Құрт
Сабада жиналып пісілген іркітті, майы алынғаннан кейін, үлкен қазанға құйып қайната береді. Ебден қоюланған құртты қапқа құйып суынан тағы құрғатады. Бұдан кейін қолмен, белгілі бір қалыпқа келтіріп, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. құрт жақсы ас, оны әр түрлі тамаққа қосады.