Шешендік сөздердің берер ұлағаты

Шешендік сөздердің берер ұлағаты
Жоспар:
Сөз өнері – дертпен тең
Шешендік өнер – рухани азық
Шешендік өнер – халық мұрасы
Халқымыздың үлгілі даналығы болып келген шешендік сөздің сан ғасырлық тарихы бар. Шешендік сөздер халық қазынасы, халықтың құнды мұрасы. Шешендіктің тоқсан ауыз сөзінің тобықтай түйінін қып-қысқа нақыл сөздерге сыйғызып айтуы үлкен өнер. Сөз өнері – дертпен тең.
Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар Жырау былай деген:
Көш бастау қиын емес
Қонатын жерде су бар
Шабатын жерде жау бар
Шаршы топта сөз бастау қиын
Шешіммен таппас дау бар
Шешен адамның бойында кездесетін тапқырлық, батылдық, сабырлық қасиеттердің белгісі. Сол қиын дауларды шешуге көмектескен. Тыңдаушысы жоқ жерде сөзді босқа қор етпеген. Қазақтың шешендік сөздерінің тарихы Майқы би мен Аяз биден басталады.
Түгел сөздің түбі бір,
Түп атасы – Майқы би.
Аяз әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл.
Халықтың сеніміне айналған шешендер: Жиренше, Асанқайғы, Бұқар, Шалкиіз, Шортанбай, Дулат, Мұрат сөздері халықтың көкейінен шыққан. Ел қамын ойлаған. Біздің атақты билеріміз Төле, Қазыбек, Әйтекелердің білімпаз, көреген, ұлағатты, ғибратты сөздері өскелең ұрпаққа болашақтың жарық шамшырағы іспеттес.
Төле би айтқан: Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.
Қазақтың шешендік сөздері сөз құдіретін түсінетін адамға шөлдегенде ішетін сусын, тоңғанда жылынатын отын, ыстықтағанда желпінетін самал жел, адасқанда жол көрсететін жолбасшы, жауға аттанғанда қолбасшы, рухани азық, өмірдегі бағыт беретін темірқазық жұлдыз. Даналардан шыққан сөз, білімдіге болсын кез.
Төле бидің: «Ел басы», «Төле бидің төрелігі», «Төле бидің шешендігі», «Қаз дауысты Қазыбек би» т.б. әңгімелері бар.
Мысалы: «Дүние не өлмейді?»
Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?», — деп сұрақ қойғанда, алпыс би бір ауыздан былай депті:
Ағын су өлмейді
Асқар тау өлмейді
Аспанда ай мен күн өлмейді
Әлемде қара жер өлмейді.
Сонда Жиренше шешен бәріне қарап шығып:
Ағын судың өлгені-
Алты ай қыста қатқаны
Асқар таудың өлгені-
Басын бұлттың жапқаны
Ай мен күннің өлгені-
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені –
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ
Бір алланың қақпаны
Дүниеде не өлмейді
Жақсының аты өлмейді
Ғалымның хаты өлмейді,- дейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Ана тілім — ардағым». Алматы. 1999ж
2.Қ.Жарықбаев. «Ақылдың кені». Алматы. 2000ж
3.А.Байтұрсынов шығармалары. Алматы,1989ж
4.Ә.Құрымжанов. «Сөз атасы мақал-мәтелдермен қанатты сөздер». Алматы, 1989ж

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *