ХІХ ғ. Батыс Еуропалық шетел әдебиеті

ХІХ ғ. Батыс Еуропалық шетел әдебиеті
Кіріспе. ХІХ ғ. әдебиетін шартты түрде кезеңдерге бөлу:
1) 1789-1830 жж. романтизм әдісінің қалыптасуы мен әсер-ықпалы;
2) 1830-1871жж. реализм әдісінің қалыптасуы мен үстем бола бастауы;
3) 1848-1871жж. романтизм мен сыншыл реализм әдістерінің белсенді қолданыла бастауы.
Романтизм.Романтизмнің Батысеуропалық және АҚШ әдебиетінде ХІХ ғасырдың басында пайда болуы. Романтизм – шығармашылық әдіс.Суреттеулер шындықтың қиялға негізделіп,қияли шындық арқылы бұрынғы және болашақ уақытты бейнелеу. Романтизм әдісіндегі шығармалардың көркемдік желісіндегі арманшылдық, азаматтық әуен, автор тілінің әсерлі сезімге толы бояуы қанық ойлары.
Романтизм әдісінің көркемдік тұрғыдағы жеңісінің көріністері. Лирикалық жанрлардың дамуы, тарихи роман жанрының тууы, адамдық дербес, өзіне ғана тән қарама-қайшылықты ашу.
Германиядағы романтизм. Гофман романтизмінің мазмұныдворяндық орта мен тоғышарлар әлемін сатира тілімен сынау. Кейіпкерлерінің ерекшелігі – екіжүзділік әлемінен қашып, монастырға кету, фантастикалық күштермен одақтасу. «Скюдери бикеш», «Мартин шебер және оның көмекші шебері» шығармалары. «Мурра мысықтың тұрмыстық орныққан пікіолері» романы – немістік княздік дворяндық қоғамның жексұрындық келбетін сатиралық сынау туындысы. «Құртақандай Цахес» — бөтен еңбекті иелену идеясының фантастикалық бейнеленуі. Гофманның романтикалық әдісіндегі ирония, сарказм, юмор. Автор сөздерінің әуезділігі.
Англиядағы романтизм. Дж.Г.Байрон (1788-1824) шығармашылығы — әлемдік әдебиеттегі романтикалық өмір танушылықты бейнелеудің озық үлгісі. Байронның поэтикалық жаңашылдығы. (романтикалық кейіпкер бейнесі, лиро-эпикалық поэма жанры, өлеңдік өлшемдер).Чайль Гарольд бейнесі арқылы еуропалық елдердегі озбыр билеушілерді әшкерелеуі. Байронның лиро-эпикалық романтикалық-бүлікшілік, шығыстық поэмалары. «Корсар», «Гяур». Пәлсапалық драмалық дастандары «Манфред», «Шильон тұтқыны», «Чайль Гарольдтың сапары» шығармаларындағы озбырлыққа қарсылық, бостандық сүйгіш әуендер. Байрон шығармашылығының итальяндық кезеңі. Шығармаларының көп жанрлылығы. Поэма, сатира, драма, өлеңмен жазылған роман. Кайн және Байрондық романтикалық кейіпкердің өсу эволюциясы. «Қола ғасыр» — Байрон шеберлігінің саяси сатирадағы шыңы.
«Дон Жуан» — өлеңмен жазылған роман. Романдағы кейіпкер сомдауда реалистік бағыттың күшеюі, тарихи -әлеуметтік шындықтың кеңдігі, уақыт шындығын бейнелеудегі энциклопедиялық сипат.
Байронның Грециядағы кезі. Оның грек халқының азаттық күресіне қатысуының әсерінен туған лирикалық өлеңдері. («Кефалониидегі күнделіктерден», «Менің отыз алтыдағы күніме»).
Байрон және чартистік поэзия. Байрон және дүние жүзі әдебиеті. Байрон шығармашылығының идеялық-эстетикалық және тарихи маңызы.
П.Б.Шелли (1792-1832). Өмірі, шығармашылығы. Лиро-эпикалық, дидактикалық поэмалары. «Королева Маб», «Исламның көтерілісі». Шелли лирикасының түрлері: саяси-әлеуметтік («Англияның еркектеріне», «Англия», «Мемлекеттік айбындылық»); пәлсапалық («Батыстық желге ода», «Бұлт», «Ой әдемілігінің әнұраны»); махаббат (Мери Уолстон – крафт Годвин, «Джейнге»); табиғат тақырыбын жырлауы және оның Шеллидің пәлсапалық көзқарастарына байланысы. «Азат етілген Прометей» поэмасындағы бас кейіпкерлер, жинақтаушылық, сиволикалық, аллегориялық тақырып ерекшелігі. Беатриче бейнесі. Шеллидің эстетикалық көзқарастары. «Поэзияны қорғау» атты трактаты.
В.Скотт (1771-1832). Скотт – тарихи роман жанрын жасаушы. Баяндаудағы екі бағытты композициялық сипат: ұнамды кейіпкердің махаббаттық-романтикалық тарихын сипаттау, әлеуметтік қайшылықтарды, тарихи бейнелерді шыншылдықпен бейнелеу. Жергілікті және тарихи ерекшеліктерді, фольклорлық элементтерді пайдалануы, стильдік ерекшеліктері. Англия мен франция тарихына байланысты «Айвенго» романы.
А.Дюма (1803-1870). Тарихи-шытырман оқиғалы романдары. Оқыс оқиғаларды баяндау, суреттеу шеберлігі.
Жорж Санд (1804-1876). Романтикалық бүлікшілердің бейнесі(«Лелия», «Орас» романы). Кейіпкердің халықтық күресте романтикалық сипатта қайта жаңғыру қалпын суреттеуі.
В.Гюго (1802-1885)- францияның ұлттық ақыны, француз романтизмінің ірі тұлғасы. Ол – ақын, драматург, прозашы. Гюго – француз поэзиясының жаңашылы. Мысалы, «Бур-графтың аңшылығы». «Париждік әулие ананың соборы», «Жергілікті ерекшелік» романындағы әлеуметтік тақырып кейіпкерлері: Клод Фролло, Эсмеральдо. «Шеттетілгендер» романындағы тарихи кеңдік, халық өмірінің панорамасы: еркектің,әйелдің, бүлдіршін тағдырларының жан Бальжан, Фантин, Козетта, Гаврош бейнелері арқылы суреттеуі. «Тоқсан үшінші жыл» романындағы Говэн, Лантенак, Симурден бейнелері.
Ж.Верн (1828-1905) – ғылыми-фантастикалық роман жанрын қалыптастырушы. «Он бес жасар капитан» романы.
Польшадағы романтизм. ХVІІІғ. Соңы мен ХІХғ.бірінші жартысындағы Польшадағы ұлт-азаттық күрес. Поляк әдебиетіндегі романтизмнің қалыптасуындағы ағартушылық әдебиеттің орны.
А.Мицкевич (1798-1855) – поляк романтизмінің негізін қалаушы. Оның шығармашылығындағы алғашқы кезең.(«Филареттер жыры», «Жастыққа ода» ) . «Балладалар мен романстар» — романтизмнің поэтикалық манифесі. Мицкевичтің классицизм эпигондары мен қайшылықты көзқарастары. «Гражина» поэмасындағы азаматтық әуен. «Дзядтар» поэмасындағы бүлікші мен қайғы. Мицкевич Ресейде. «Қырым сонеттеріндегі» лиризм. «Конрад Валленрод» поэмасының поляк көтерілісін дайындаудағы маңызы. Мицкевич Батыс Еуропада. Эмиграциядағы өмір. «Пан Тадеуш» поэмасы – поляк халқының ұлттық эпопеясы. Мицкевичтің көсемсөздік және педагогикалық қызметі.
Ю.Словацкий – А.Мицкевич дәстүріндегі романтизмнің көрнекті өкілі. Романтикалық драмадағы еңбектері: тарихи драма, драма-ертегі, ұлт-азаттық күресіне арналған драмалары («Кордиан»).
АҚШ әдебиетіндегі романтизм. АҚШ әдебиетіндегі демократиялық а демократиялық ағымның күшеюі және оның құл иеленушілікке қарсы күреске байланысты дамуы.
В.Ирвинг (1783-1859) – американ әдебиетіндегі новелла жанрының негізін салушы. «Эскиздер кітабы». Шығармашылығының түп негізі.
Дж.Купер (1789-1851) – американдық роман жанрын жасаушы. Тарихи, шытырман оқиғалы, теңіз туралы, тұрмыстық және әр түрлі романдар жазуы.. Купен шығармашылығындағы үндістер тақырыбы.
Г.У. Лонгфелло (1807-1882). «Еріксіздік жырлары» атты өлеңдер топтамасындағы құл иеленушілікке қарсы әуендер. Лонгфелло шығармашылығының «Гайавата туралы жыр» поэмасындағы үндістің халықтық шығармашылығына негізделген фольклорлық бейнелілік.
Э.По (1809-1849) – американ әдебиетіндегі көрнекті тұлға шығармаларының көркемдік ерекшеліктері және поэтикалық жаңашылдығы («Құзғын», «Қоңыраулар», «Анабель Ли» және т.б.) . Эстетикалық- теориялық еңбегі – «Композиция пәлсапасы». Новеллалық еңбектері – «Эшерлер үйінің құлауы», «Мальстремдеп төмен түсу» .Детектив жанрын қалыптастыруы: «Морг көшесіндегі кісі өлтірушілік». Ғылыми фантастиканы қалыптастыруы: «Ганс Пфал деген біреудің әдеттен тыс бастан кешкендері».
Г.Бичер Стоу (1811-1896) – аблициондық әдебиеттегі ең әйгілі жазушы әйел. «Том ағайдың лашығы» романының құлдыққа қарсы күрестегі маңызы.
Уйтмен –көрнекті американ ақыны. «Шөптердің жапырақтары» жинағы. Композициясы, стиль ерекшеліктері.
ХІХ ғасырдағы сыншыл реализм.
Реализмнің қалыптасуындағы қоғамдық, пәлсапалық және эстетикалық алғы шарттар. Жартылыстану ғылымдарының дамуы және олардың материалистік түсініктің қалыптасуы үшін маңызы. Реалистік теориялық құжаттары. О.Бальзак (1799-1850) «Адамдық комедияға кіріспе» және «Бейл туралы этюд».
ХІХғ. Реализм және ағартушылық реализмнің дәстүрлерінің айырмашылықтары. Әлеуметтік қалып пен ортаны бейнелеудегі жаңа көзқарас, типтендіру мен даралаудың дамуы, психологиялық талдаудың тереңдетілуі. Прозалық жанрлардың , романның дамуы. Очерк және оның реализмінің қалыптасуындағы орны.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *