Төле Əлібек ұлы (1663-1756)
Жоспары:
1.Төле бидің өмірі
2. Төле бидің шешендік сөздері
3. Төле бидің тапқырлығы
Төле Әлібек ұлы (1663-1756) қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының, Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Қазақ жерінде: Дулаттан Жоныс, Адам, Жарылқамыс, Жанту би, одан Жайылмыс би,одан Құдайберді би (тоғыз ұлды Құдайберді деп те аталады)
Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектен Төле би туады.Төле би жастайынан ескіше оқып,сауатын ашады. Арабша, парсыша, тарихи кітаптарды, аңыз хисса-хикаяларды көп оқиды. Бір жағынан қазақтың аңыз-әңгіме, өлең, жырларын, шежіре тарихтарын ел арасынан таңдап, өзінен бұрынғы өткен шешен-билер мен хандар, әсіресе, өзінің бабалары Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді, тапқыр, өнегелі нақыл, шешен сөздерін ойында сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібек тілмар,би болған кісі. Төле бала әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан билікке араласып,өзінің ақыл, парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.
Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп, батасын алады.
Төле бала жасы жүзге келген Әнет бабаға барыпты. Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды.Сонда Әнет баба, әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:
-Балам, мынаны сындырып көрші?
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
-Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы — Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт оп-оңай сындырып береді.
Әнет баба:
-Бұдан не түсіндің, балам?-дейді.
Сонда Төле бала:
-Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, «Бірлігі, ынтымағы жоқты дау да, жау да оп-оңай алады»дегеніңіз ғой.
-Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін, алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың-ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, — депті.
Елдің Қазықұрт тауының бөктеріне көшіп қонып жатқан көктеу кезі екен. Бір күні Төленің әкесі Әлібек биге екі даугер жүгіне келіпті. Біреуі:
-Қырдан қуып індеткен түлкім еді, мынау таласып, бермейді — дейді.
Екіншісі:
-Сыртынан жүні жетілсін деп бағып жүрген түлкім еді, оның үстіне жер де, ін де менікі, демек түлкі де менікі. Екеуі осылайша біраз дауласады. Әлібек би даугерлердің сөздерін тыңдап алған соң, баласына сілтеп «мұның билігін Төле берсін» дейді. Даугерлер Төлеге келсе ол бір шыбықты ат қылып далада «айт шулеп» ойнап жүр екен. Алдына келіп дауларын баяндаған соң, бала:
-Түлкі арлан болса,сенікі, — дейді «қырдан қуып келіп індеттім»деген жігітке.
-Ұрғашы болса сенікі,-дейді, «жер менікі» деген жігітке. Баланың бұл билігіне түсінбей әлгілер әкесіне қайтып келеді.
-Балаңыздың сөзіне түсінбедік…
-Төлежан төрелігін дұрыс берген екен,-дейді Әлібек би.
-Түлкінің ұланы жүз сақтайды, ұрғашысы ін сақтайды.Түлкі еркек болса сенікі,сенің қырдан қуып келіп,індеткенің рас,түлкі саған тиеді, ал ұрғашы болса, жер иесі саған тиеді.
Тағы бір аңызда Төле би қанжыға ұрлаған ұрыға ат, шапан айып кеседі. Мәнісін сұрағанда «қанжыға тән сақтайды,тон жан сақтайды»,-деп жауап береді.Сондай-ақ тұсау ұрлағанға да айып салады,оның мәнісін «тұсау ат сақтайды,ат ер сақтайды,ер ел сақтайды»деп түсіндірген.
Төле бидің шешендік сөздері
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп бағала.
* * *
Аларды біліп, бермегеннен без.
Ел-жұрттан қашып, ермегеннен без.
* * *
Ағайын-туған не керек,
Аңдысып күні өткен соң.
Бұл күн жалған өтеді,
Ажал қуып жеткен соң.
* * *
Жанашырың жоқ болса,
Жатта жалғыз жүрмеңіз.
Қоштаушыңыз жоқ болса
Біле тұрып білмеңіз.

Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Арылмайтын сорың бар
* * *
Наданға көзіңді салма,сағың сынар,
Досыңа өтірік айтпа,сенімің кетер.
Дұшпанға сырыңды айтпа,түбіңе жетер.
* * *
Хан азса,халқын сатады,
Халық азса,хандыққа таласады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Төреқұлов Н., Қазыбеков М. Қазақтың би — шешендері. 1,2 — кітап-Алматы: Жалын 1993. – 400 бет.
Үш жүздің билері. (Қазақтың атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерінің шешендік өнері мен нақыл сөздері жайында) Қызылорда қаласы, 1998 жыл.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *