Классикалық Үнді әдебиеті.
1. Б.з.д. 1 ғасырдағы санскрит әдебиеті. Әдеби эпостың, драманың, лириканың өкілдері. «Ашвакхоши» 2 ғасыр Бхасы (3-4 ғасыр және Халы (3-4 ғасыр). Ведалар мен эпостағы лирикалық тармақтар, оқиға баяндаушы эпизодттар мен диалогтар, гномикалық өлеңдер мен сезімдік көңіл-күйлік сипаттаулар.
Ежелгі Үнді драмасы. Жоғары Тәңрі Брахмаға драманы жасау туралы жазылған «Натияшастра» (драма ғылымы) атты тұңыш санскриттік трактат. Трактаттағы Брахманы театр өнерін жерге жібергені. Натияшастраның 36 тараудан тұратын қойылымының бөлшегінен барлық мәселелерін, костюмнің түсінен бастап театр ғимаратының пішініне, сюжеттің вариацияларынан актерлердің бет қимылдарына дейінгі қамтитын еңбек екендігі.
2. Б.з.д. 4-8ғғ. Санскрит әдебиеті. Үнділік Орта ғасырдағы Гуттар әулеті билеген империя. Әдебиет пен өнердің дамуы. Буддизм мен джайнизмді брахмандық діни бағыттың түпкілікті жеңуі.
400 мыңдық өлеңдерден құралған 18 үлкен, 18 шағын көлемдерден тұратын пурандар.Ең бастылары: «Маркендея-пурана» (3-5ғ). «Ваю-пурана»(3-5ғ), «Вишну -пурана» (3-5ғ.), «Маться-пурана» (6-7ғ.), «Бхагавата пурана» (6-10ғ.). Бұл шығармалардағы индуизмнің вишнуиттік, шивиаттық атты басты екі құдайларына сыйыну.
Ежелгі үнді әдебиеті үшін пурандық этикалық ілімнің маңыздылығы. Пурандардың адамды азат етудегі мынадай үш жолды білетіндігі: әрекет жолы,жеке міндет – борышты мүлтіксіз орындаушылық; білім жолы, махаббат- Бхакти тәңірін қадірлеу жолы.
Калидастың «Шакунтала» драмасы – ежелгі үнді әдебиетінің, бүкіл үнді мәдениетінің үздік табысы. Калидастың өмірі, тұрмысы туралы аңыздар, шындық маөмұны. Калидас (санскритше «Калидің ұлы»), аңыз бойынша Кали атты тәңірінің храмында түнеп, бүкіл ғылымдарды меңгерген ақындық дарынына қойылса керек. Калидасқа нақты телінетін шығармалар: 6 лирикалық поэма «Мегхадута»(Бұлт хабаршысы), эпикалық поэмалар «Кумарасамбхава» (Кумардың соғыс құдайының тууы) және «Рагхуванша» (Шежіре Рагху) және үш драма :Маявика және Агнимитра», «Абхиджняна — Шакунтала» (Танылған сақина бойынша Шакунтала) және «Викраморваши»(Ержүректілікпен танылған урваши).
Менту және Бхарави атты ақындар. Бхаравидің «Киратар -джуния»(Арджуна мен Кирата) поэмасының сақталғаны.
Бхарави поэмасының «Махабхаратаның» үшінші кітабындағы Арджунаның Шино тәңірімен жекпе-жегін қайталап жырлауы.
Бхати (7ғ. екінші жартысы) — әдебиет тарихындағы ғылыми поэманың негізін салушы. Оның «Ранававадхасы» (Раваның өлтірілуі) поэмасында Раманың ерліктері, оның Раваны жеңгені жырлана отырып, шығарма грамматика мен риториканың ережелерін түсіндірушілік қызмет атқарады. Бұл дәстүрді ақындар Бхаумакидің «Рамаян» сюжетін жырлау кезінде Панини грамматикасын, ақын Магханың «Махабхаратаның екінші кітабындағыжанама эпизодтарды жырлайтын «Шишупалавадхада» (Шишупаланың өлуі) эпосында саясат, әскери өнер, әсіресе, махаббат ғылымы (камашастра) туралы терең білімдік трактаттық мазмұнда жырлауы.
Шудрак пен оның атақты драмасы «Мричхакатика» («Саз балшықтан істелген арба»). Шудрак – аты аңызға айналған патшаның есімі, драма авторының псевдонимі.
Санскриттік романдар. Әдеби эпостық прозалық нұсқаулар. Дандиннің «Дашакумарачарита»(«Он патшазаданың басынан кешкендері»). Субандухудың «Васавадатта»романы. Бананың «Харшарита» («Харшудың өмірі») және «Кадамбери» атты романдары.