Шешендік өнердің тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі ролі

Шешендік өнердің тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі ролі
Жоспар:
Шешендік өнердің маңызы
Ш.Ахметовтың пікірлері
А.Құнанбаевтың шешендіктің тәрбиелік мәні туралы пікірлері
Бастауыш мектептің ана тілі сабақтарында ақын, жазушылардың адамгершілік тақырыбындағы шығармаларды оқыту арқылы, олардың бойында ішкі күштерді дамыта отырып, жақсы істі оятуға өзгенің қайғысын өз жүрегімен сезінуге тәрбиеленеді.Оқушылардың бірі-біріне жолдастық, достық сезімдерінің және барша адамдарға, жалпы адамзатқа сүйіспеншілік сезімін дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары көшпелі заманда болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр, әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Кәсіби тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан бала 5-6 жасынан бастап ат құлағында ойнаған.
Ғалым Ш.Ахметов өзінің қазақ отбасындағы тәрбие ісі зерттеулерінде негізінен басты сегіз түрлі мәселені қамтыған.
Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген. Әке-шеше баласына «Әдепті бол»дегенді басты міндет етіп алған.
Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген.
Үшіншіден, тіл алғыш,елгезек болуға баулыған.
Төртінші, адал, шыншыл болуға үйреткен.Өтірік өрге баспайды деген сөздің мәнін түсіндіре білген.
Бесіншіден, өнегелі ұстазбен көпті көрген қариялардың сөзін тыңдап, зерделеп есте сақтауға дағдыландырған, ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол деп үйреткен, біздерге жүрегінің есігі бар, құлағының тесігі бар, зерделі құйма құлақ бала керек деген.
Алтыншыдан, үлкендерді, ата-анасын сыйлап, құрметтеп, оларды риза қылып, бата алуға тәрбиелеген.
Жетіншіден, кісі айыбын әшкерелемей, біреуге тіл тигізбей, адамның табиғи кемдігін бетіне баспауға тәрбиелеген.
Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса, адам баласына қайырымдылық, жақсылық, қамқорлық жасауға үйреткен.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев өзінің шығармаларында адамгершілікке байланысты көп үгіт-насихаттар айтады. Егер санатты білікті адамдардың қатарына қосылғың келсе, күн сайын күннің аясында өзіңе-өзің есеп бер, күн сайын есеп бере алмасаң 3 күн есеп бер. 3 күнде есеп бере алмасаң 1 апта есеп бер.Егер есеп бере алмасаң, онда сен санатты адам емессің, сонымен бірге бес нәрсе асық бол. Бес нәрседен қашық бол деген.
5 қашық 5 асық
өтірік, өсек, мақтаншақ, талап , еңбек, терең-ой,
еріншек, мал шашпақ қанағат, рақым
Мектеп түлегі қоғамда өмір сүреді. Абайдың айтуынша, адам бір-бірінен тек білім, ақыл, мінезбен озады. Шешендер осының бәрін жастарға үлгі етіп отырған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Адамбаев. «Халық даналығы».1976ж
2.М.Тілеужанов. «Ел әдебиеті»
3.Ә.Табылдиев. «Халық тағылымы»

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *