- Керең кемітсе де, семіртсед е күледі.
- Кемтар керілмейді, мал- дүниеге берілиейді.
- Малға жарлылық жарлылық, ақылға жарлылық сорлылық.
- Құдықтың сыртындағылардың бәрі ақылды.
- Мал кедейлігінен ақыл кедейлігі жаман.
- Малдан айырылсанда, ақылдан айырылма.
- Малдан жарлы қылсан қыл, ақылдан жарлы қылма.
- Мешкей оттың астына қарамайды, үстіне қарайды.
- Мақтаншақ бар ақылын мақтанға тауысады.
- Надан өз ғайыбын білмес, кісі ғайыбын білер.
- Надан күзетеді, дана түзетеді.
- Надан,пасық,
Сөзге өгіздей жайылады.
Тойғаннан соң, жатып күйіс қайырады. - Нәпсі деген пәле жанған отқа салар.
- Насыбайшыдан насыбай сұрасаң, мұрнын көтереді.
- Негізі қара ағармас, негізі бұзық түзелмес.
- Наурызда шабынған бурадай.
- Нақыл қайдан шығады, ой болмаса,
Киіз қайдан шығады, қой болмаса. - Омырауыңа отын жарсаң да оянбас.
- Ойдың түбі- терең, ақылдың түбі- ерең.
- Ой ақылдан жүйрік емес.
- Ойсыз өңмендеуін қоймас.
- Пішені өрттенбегеннің бәрі ақылды.
- Санасызға сан айтсаң да қонбайды.
- Сабырлы ойлаған саспай жауап береді.
- Түбі тесік қазанға, қанша құйсаң да толмайды,
Ақылы жоқ адамға, қанша айтсаң да қонбайды.