Судың тұздылығы, оның су жануарларына әсері

Судың тұздылығы, оның су жануарларына әсері

Жануарлардың ағзасы дұрыс дамып жетіліп, қалыпты мөлшерде қызмет атқару үшін олардың жасушалары мен ұлпаларының құрамында оттегі, сутегі, көміртегі қатарлы биологиялық макромолекула  түзуші негізгі  заттектермен қатар азот, фосфор, күкірт, калий, кальций, магний, темір, натридің болуы міндетті түрде қажет. Бұл заттектердің ағзаға атқаратын міндеті 1-кестеде  көрсетілді.  Басқа да түрлі заттектер  ағзада аз мөлшерде болса да болуы қажет.

Тұщы өзен мен көлдердің басым көпшілігінің суының құрамында ең аз дегенде  0,01-0,02%  еріген тұздары болады. 

Тұздылығы  0,05% — дан аспайтын суды тұщы су,  0,05-1,6% аралығында болса – тұздылау, 1,6% — дан артық болса тұзды су деп бөледі. Суда еріген тұздар өзен суымен ағып барып теңіз, мұхиттарға  жиналады. Сондықтан теңіз, мұхиттардың суы тұзға бай. Мұхиттың  1л  суында  33-38г (орташа мөлшері 35г/л)  тұз болады, яғни тұздың концентрациясы  3,5 пайызды құрайды. Су әмбебап еріткіш болғандықтан көптеген түрлі тұздарды ерітіп, сіңіреді.

Жауын-шашыны аз, жазы ыстық далалық аймақтарда суда еріген тұздардың  жауын-шашын суымен  сұйылып, концентрациясының азаюымен салыстырғанда  судың булануының нәтижесінде тұздың концентрациясының  молаюы біршама жылдам жүрілетіндіктен өзінен өзен, бұлақ ағып шықпайтын көлдердің тұздылығы мол болады. Мысалы, Қазақстанның далалық аймақтарында  жиі кездесетін көлдердің тұздылығы өте жоғары, Павлодар облысындағы  Маралды көлінің тұздылығы  270г/л, Қызылдақ көлінің тұздылығы 320 г/л-ге жетеді.

                                                    

1-кесте Тірі ағзаға міндетті түрде  қажет заттектер

және олардың атқаратын қызметі

Заттек

Химиялық белгісі

Ағзада атқаратын негізгі қызметі.

Азот

N

Ақуыз нуклеин қышқылдарын түзуге қатысады.

Фосфор

P

Нуклеин қышқылы, фосфолипидтер және сүйек ұлпасын түзуге қатысады.

Калий

K

Ерітінді түрде жануарлар жасушасында кездесетін негізгі заттек. Жасушада жүрілетін  зат алмасу үрдісін реттеуге қызмет атқарады.

Күкірт

S

Көптеген түрлі ақуыздардың құрамына кіреді.

Кальций

Ca

Жасуша қабықшасының өткізгіштігін реттейді, сүйек ұлпасының құрамына кіріп сүйектің беріктігін қалыптастырады.

Магний

Mg

Көптеген түрлі ферменттердің қалыпты мөлшерде қызмет атқаруына көмектеседі.

Темір

Fe

Гемоглобиннің және әртүрлі ферменттердің  құрамына кіреді.

Натрий

Na

Жасушааралық сұйықтардың құрамында ерітінді түрде кездеседі. Жасушаға әртүрлі заттардың  кіруін және одан шығуын реттейді.

Құрлықтағы тұщы су мен теңіз мұхиттың тұзды суының тұзының құрамында  да айырмашылық бар. Мұхит, теңіз сулары натрий, магний, хлорид, сульфат иондарына бай. Тұщы суларда кальций және корбонат иондары басым болады.

Сулы ортада тіршілік ететін жануарлар үшін өзінің денесіндегі судың мөлшерін тұрақты ұстап, денесіне мөлшерден тыс артық су кіруіне кедергі жасау мәселесі  туындайды. Егер жасушасындағы судың мөлшері қалыпты  жағдайдан асып кетсе ол  жасушаның ішкі осмостық қысымын өзгертеді де жасушада жүрілетін қызмет бабы бұзылады.

Теңіз, мұхитта тіршілік ететін көптеген жануарлардың денесіндегі тұздың концентрациясы оны қоршаған сулы ортадағы тұздың концентрациясымен бірдей болады. Судың тұздылығы өзгеруіне сәйкес олардың денесіндегі тұз иондарының концентрациясы сыртқы ортаның  (судың) концентрациясымен  теңеуге бағытталып өзгереді. Мұндай жануарлардың тері жамылғысының өткізгіш қабілеті жақсы болғандықтан денесінің ішкі сұйықтарындағы (цитоплазма, жасушааралық сұйықтар т.б.) тұздылық оларды қоршаған судың тұздылығынан аз болса суда еріген  тұз иондарын көптеп  қабылдап, яки денесіндегі тұздылық судың тұздылығынан көп болса тұз иондарын тері жамылғысы арқылы суға бөліп шығару арқылы теңіз, мұхиттық суының тұздылығымен денесінің тұздылығын теңестіреді. Басқаша айтқанда, мұхит теңіздегі кейбір жануарлардың денесінің ішкі сұйықтарындағы тұздың мөлшері  сыртқы судың тұздылығымен  бірдей болады.  Бұларды   п о й к и  л о о с м о с т ы   жануарлар деп атайды. Пойкилоосмостық  (грекше,   poikilos — әртүрлі, тұрақсыз;  osmos – қысым) жануарларға денесінің су мен  тұздылығын реттейтін  арнайы механизм дамымаған су жануарлары жатады. Пойкилоосмостық сипат теңіз, мұхиттарда тіршілік ететін көптеген төменгі сатыдағы омыртқасыз жануарларға тән. Судың тапшылығына ұшырап, тұздылығы артқан жағдайда олар белсенсіз  — анабиоз  күйге түсіп тіршілігін жалғастырады. Әсіресе теңіз жағасындағы көлшік, шалшықтарда, теңіз мұхиттардың жағалық (литораль) белдемінде тіршілік ететін талшықтылар, инфузориялар, шаяншалар және кейбір көптікенекті бунаққұрттар да  жиі кездеседі.

Денесіндегі сұйықтардың осмостық қысымын тұрақты молшерде сақтау арқылы судың тұздылығы азайып, молайып өзгеріске түскен кезде  денесіндегі тұздың деңгейін тұрақты сақтай алатын жануарлар  г о м о й о  о с м о с т ы қ   жануарлар тобын құрайды. Бұл топтың жануарларының денесіндегі сұйықтардың  (мысалы, қан плазмасының) концентрациясы олар тіршілік ететін судағы тұздардың концентрациясынан аз немесе көп  те болуы мүмкін. Егер жануарлардың қанындағы немесе ұлпалық сұйықтарындағы  тұздың концентрациясы  олардың тіршілік ететін суындағы тұздың концентрациясынан  әрқашан кем болатын болса,   ондай   жануарлар г и п о о с м о с т ы   жануарлар, ал егер судағы тұздың концентрациясынан артық болса —   ги п е р о с м о с т ы  жануар деп атайды.  Теңіз балықтары және кейбір теңіз шаяндары мен былқылдақ денелілері  ұлпаларындағы сұйықтың қысымын гипоосмостық бағытта қарқынды түрде реттей алатындықтан олардың денесіндегі тұздық  концентрациясы теңіз суының концентрациясынан  2,5-4 есе аз болады. Тұщы судың балықтарының  ұлпалық сұйықтарында кездесетін тұздардың концентрациясы теңіз  балықтарындағыдан  кем болмайды. Бұдан әрине, олардың гиперосмостық реттеу жасайтынын  аңғарамыз. Гомойоосмостық жануарлардың денесіндегі тұздың құрамы мен мөлшерін реттеуге  жануарлардың тері жамылғысы, бүйрегі қатарлы, зәр бөлетін мүшелері қызмет атқарады.

Судың тұздылығының азайып, көбеюіне төзімі аз жануарлар с т е н о г а л и о н д ы қ  жануарлар деп аталады. Су жануарларының басым көпшілігі тұздылықтың ауытқуына төзімсіз келеді. Тұздылықтың ауытқуына төзімді жануарлар  э в р и г а л и о н д ы қ   жануар деп аталады. Эвригалиондық жануар онша көп емес. Өзендердің тұзды көлдер мен теңіз, мұхиттарға құятын құйғанында  (эстуарии) тіршілік ететін кейбір жануарлар және теңіз, мұхиттарда тіршілік етіп, өзен, көлдердің тұщы суына уылдырық шашатын кейбір көшпенді балықтар тұздылыққа да, тұщылыққа да төзімділігімен (эвригалиндық) ерекшеленеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *