АДАМҒА ӘСЕР ЕТУШІ ТҮСТЕРДІҢ
ЭМОЦИОНАЛДЫ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

ӘОЖ 624.155

АДАМҒА ӘСЕР ЕТУШІ ТҮСТЕРДІҢ
ЭМОЦИОНАЛДЫ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Алишери А.Б.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.

Түс теориясының негізін салған И. Ньютон, ол түс әлемін бірінші жүйелеп көрмекші болған, онда ол түс пен жарық арасындағы шағылу тәуелділігін ашты. Оның ойынша, ақ түс, оған дейін біркелкі болып танылған, әртүрлі жарық толқындарына призмада шағылғаннан кейін таралады. Ньютон өзінің спектр түстерін тұйық шеңберге орналастырып және оған жетіспейтін күлгін түсті қосты. Түстердің бұлай орналасуы, бір түстік реңнің жәймен екіншісіне өтетінін көрсетті. Ньютон жеті негізгі түстің барлығына сілтеу жасады: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көкшіл, көк және күлгін. Түстерді шеңбер ішіне орналастыру түстік реңдерді одан әрі жүйелеудің негізін қалады [1].
Түс туралы оқуды неміс ғалымы В. Оствальд жұмыстары ерекше орын алады. Оның қанжығасында бірқатар жұмыстар бар, олардың арасында түстік атластың және көптеген түстік шкалалардың бірнеше басылымдары. Бірінші атлас 2500 аса үлгілерді қамтыды: толық қанық түстер 100 бөлікті түстік шеңберді құрды. Одан кейінгі басылымдар негізгілер ретінде 24 түсті қамтыды, түстік шеңберде бірдей ара-қашықтықта және қосымша түстері қарама-қарсы учаскіде болатындай етіп орналасқан.
Түс адамды барлық жерлерде қоршап, жанында жүреді. Оның адамға эмоционалды әсері күшті және көптүрлі. Түрлі түстер және олардың үйлесімі түрлі сезім мен түйсінулерге бөлейді, көңіл-күйді алмастырып, белгілі бір бейнелерді ойға салады.
Жалпы түстер екіге бөлінеді: хроматикалық және ахроматикалық түстер. Хроматикалық түстер – спектрлік және спектрде жоқ күлгін түс. Ал ахроматикалық түстер — ақ, қара және сұрдың ақтан қараға дейін барлық градациясы.
Хроматикалық түстерді күлгінді қоса алғанда, спектрлік жүйе бойынша айналдыра орналастырса, нәтижесінде түстік шеңбер пайда болады.
Анықталған түстік гаммада, қанық қызыл, қызғылт және сары реңдердің басымдылығы эмоциялық реакцияны өткір етеді, адам психикасын қоздырады, қимылды жоғарлатып, тіпті қан қысымын және дем ырғағын жиілетеді. Жасыл, көк және күлгін түстер тыныштандырады, тамыр соғысын баяулатады. Бірінші топ түстерін (жылылар) ғалымдар оганизмнің өмір тіршілігін қоздырушы ретінде – белсенді, ал екінші топ түстерін (суық) әлсіретіп және өмірлік үдерістерді бәсендетуші ретінде – енжар деп атайды.
Түс қанық болған сайын, оның адамға психо-физиологиялық әсері күштірек. Қараңғы, қапас және күңгірт түс жылы да, суық та бола алады. Егер онда қызыл басым болса – ол жылы, егер көк басым болса – суық.
Жылы реңдер зат жазықтығын көз мөлшерге үлкейтеді, суықтары кішірейтеді. Түс ауырлық, тығыздық, жұмсақтық және де көрерменнен алдамшы жақындық немесе алыстық әсерін бере алады. Көп жағдайда қараңғы түстер ашықтардан ауыр болып көрінеді. Кейбір түстер назар аударғыш, көрнектілікпен ерекше қасиетке ие. Ең көрнекті түс болып қызыл түс саналады. Жалпы барлық қанық түстер көрнекті. Түс көрнектілігі оның қанықтығынақалай тәуелді болса, аясына да солай тәуелді. Берілген түс өз аясынан қаншалықты ерекшеленсе, ол соншалықты қарама-қайшы болады және керісінше. Осылайша, ақтағы ақ түс мүлдем жойылады (мысалы, қардағы ақ қоян), және де, бір жазықтық пен бір аядағы орналасқан әртүрлі түстер, бірі – жақындық басқасы – алыстық әсерін береді. Осылайша, жылы реңдер, егер олар өте қараңғы болса алға шығып, суықтар болса өте ашық қанықтармен салыстырғанда артқа шегінген болып көрінеді.
Сыртқы түстік ерекшеліктері ортақ болатын түстер қатарын – түстік гамма немесе реңдік деп атайды. Реңдік бағынушылық бүкіл түстік гамманы сипаттайды, әр түстің жарықтық дәрежесімен анықталатын реңдік ауысулар өте көп. Мысалы, адам ажырата алатын, сұр түс реңдерінің максималды саны 200 жетеді. Түстің жарықтығы мен қанықтылығы да костюмге көңіл-күй береді, өйткені киім адамға шаттық пен эстетикалық рахаттану беру керек. Түсті киімде дұрыс қолдана алу, оның үйлесімін сезіну – оңай шаруа емес, түс композицияның ең субъективті құралының бірі, өйткені, түс пен түстің үйлесімділігін әр адам өзінше және бірдей емес қабылдайды. Соғұрлым, суретші-сәнгердің жұмысы да жауапты, оған, интуиция, түстердің барлық қасиеттерін дәл білу, оның ұсынатын костюмінің белгілі бір ерекшелігін айқындайтын қабілеті мен мүмкіншіліктерін білу қажет. Мысалы, сәнді көйлек колоритіне талаптар әр түрлі болуы мүмкін, жас қыздарға балғындықты көрсететін, ал үлкен жастағы әйелдерге қатал элеганттылықты көрсету керек. Үйлесімділікпен құрылған костюм колориті, әрбір жеке жағдайда ойластырылған, үйлестірілуші түстердің барлық қасиеттері назарға алынып, сән талаптары ескерілуі тиіс. Түстер араласып, бір-бірін байыту керек, олардың әрқайсысы киімде «жұмыс істеуі» керек, яғни жалпы түстік есепті шығаруға көмектесіп, суретші-сәнгердің негізгі ойын тереңірек ашу керек. Бұл мақсатта тек бояулардың гармониялық үйлесімін ғана емес, олардың қарама-қайшылығын – колорит диссонансын қолданады.
Адам табиғатына гармониялық әсемдікке құштарлық терең енген және адамдар, әлдеқашан, белгілі бір түстік үйлесімдердің гармониялы қабылдануын байқаған. Шынында, әртүрлі дәуірлері мен мәдениеттің әр сатыларында түстік үйлесімдердің қандай да біріне жоғары баға беру тән, дегенмен, көпғасырлық тәжірибемен түстік гармонияның үлкен саны анықталады, олар түрлі географиялық, тұрмыстық жағдайда өмір сүретін адамдармен ортақ қабылданған. Бұл, көздің өзінің физиологиялық құрылысында гармониялық үйлесімнің бағалауының алғышарттарымен түсіндіріледі.
Жарықтанған және жарық беріп тұрған бізді қоршаған заттарға қарап, біз олардың бояуы, түсі туралы айтамыз, яғни бізге табиғат бояуларының сарқылмайтын байлықтарын байқау және түрлі өмір тіршілігі мен облыстарында бізге керек түстерді ұдайы өндіруге мүмкіншілік беріліп отыр.
Түстерді жөнге келтіріп жүйелеу сұрақтары әлдеқашан түрлі мамандарын қызықтырған: физиктердің, химиктердің, математиктердің, физиологтардың, психологтардың, биологтардың, өнер зерттеушілердің, суретшілердің және философтардың.
Костюмдегі киім, аяқ-киім, аксессуарларғаарналған барлық материалдар түс күштілігін азайту қабілетіне ие. Қатты жарық түстер дөрекі көрініп және дене түсімен үйлеспейді. Мұндай түстерді үлкен абайлылықпен, мысалы костюмнің маңызды бөлігі болатын аяқ-киім композициясында. Түс күштілігінің өзгеруі ахроматикалық немесе қосымша түстерді қосу нәтижесінде пайда болады: бояудың қараңғылау реңін алу үшін – қара немесе қараңғы-сұр, едәуір жарық рең алу үшін – ақ немесе жарық-сұр түстерді пайдаланады.
Жұмсақ реңді түстерге төмен жарықтық тән. Сұрғылт реңді түстерді матаны бояу алдында, бояғыш ваннаға біршама қосымша түсті қосу арқылы алады. Пастельді түстер сондай-ақ төмен қанықтылығымен ерекшеленеді, оларды негізгіге тек қосымша түсті қосу аоқылы емес, ағарту арқылы алады.
Жылы мен суық түстерді қабылдау бұл – эмоционалдық психологиялық құбылыс. Суық, ашық, қанығы аз түстер (әсіресе, көк пен көгілдір, ашық сұр) – жеңіл ауа сияқты. Жылы, қараңғы, аз қаныққан, зәйтүн қоңыр, қара және қою сұр түстер ауыр. Жылы және ашық түстер (сары, қызғылт, қызыл) – көзге түсер. Суық (көк, күлгін, пурпур, көк-жасыл) қара бояумен аралас қараңғы болып алынған түстер – алшақтанып көзге аз түседі. Сары, қызыл, жасыл, көк түстер олармен спектрдегі немесе түстердің түстік шеңберінде көршілес басқалардың реңсіз, таза күйінде басты болып саналады. Мысалы, аспан-көк түс десек, онда жасылдығы да, қызылдығы да байқалмайтын көк түсті айтамыз.

 

Сурет 1. Түстер жиынтығы (спектры)

Сурет 2. Түстер гаммасы

Үйлесуі бойынша түстердің үш тобын ерекшелейді — туыс, туыс-қарама-қайшы және қарама-қайшы. Туыс түстер бізбен қабылданған түстік шеңбердің бір ширегінің ішінде орналасады және өздерінің құрамында кем дегенде бір ортақ негізгі түсі болады, мысалы, сары, сары-қызыл және сарғыш-қызыл. Туыс түстердің 4 тобы болады – сары-қызылдар, қызыл-көктер, көк-жасылдар және жасыл-сарылар. Туыс қарама-қайшы түстер бізбен қабылданған түстік шеңбердің көршілес екі ширегінде орналасады және бір ортақ түсті иеленеді, қалған екі түс өзара қосымша негізгі түстер. Туыс-қарама-қайшы түстердің 4 тобы бар – сары-қызылдар мен қызыл-көктер, қызыл-көктер мен көк-жасылдар, көк-жасылдар мен жасыл-сарылар, жасыл-сары мен сары-қызылдар[1].
Суретші, әдетте, түстің интенсивті күшін композицияда акцент қою үшін қолданады. Костюмнің арналуы, оны кигендегі жарық түрі, матаның беті (фактурасы), костюмді киген адамның жасы мен типі – мұның бәрі түс таңдаудаға әсер етеді, оның көмегімен костюмнің ерекше мәнерлігіне қол жеткізуге болады. Мысалы, іскер киім, демалыс күніне арналған киім немесе сақынаға арналған костюм сияқты жарық түстерді керек етпейді. Салтанатты жағдайға арналған киім, жасанды жарықта көрсетілетін болғандықтан, түске анағұрлым жауапты. Ашық түстерге боялған маталар айтарлықтай жұмсақ болуы мүмкін, жасанды жарық бұл әсерді одан бетер күшейтеді.
Ұзындығы әр-түрлi толқындардың жарық сәулелерi, яғни әр-түрлi түстер, тipi организмдерге түрлi физиологиялық ықпал тигiзедi. Осылайша, К.А. Тимирязов орыс ғалымының пайымдауынша, күн энергиясының сәулелiк толқындарының iшiнен, қызыл толқындар ең үлкен энергия мен жұмыc қабiлеттiлiгiне ие: дәл осылар өсiмдiктегi химиялық жұмысты өндiрiп, соның нәтижесiнде жерде өмip сүру мүмкiншiлiгi пайда болады.
Анықталған түcтік гаммада, қанық қызыл, қызғылт және сары рендердiң басымдылығы эмоциялық реакцияны өткiр етедi, адам психикасын қоздырады, қимылды жоғарылатып, тiптi қан қысымын және дем ырғағын жиiлетедi.
Жасыл, көк және күлгiн түстер тыныштандырады, тамыр соғысын баяулатады. Бiрiншi топ түcтepін (жылылар) ғалымдар организмнiң өмip тiршiлiгiн қоздырушы ретiнде — белсендi (активтi), ал екiншi топ түcтepін (суық) әлсiретiп және өмiрлiк процестердi бәсеңдетушi ретiнде — енжар (пассивтi) деп атайды.
Түс қанық болған сайын, оның адамға психо-физиологиялық әcepi күштiрек. Қараңғы қапас және күңгiрт түс жылы да, суық та бола алады. Егер онда қызыл басым болса — ол жылы, егер көк басым болса — суық.
Жылы реңдер зат жазықтығын көз мөлшерге үлкейтедi, суықтары кiшiрейтедi.
Түс ауырлық, тығыздық, жұмсақтық және де көременнен алдамшы жақындық немесе алыстық әcepiн бере алады. Көп жағдайда қараңғы түстер ашықтардан ауыр болып көрiнедi. Кейбiр түстер назар аударғыш, көрнектiлiкпен ерекше қасиетке ие. Ең көрнектi түс болып қызыл саналады. Жалпы барллық қанық түстер көpнeктi. Түс көрнектiлiгi оның қанықтығына қалай тәуелдi болса, аясына да солай тәуелдi. Берiлген түс өз аясынан қаншалықты ерекшеленсе, ол соншалықты қарама-қайшы болады және керiсiнше. Осылайша, ақтағы ақ түс мүлдем жойылады (мысалы, қардағы ақ қоян), және де, бiр жақындық пен бiр аядағы орналасқан әртурлi түстер, бiрi — жақындық басқасы – алыстық әcepiн бередi. Осылайша, жылы реңдер, егер олар өте қараңғы болса алға шығып, суықтар болса өте ашық қанықтармен салыстырғанда apттa шегiнген болып көрінеді.
Түстiң мата бедерiмен де қызықты. Жарық реңдер бедердi анық етiп, қараңғылары оны жасырады. Осыған байланысты, қалауыңызға қарай – мата табиғатын анықтап немесе жасыру үшiн, белгiлi бiртүстердi ұтымды пайдалана аласыз.

Әдебиет

1. Урванцев Л.П. Психология восприятия цвета: метод. пособие. – Ярославль, 1981.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *