Көкек

Кәдімгі Көкек деген құсты алайық. Ол – аты мәлім құс. Алайда біздің жақта «көкек» деп Бәбісек деген құсты айтып жүр. Бұл мүлдем дұрыс емес. Бәбісек пен Көкек – екеуі екі басқа құс. Тек Бәбісектің дауысы Көкектің дауысына ұқсап кететіні болмаса…
Бұл – кептер шамалас құс. Көкектің арқасы, мойыны, басы бірөңкей күлгін қоңырқай түсті болады, тек бауыр жағы ақшыл, көлденең қара жолақтары бар. Отырғанда үнемі аяқтарын бауырына алып, құрсағымен отырғандай көрінеді. Кәдімгі көкектің азығы – жәндіктер. Әсіресе, басқа құстар жей алмайтын улы, түкті күйе-құрттарды қынадай қырады. Сонысымен бұл құстар ауыл, орман шаруашылығына қыруар пайда әкеледі. Бірақ, бір жаманы – бұл құстар кездесе қалса басқа ұсақ құстардың ұясын бұзып, балапанын өлтіріп кетеді. Кәдімгі көкектің тағы бір «арамдығы» бар – ол жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салып кететіні.
Кәдімгі көкектің тағы бір ерекшелігі – жылы жаққа қайтқанда немесе оралғанда бұлар жеке-жеке және түнде ұшады.
Көкектің «Саңырау көкек» деген де түрі бар, оның Қазақстанда болатыны туралы дерек бар, бірақ, әзір ешкім суретін түсірмепті. Ал, Маңғыстауда ол түрі атымен жоқ деседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *