Ежелгі дүниенің классикалық әдебиеті

Ежелгі дүниенің классикалық әдебиеті
Ежелгі Қытай әдебиеті.Б.э.д.ІІ мың жылдықтан б.з. ІІІ ғ. дейінгі үш кезеңі: Шань-индік тайпалық одақ (б.д.д. 18-12 ғ.);қала—мемлекеттік Үжбулық дәуір.(б.з.д. 12-8ғ.); Импуниялық дәуір (б.з.д. 7-3ғ.
«Шан-шу»(«Ежелгілік туралы жазу») – декларациялар, указдар және мемлекеттік істер туралы тарихи аңыздық мазмұнды мәдени ескерткіш. Ескерткіштегі риторикалық сөздер.Сыма Цянының «Тарихи жазбалары».
Б.з.д. Қытай патшалығының тарихи өркениеттің тез дамуының тарихы. Конфуций (551-479жж.), Мо Ди (479-400жж.) – адамды сүю гуманизмінің өкілдері.
«Луньюй»(тұжырымдар мен сұхбаттар) – қытай ойшылдығындағы адамды ардақтау туралы.
«Дао-цзы»(Дао және табиғаттың болмысы туралы) – метрикалық ырғақтық өлшемдегі сөйлеу мазмұны.
Хань империясы тұсындағы Қытай әдебиеті.Дун- Чжун-шу (120-122) – Хань филологиясының негізін салушы. Хань филологиясындағы «Бескітаптық» ірі шығармалар: «Шицаин»(«Өлеңдер кітабы»), «Шуцзин», («Тарих кітабы»), «Ицзин» («Өзгерістер кітабы»), «Лицзи» («әдет-ғұрыптар кітабы»), «Чунь-цю» («Көктемдер мен күздер»). Лу патшалығының шежіресі. Конфуций жоғары бағалаған «Юэцзин»(«Әуез кітабы»).
Лю Сян – ескі жазбаларды жинаушы, зерттеуші, жариялаушы, әдебиетші-тарихшы жазушы. Шығармалары : («Үш заң туралы кітап және табиғаттың бес құбылысы туралы», «Басқарудың ұлы заңы»)
Сыма-Сян-жу (б.з.д. 179-117жж.) – Империя дәуірінің «алтын ғасырының» өкілі. Шығармалары: «Цзы – сю туралы дастан» -«Императорлық аңшылық»- прозалық әрі поэзиялық дастандар, шығармалардан қытайдың табиғатының, аңшылық салттың, халықтық көңіл-күйдің шынайы суреттері. «Алтын ғасырдың» өзге өкілдері: Дун- Чжун-шу- оқымысты филолог,Ли-янь-нянь- әуезші, Цоя И- көсемсөзші.
Сыма Цянь (145-87ж) – тайшы(немесе тайшилин). «Тай» «аға», «бас» ұғымында ежелгі Египетте перғауындар сарайларындағы шенеуніктерге қолданылған сөз.
Сыма Цянь — әкесі Сыма Тяньның ісін жалғастырушы. Тайшылық қызмет – мемлекеттік архивтегі бүкіл құжатты сақтаушы, күнтізбені құрушы, уақытты – бақытсыз күндерді белгілеуші, елдегі оқиғалар мен істерді жинаушы,жазушы.
Сыма Цяньның «Тайшицзи» («Тайшы жазбалары») атты еңбегі. Сыма Цяньның осы «Тарихи жазбаларындағы» бес бөлім: біріншісі- қытайдың ежелгі заманынан ханьдық дәуірге дейінгі уақыт; екіншісі –(бяо) – Чжоу заманынан империяға дейінгі жекелеген билеушілер туралы таблица; үшіншісі (шу) — әр түрлі әдет-ғұрыптар, жағрапиялық, шаруашылық мәселелер; төртіншісі (ишцзя) — Конфуциймен деңгейлес иеленуші ерекшелікті өмірбаянды баяндау; бесіншісі (лечжуань) – жеке тұлғалардың өмірін сипаттау; бұл бөлімге Қытаймен шекаралас халықтар туралы да очерктер енген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *