Итальян әдебиеті
Қайта өрлеудің алғашқы кезеңіндегі әдебиет (Треяенто).
Қайта өрлеу қозғалысының Италияда пайда болуының жағдайлары мен себептері. Қайта өрлеу ренессанстық мәдениеттің әдебиетке ықпалы.
Ф.Петрарканың өмірі мен шығармашылығы. Петрарка – тұңғыш еуропалық гуманист. Римдік поэзияны, риториканы насихаттауы. Латын тілін мәдениет тілі ретінде бағалауы. Петрарканың өзіндік бағасы және оның әдеби танымы («Ұрпаққа хат», «Христ пен Цицерон арасындағы күрес», «Әлемдік көзқарас»). Петрарка лирикасының орта ғасырлық жаңалықтары. Лаура бейнесі және сомдалуындағы көркемдік тәсілдер. Сонеттеріндегі лирикалық кейіпкер бейнесі. Шендестіру тәсілі. «Петраркалық стиль» және оның еуропалық ренессанстық поэзияның дамуына ықпалы.
Дж. Боккачоның өмірі, шығармашылығы. «Неопалитандық кезеңдегі» шығармаларындағы махаббат сарыны. «Амето». Боккачо шығармаларындағы пастораль. «Фьяметта мадоннаның элегиясындағы» автобиографизм, риторикалық психологизм. «Декамеронның» италян көркем прозасының дамуына ықпалы. Боккачоның италиян және еуропалық новеллистикаға әсері.
Толысқан қайта өрлеудің әдебиеті. Антикалық әдеби жанрлардың қайта түлеуі және жаңа латын поэзиясының гүлденуі.
Флоренция Кватрочентаның көрнекті мәдени орталығы. Феррара куртуаздық және гуманистік дәстүрлер орталығы. Ренессанстық рыцарлық поэмалардың пайда болуы. «Ғашық болған Роланд».
Ренессанс дәуірінің кейінгі кезіндегі әдебиет. (Чинквекенто) Бембо – ұлттық әдеби тілдің теоретигі. Ренессанстық әдебиеттегі аристократтық бағыт. Тастрало – жалпы еуропалық ренессанстық жанр.Маньеризмнің пайда болуы және оның негізгі белгілері. Тассо шығармашылығы. «Азат етілген Иерусалим» — діни-батырлық эпостың пайда болу үлгісі.
Италияның ренессанстық драматургия мен театрдың қалыптасуындағы ролі.Аристоның, Макиабеллидің, Аретиноның, Бруноның және т.б. драматургиялық шығармашылығы. Макиабеллидің «Мандрагорасы»- ғылыми комедияның үлгісі.
Драманың антикалық теориясының қайта түлеуі. Аристотель мен Гораций поэтикасы және антикалық-мифологиялық тарихи сюжеттердегі ренессанс трагедияларының тууы. Трагикомедия жанрының қалыптасуы.