Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі


Қазақстан Республикасының білім жане ғылым министірлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 


СӨЖ№1

Тақырыбы.Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі

 

 

Орындаған.Дүйсенқызы.Т
Тексерген.Мұратбекова.Н.Е
Оқу тобы.ВС-701

 

 

 

Семей 2017


Аллельді емес гендердің өзара әрекеттерсуі.
Жоспар;
Гендердің өзара әрекеттесуінің екі түрі бар.
1. Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі.
2. Аллальді емес гендердің өзара әрекеттесуі.
Ген тұқымқуалаупылықтың құрылымдық және функциялық бірліктері болып табылады. Жоғарыда келтірілген мысалдарда гендер, шынында да, жеке бірліктер сияқты әрекет етеді, яғни олардың әрқайсысы белгілі бір белгінің дамуын басқаларға тәуелсіз анықтайды. Сондықтан мынадай түсінік қалыптасуы мүмкін:
генотип — гендердің механикалық жиынтығы, ал
фенотип —жекелеген белгілердің мозаикасы.
Іс жүзінде олай емес. Барлық биохимиялық және физиологиялық процестері нақты үйлескен және өзара байланысқан жеке клетка да, организм де біртұтас жүйе болып табылуының басты себебі — генотип — өзара әрекеттесетін гендер жүйесінің болуы.
Бір немесе әр түрлі хромосомалардың әр түрлі локустарында орналасқан аллельді, сондай-ақ аллельді емес гендер өзара әрекеттеседі.,
Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі
Гендер белгілі бір аллельді емес гендердің көріну сипатына немесе бұл геннің өзінің көріну мүмкіндігіне әсер ететіндігіне көптеген мысалдар келтіруге болады. Гендердің екі жұбының өзара әрекеттесуі, мысалы, тауықтардың кейбір тұқымдарындағы

 

9.17-сурет. Қораз айдарының пішіндері:
А — кәдімгі (ааbb), Б — буршақ. төрізді (ааВВ немесе ааВb) ,В — жаңгақ тәрізді (ААВВ немесе АаВb), Г —раушан тәрізді (ААbb немесе Ааbb)
айдарының тұқым қуалауы. Бұл гендердің әр түрлі үйлесімдерінің нәтижесінде айдардың төрт варианты пайда болады. Жүпар иісті асбұршақта түссіз пигменттің алғашқы формасы — пропигменттің синтезін анықтайтын А гені бар. Ал В гені фермент синтезін анықтайды, бұл фермент әсерінен пропигменттен пигмент түзіледі. ааВВ және ААbb генотиптері бар жүпар иісті асбұршақтың гүлдерінің түсі ақ болады: бірінші жағдайда фермент бар, бірақ пропигмент жоқ, екінші жағдайда пропигмент бар.

Ақ Ақ



х
1Гүлдердің қара қошқыл түсі
Дигетерозиготалы өсімдіктерде қоңыр қызыл пигменттің түзілуіне қатысатын пропигмент (А) және фермент (В) болады. Гүлдердің түсі сияқты қарапайым белгінің пайда болуы, ең болмағанда, өнімдері бір-бірін толықтыратын екі аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуіне байланысты. Әр түрлі аллельді жүптар гендердің әрекеттесуінің бүл түрі комплементарлық — өзара толықтыру деп аталады.
Гендер әрекеттесуінің басқа түрі — эпистаздың мысалы ретінде асқабақ жемістеріндегі түстің дамуын келтіруге болады. Өсімдіктер генотипінде өзге аллельді жүбынан доминантты В гені болмаған жағдайда ғана, асқабақ жемісінің бояулы түсі болуы мүмкін. Бұл ген асқабақ жемістеріндегі түстің дамуын (В) болдырмайды, ал оның в рецессивті аллелі түстің дамуына кедергі жасамайды.
Аллельді емес гендердің әрекеттерінің өзара толықтыруы немесе бір ген, оған аллельді емес өзге геннің көрінуін болдырмау (басуы) сияқты, аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің түрлері сапалық белгілерге қатысты болып келеді. Дегенмен организмдердің көптеген қасиеттері — жануарлардың салмағы мен бойы, тауықтардың жүмыртқа салғыштығы, сүттің майлылығы мен оның мөлшері, өсімдіктер қүрамында витаминдердің мөлшері және т.б. альтернативті болып табылмайды. Мүндай белгілер сандық деп аталады. Олар тек бір белгіге немесе қасиетке әсер ететін аллельді емес гендермен анықталады. Генотипте қандай да бір белгіні анықтайтын доминантты гендер неғүрлым көп болса, соғұрлым мүндай белгі айқынырақ көрінеді. Бидай дәнінің қызыл түсі екі генмен анықталады: А және А2. Бұл жердегі аллельді емес гендер бір ғана әріппен А(а) белгіленген, өйткені олар тек қана бір белгінің дамуын анықтайды. А1 А2 А3 генотипінде дәндердің түсі қанық болады, ал а1 а1 а2 а2 генотипі болғанда олардың түсі ақ болады. Генотиптегі доминатты гендердің санына байланысты, қою қызыл мен ақ түстердің арасындағы барлық өзгерістерді алуға болады
Адам терісіндегі пигменттің мөлшері де бір бағытта әрекет ететін доминатты аллельді емес гендердің санына байланысты. Әрекеттесудің осындай түрі бойынша жануарлар мен өсімдіктердің шаруашылыққа бағалы көптеген белгілері түқым қуалайды: тамыр жемістегі қанттың мөлшері, бидай масағы мен жүгері сабағының үзындығы, жануарлардың өсімталдығы және т.б.
Сонымен, көптеген белгілер гендердің полимерлік, яғни бір бағытта әрекет ететін бірнеше жүптарының өзара әрекеттесуі кезінде дамиды.
Бір геннің организмдегі бірнеше белгілер мен қасиеттердің дамуын анықтайтын жағдайлар да кездеседі. Мұндай құбылыс плеиотропия (грекше рlеіоn — сансыз көп, trороs — бағыт) деп аталады. Мысалы, адамда тырнақтың және тізе буынының кемістігін бір уақытта анықтайтын ген бар. Тышқандарда барлық сүйектердің дамуының жетімсіздігіне әкелетін мутантты ген кездеседі және т.б. Гендердің плейотропиялық әсері осы гендер әсерінің онтогенезде ерте білінуінде жатыр.
Сонымен, «белгінің дамуын ген анықтайды» деп шартты түрде айтылады, өйткені геннің әрекеті басқа гендерге — генотиптік ортаға — байланысты болады.
Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің төрт типі бар:
1. Комплиментальдық әрекеттесу
2. Эпистоз
3. Полемерия
4. Мадификация.
Комплемент гендері деп өз алдына жеке келгендет әсер байқалатын ал егер генотипте басқа біреумен қатар кездезсе жаңа бір белгінің дамуына ықпал ететін гендер. Бұл комплементалдар әсер қош иісті бұршақты жақсы зерттеген.
Бензон деген генетик өзінің тәжірибесінде қош иісті бұршақтың гүлдерінің түсі. Ақ болып келетін формаларын будандастырғанда оладан шыққан бар өсімдіктердің гүлдері қызыл түсті болады.
Эпистаз дегеніміз бірі гендердің қызметі оған аллельді емес басқа бір гендердің тежеуі.
Эпистазды доминанты және ресесипті деп бөлеміз егер аллельді әрекеттесу даминатты гендерде болса доминантты эпистаз ал рессисипті гендердің арасында болса оны рессисипті эпистаз деп атаймыз.
Өзіне аллельді емес басқа бір генде басымдылық жасайтын эпистазды индивитор ал керісінше басымды болса гипотазды деп атаймыз. Гендердің эпистазды әрекетсеуін сулы дәндердің болуының тұқым қуалау мысалында қарастыруға балады. Полимерия қандай болсын бір белгіні қалыптасуына бірігіп әсер ететін гендерді полимерлі гендер деп атаймыз. Ал бір белгінің дамуын қуаттайтын бірнеше аллельді емесгендердің бірігіп қызмет арқару құбылысын полимерия деп атайды.
Полимерия құбылысын 1908 жылы Швед ғалымы Нельсон Элле ашты бұл құбылыс арқылы өсімдіктердің ұзындығы мегитациялық мерзімін ұзақтығы дәлдігі. Белек мөлшері малдың салмағы сүттілігі жүнінің ұзындыңғы биохимиялық реакциялық жүру жылдамдығы сияқты шаруашылық жағынан тиімді белгі қасиеттер тұқым қуалайды. Полимерлі гендерге немесе полимерия құбылысына мысал ретінде адам терісінің түсінің мүлдем ақтан Албиноз қара түске дейінгі арасындағы болатындығын алуға болады. Егер негір мен ақ түсті адам некелесе олардан туылатын балаларының түсі аралы сипат алады. Яғни мулат болады. Егер екі мулат некелессе олардың ұрпағы ақ түспен қара түс аралығында болады.

 

 

Пайданылған әдебиет.
1. Жалпы биология В. Захаров, С Мамонтов, И. Сонин, Ә. Қисымова.
2. Вент Ф. В мире растений. М., «Мир», 1972.
3. В е р з и л и н Н. М. Основы методики преподавания ботаники. М., изд. АПН РСФСР, 1955.
5. Доброхотова К., Чудинов В. Лекарственные растения. Алма-Ата, «Казахстан», 1965.
6. Ивченко С. Занимательно о ботанике. М., «Молодая гвардия», 1969.
7. Имшенецкая Л. И. Мир растений. М., Учпедгиз, 1957.
8. Қажымұратов М. Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер. Алматы, «Қайнар», 1975.
9. Қожабеков М. Дәрілік өсімдіктер. Алматы, «Қазақстан», 1975.
10. А л е ш к о Е. Н. Хрестоматия по ботанике. М., Учпедгиз, 1962.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *