемлекеті қалыптасады. Оғыздардың құрамында Сырдария алқабы мен Арал өңірінің, Каспий далаларының үнді-еуропа және финн-угор тектес ежелгі этикалық компоненттер, сонымен бірге, Жетісу мен Сібірдің Халаджулар, Жагарлар, Чуруктер, Қарлұқтар секілді көшпелі және жартылай көшпелі тайпалары болады. Х ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы Янгигент немесе жаңа Гузия деп аталған. Янгигент кимек даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл және Нұра бойларына баратын керуен жолының үстінде болды. Ертедегі феодалдық мемлекеттер сияқты Оғыздар мемлекеті тұтас топтасқан мемлекет болған жоқ. ІХ-ХІ ғасырларда Оғыз мемлекетінің басшысы «жабғу» деген атағы бар жоғарғы билеуші болған. Жабғудың билігі, ресми түрде патшалыққа сайланып қойылған деп есептесе де, мұраға қалып отырды. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік табиғаты жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды. Х-ХІ ғасырлар шебінде Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырай бастайды. Алым-салықтардың жиілей түсуіне оғыз тайпалары наразылық білдіріп, көтеріліс жиілей түсті. Х ғасырдың орта кезінде келген Әш ханның басқаруына қарсы жүргізілді. Осы наразылықты сезген Жентке жақын жерге келіп орын тепкен салжұқ көсемдері пайдаланады. Көп ұзамай салжұқ көсемдері Жентті басып алады, бірақ ұзақ ұстап тұра алмайды. Осы уақытта Әли ханның мұрагері Шахмәлік өкіметі күшейіп шыға келеді. Шахмәлік тұсында 1041 ж. оғыздар Хорезмді басып алады. Деректемелер бойынша Шахмәлік салжұқтардың қолынан мерт болған соңғы оғыз жабғуы болған. Сан жылдар бойы жүргізген соғыстарының нәтижесінде оғыздар әлсіреп, Оғыздар мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққыларынан кейін құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары қыпшақтардың тегеурінен Шығыс Европаға, Кіші Азияға кетті. Біразы Мауреннахрдың Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына өтті. Кейін келе Дешті қыпшақ түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетті.
Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы . — ХІ ғ. басы). Кимектер тарихының ертедегі кезеңі қытай деректемелерінде ҮІІ ғасырдағы батыс ортасында болған оқиғаларға тікелей қатысты яньмо тайпасына байланысты айтылған. Яньмолар ҮІІ ғасырдың бас кезінде Солтүстік батыс Моңғолияны мекендеген. Олардың оғыздар болып, оңтүстігінде Түргештер қарлұқтар қоныстанған. ҮІІ ғасырлар ортасына таман қимақтар Ертіс өңіріне көшіп келіп 656 жылы Батыс түрік тайпалары құлағаннан кейін оқшауланады. 766 және 840 жылдар аралығында кимектер Батыс, Алтай, Тарбағатай және Алакөл ойпаты аумағын ірге теуіп Шығыс Түркістанда мекендеген тоғыз-оғыздардың солтүстік шектеріне дейін жетті. ІХ ғасырдың басында кимектер Сырдарияға қарай жылжыды, сонан соң қарлұқтармен одақтаса отырып печенег тайпаларын жеңіп, Сырдария Арал өңірінен ығыстырыпшығаруына көмектесті. ҮІІІ ғасырдың екінші жартысы – ІХ ғасырды қаулаған оқиғалар Кимек қағанатының құрылуына себеп болды. Кимектердің мекемелері жөнінде алғашқы лебіз ІХ ғ. аяғы мен Х ғ. араб тілінде жазылған Таиха – жағрапиялық шығармаларда айтылады. Мәліметтері мейлінше дәл болып келетін Әл-Яқұба (ІХ ғ.) кимектермен біршама түркі тілдес халықтардың мемлекеттігі туралы былай дейді: Түріктердің әр тайпасының жеке мемлекеті бар және олар бір-бірімен соғысып жатады. Кимек билеушісі едәуір құдіретті болған. Кимек қағанаты қалыптасқан уақыттан кейін, олардың патшасы түріктердің ең жоғарғы атымен қаған деп аталды. Қаған атағы Яғбу атағынан екі саты жоғары тұрған. Өз мемлекеті шегінде билеушілерін тағайындаған, тайпа шонжар өкілдері болған. Қағанның басқарушысы мұра ретінде өтіп отырған. Әскери жетекшілер болып, олар қағанның қызметі үшін үлестер алып отырған. Бұл үлестердегі этникалық орта негізінен алғанда, көбінесе белгілі бір тайпаның өкілдерінен құралады. ІХ ғ. аяғында тарихи-жағрафиялық еңбектерге қарағанда Қимақ мемлекеті өзінің территориялық жағынан ұлғайғандығын көрсетеді. Қимақ тайпаларының бірлестігі Орал тауының қыраттарынан Арал теңізінің далалы аудандарына дейінгі жерлерді, Орталық және Шығыс Қазақстан мен Жетісудің солтүстік шығыс аудандарының арасындағы ұланғайыр кең алқапты алып жатты. Кимектер қағанның орталығы, оның ордасы Имекия (немесе Кимекия) қаласында болды, ол темір қақпалы дуалмен бекітіліп қоршалды. Қалада оның сансыз көп әскері мен қазынасы болды. Қаған билігі мен мемлекеттік өкімет арасында айырмашылық болған жоқ. Кимек мемлекетінде алым-салықтың болғандығын түріктердің өндіріліген алтынынан билеушінің міндетті түрде үлес алу фактісіне қарап топшылауға болады. Этникалық тайпалық құрамы. Кимек федерациясының алғашқы құрамы әл-Гардизи еңбегінде келтірілген. Бұл одаққа жеті тайпа: эймур, имек, татар, байандұр, қыпшақ, ланиказ, ажлар тайпалары кіреді. Кимек одағына кірген тайпалардың тарихын қарастыру олар Қазақстан аумағына Орталық Азиядан көшіп келді деп топшылауға негіз береді. Кимек тайпаларының біріншісі эймур тайпасы, оғыздар арасында белгілі. Эймурлар оғыздарға да, кимектерге де сіңісіп кеткен жоқ, тек тайпа ретінде кірді. Кимектердің үшінші тайпасы — татарлар. Бұл тайпалар тобы Монғолияның солтүстік шығыс жағында мекендеген деп санауға болады. 840 жылдары татарлар Ұйғыр қағанатының құрамына кірген. Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында Кимек мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Қыпшақ хандарының орталық билікке бағынбауы және өз мемлекеттігін құруға ұмтылғандығы ішкі сиппаттағы себеп болды. Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі 916 жылы Солтүстік Қытайда қидандардың Ляо мемлекетінің құрылуы болды. Қыпшақ хандары оғыздардың жерін басып алғаннан кейін едәуір күшейіп күш қуаты жағынан басым болады. Осы оқиғалар кимектерді саяси үстемдігінен айырып қана қойған жоқ, сонымен қатар олар қыпшақтарға тәуелді болып қалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *